Машина тігістеріні? т?рлері. Ж?рмеу, шеттіктеу тігістер. Саба? жоспары (7 сынып)
7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Машина тігістерінің түрлері. Жөрмеу, шеттіктеу тігістер.
а) Білімділік: жаңа сабақты меңгерте отырып, білімдерін қалыптастыру. Машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру.ә) Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, көргендерін еске сақтап , оны қайта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке үйретуб) Тәрбиелік: жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.Сабақтың типі: ашық сабақСабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, түсіндіру, көрсетуСабақтың көрнекілігі: слайд, тігін машинасы, суреттерСабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, сабаққа, сарамандық жұмысқа әзірлігін тексеру.II. Үй тапсырмасын сұрау:1. Бастапқы шикізат түріне қарай химиялық талшықтар неше түрге бөлінеді?2. Синтетикалық талшықтарды қалай алады?3. Тұңғыш рет химиялық талшықты алған кім, қай жылы?4. Вискозалы талшыққа жалпы сипаттама5. Капронды маталардың кемшілігі6. Лавсан дегеніміз не?III. Жаңа сабақ. Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі – тігін машинасы. Осы тігін машинасының шығу тарихына жалпы құрылымына, құрылысына тоқтала өтейк.• XV – ғасыр – Леонардо да Винчи – тігін машинасының жобасын ұсынды.• 1755 жыл – Карл Вайзенталь – бір жіпті тігін машинасын ойлап тапты.1834 жылы – Уолтер Хант шөрнекті машина жасады1844-1845 жылы –Элиос Хоу бір қалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды1850-1851 жылы –Ален Уилсон мен Исаак Зингер қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі дүниеге келді1870 жылы – АҚШ-та Исаак Зингер – “Зингер” фирмасын ашты.1900 жылы – Ресейде Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашты.1917 жылы – Кеңес елінде Подольск қаласында тұңғыш механикалық зауыт іске қосылды. Машинаның сыртқы дизаиндары жасалып, фирманың белгісін жазатын болды.1850-1851 жылы –Ален Уилсон мен Исаак Зингер, қазіргі заманғы машина түрлерінің негізіТұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Бірақ олардың құрылысы, реттеуі және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ. Тігін машинасының қол машина, аяқ машина және электр машина деп аталатын түрлері барJANOME SW- 24 тігін машинасы• 1. Кері жүріс тетігі.• 2. Тігісті реттейтін құрылғы.• 3. Тігістің ұзындығын реттеуші.• 4. Тігістің енін реттеуші.• 5. Жіп орағыш стопор.• 6. Жіп орағыш шпиндель.• 7. Катушкалы өзек.• 8. Жіп орағышты бағыттаушы.• 9. Жіп бағыттағыш.• 10. Жіп тартқыш рычагы.• 11. Жіп берілісін реттеуші.• 12. Алдыңғы бөлік.• 13. Жіп кескіш.• 14. Жіп бергіш.• 15. Пластина.• 16.Қысу табанын ұстаушы.• 17.Инелі өзектің винті.• 18. Ине.• 19. Қысу табаны.• 20. Қосымша бөлік (аксессуарларды сақтау орны).• 21. Алып жүруге арналған ұстау тетігі.• 22. Айналма дөңгелек.• 23. Қосу тетігі.• 24. Электр желісіне қосатын бөлік.• 25. Бос жеңқап.• 26. Түймелік рычагы.• 27. Қысу табанын көтеру рычагы.Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері1. Жұмыс орнын ретке келтіру.2. Шашты жинап, жеңді қайыру.3. Машинада тіке, орындыққа толық жайғасып, денені жай ғана еңкейтіп, басты алға қарай иіп отыру керек.4. Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдынан түсуі керек.5. Тігін машинасын тікелей мұғалімнің жетекшілігімен іске қосу.6. Машина мен жұмыс орындаушының ара қашықтығы 20-30 см7. Аяқтар толығымен еденде немесе аяқ қойғышта (подставка) орнығуы керек.8. Машина үстінде артық заттар жатпау қажет.9. Машина тігісін бастарда бұйымда түйреуіштер немесе инелер болмауы тиіс.10. Жұмыс бастамай тұрып орналасуын тексеру (табанды реттегіш бұранда жақсы ұстап тұр ма, ине тесігіне тура келе ме).11. Матаны қойып, табанды түсірмей тігін машинасын жүргізуге болмайды.12. Тігістерді ауыстырғанда инені жоғары көтеріп қою.Машина тігістерінің түрлеріКиімді дайындау кезінде әр түрлі жұмыстар атқарылады: қолмен, машинамен, ылғалды-жылулық.Машина тігістері қолданылуына байланысты біріктіру, шет және әрлеуші тігіс болып бөлінеді.Біріктіру тігісі тігін бұйымының бөлшектерін біріктіру үшін қызмет етеді. Олар: сырып тігу, бастыра тігу, айыра тігу, жапсыра тігу, қосарлы және бүктемелі тігістер. Бұл тігістермен (бүктемелі тігістен басқасымен) таныссыңдар.Біріктіру тігістері иық, бүйір қиықтарын, жеңдерді, иініш, қалта, қатпарларды біріктіру кезінде қолданылады. Біріккен тігістерде бұйым бөлшектері тігістің екі жағында жатады. Мысалы, сырып тігілген тігісті жатқыза жөне айыра үтіктеуге болады. Айыра үтіктелген тігіс екі жағынан тігіммен бекітілген болуы мүмкін, яғни айыра тігілген.Бүктемелі тігіс ақ жайма, жейде пішімді блузка, ерлер жейдесін тігу кезінде қолданылады.Шет тігістері жаға, мойындық, өңір, қолтық ойындысы шеттері сетінеп кетпеуі және әрлеу үшін қолданылады. Шеттік тігістерге: жабық қиықты бүгіп тігу, жөрмеу, шеттіктеу (жиектеу)тігістері жатады.Жөрмелген тігіс өңір шеттерін, жаға, қаттама, қалталарды өңдеу кезінде қолданылады. Өңдеу кезінде бөлшек шеттерін біріктіріп жөрмеуден кейін бұйым өңін айналдыру, сонан соң шеттік жасап айналдыра көктеу қажет.Ашық қиықты бүгілген тігіс өңірдің ішкі жиегін, мойындық әдібін, қолтық ойындысын, бұйымның етегі мен жеңнің шетін өңдеу кезінде қолданылады. Бұйым етегін және жең қиығын өңдеу кезінде қиықтарды алдын ала арнайы машинада торлайды.Жабық қиықты бүгілген тігіс жібек және мақта матадан тігілген көйлек, блузка, ұйықтағанда киетін көйлектің етегін және бұйым жеңінің жиегін өңдеу кезінде қолданылады.Шеттіктеу тігісі үш түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты және ызбамен жиектеу.Қиықты қиғаш жиекпен ғана емес, негізгі және әрлеу матасынан көлденең жиекпен, сондай-ақ дайын ызбамен де жиектеуге болIV. Сарамандық жұмыс. Машина тігістерін тігу. Жұмысты ұқыпты, тігістерді түзу тігуV. Сабақты бекіту.1.Қай ғасырда тігін машинасының жобасы ұсынылды?2.Тігін машинасы не үшін қажет?3.Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ата4.Қандай машина тігістерінің түрлері бар?VI. Үйге тапсырмаМашина тігістерін аяқтап келу.