Урок Диктант Ас-адамны? ар?ауы
Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған І тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың ая бойынша алған білімдерін анықтап, сөздік қорларын, сауаттылығын тексеру.
Диктант
Ас-адамның арқауы
Адам әр уақытта тамақ ішпей тұрмайды. Ол алуан түрлі болады.Тамақ арқылы ағза қажетті мөлшерде ақуызбен, маймен, көмірсутегімен, минералды заттармен, дәрумендермен, сумен қамтамасыз етіледі. Әдетте тауық жұмыртқасы, ірімшік пен сүзбе таза ақуыздан тұрады. Ет пен балықта да ақуыз көп болады. Майлар да әртүрлі болады.Өсімдіктен алынатын сұйық майлар да аз емес. Қант пен крахмалда, ботқада, нанда, картопта, жеміс жидектердің құрамында көмірсутек көп болады.Адамға тәулік сайын күніне жүз грамм ақуыз, сексен бес грамм май, төрт жүз грамм көмірсутек қажет.
(79 сөз)
(Интернет желісінен. Қазақтың ұлттық тағамдары)