Т?рбие са?аты Отбасы ж?не мен (даяры? сыныбы)


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.
Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.
Тақырыбы: Мен және менің отбасым.
Максаты:
Отбасы және оның мүшелері туралы әңгімелеу.
Отбасы мүшелерін атай білуге және олармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету.
Ұйымшылдыққа және үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: әке, ана, ата, әже, аға, іні, әпке, сіңлі.
Іс-әрекет бөлімдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру. Сезімді ояту
Е. Өтетілеуұлының «Біздің шаңырақ» өлеңін оқу.
Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар
Отбасым мыналар:
Ең жақын адамдар –
Әкем және анам бар,
Бір туған анам бар,
Бір туған апам бар.
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін еремін, Өлең сөздерін бірге қайталайды. Отбасы мүшелерін атайды.
Ізденістер. Ұйымдастыру Балаларға ата-анасын, ересектерді тыңдап, кішкентайларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіреді.
Е. Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңі оқылады. «Отбасы дегеніміз -әкесі, анасы, олардың балалары мен ата, әжесі» деген бала ұғымына сай анықтамаға түсінік береді. Отбасы мүшелерін бір-біріне деген сыйластық, бауырмалдық біріктіретіндігін, олардың бір үйде тұратындығы, бірге үй шаруасымен айналысатындығын, бос уақыттарын бірге өткізетіндігін әңгімелейді. Сондай-ақ отбасындағы мерекелер мен сақталатын дәстүрлер, отбасындағы ересектердің мамандықтары туралы айтылады.
3. Сергіту сәтін өткізу
Орнымыздан тұрайық
Қарлығаш болып ұшайық.
Бір отырып, бір тұрып
Жақсы сергіп қалайық.
Әліппе-дәптермен жұмыс.

Тапсырмалар:
1. Өзің туралы айтып бер.
2. Суретте бейнеленген отбасы мүшелерін ата.
3. Отбасы мүшелерінің іс-әрекеті туралы әңгіме құрастыру.
6.«Бізде былай, ал сіздерде ше?»дидактикалық ойыны Балалар тыңдайды. Өз отбасындағы сыйластық туралы әңгімелейді.
Тәрбиешінің айтқандарын тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Өлең мазмұнына қарай қимыл-қозғалыс жаттығуын жасайды.
Өлең мазмұнына қарай сұрақтарға жауап береді.
Сурет бойынша с
сұрақтарға жауап береді, әңгімелейді.
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау
Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды.
Өз отбасыңда кімдермен тұрасың?
Атай, әжеймен қалай дұрыс амандасуға болады?
Әкең мен анаң саған риза болып қуану үшін не істеуің керек?
Балалар отбасындағы өздері атқаратын іс-әрекеттерін әңгімелейді.
Күтілетін нәтиже: отбасы мүшелеріне кімдер кіретінін білу.
Білуі тиіс: отбасы мүшелерін: ата-әжесі, ата-анасын, бауырларынқұрметтеу керектігін, есейгеннен кейін ата-анасына қамқорлық жасап, көмек көрсету өзінің парызы екенін білу.
Түсінігі: бірлескен еңбек іс-әрекеті ата-ана мен балаларды жақындастыратынын түсіну.
Көрсете білуі: сурет бойынша әңгіме құрастыра алады.
№ 45 бейімделген орта мектебі КММ
«Айгөлек» шағын орталығы
Тақырыбы:
Мен және менің отбасым
Пәні:Қоршаған орта

Орындаған : Утепова.З.Р