Сыныптан тыс ж?мыс: Ал?ысым шексіз анама


Бастауыш сынып мұғалімі: Сағымбекова Н.А.
Сынып: 2ә
Тақырыбы: «Алғысым шексіз анама !»
Мақсаты:Балаларға ана пейілі мен махаббатын сезіндіру, ананы ардақтай білуге тәрбиелеу. Бала бойына ананы сыйлау,құрметтеу,өнеге тұту қасиеттерін сіңіру,ана еңбегін қадірлей білуге баулу.
Өтетін орны: мектеп акт залы
Тәрбие сағатының жүргізілу барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а/ оқушыларды сахна төріне шығару,тұргызу
ә/ келген қонақтарды отырғызу
ІІ. Тәрбие сағатының ашылуы:
Мерей: Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын.
Нұрсұлтан: Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Мейрамбек: Құрметті аналар,құрметті арулар!
Өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі Сіздерсіздер!
Айым:Барша ана,құтты болсын мерекеңіз,
Әр қашанда ана сізбен берекеміз,
Ақтасақ ақ сүтінді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Бірге:
Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Бар баланы қуантып
Ұзақ өмір сүрініз.
Үн қатасың бал тілімен
Еркелейтін әр күні мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен
Айым:: «Алғысым шексіз анама !» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер
Хор: Анашым
«Балапандар» биі
Ән: «Ана» Нұрасыл
Мәнерлеп оқу
Елдияр: Бастадым сөзімді «Ана»деп мен,
Себебі анамғой мені адам еткен.
Өмірдің бар асылын бойына жиып,
Дүниенің ардақтысы анам екен.
Рамазан : Ананың алдында асқар тау да аласа,
Дүниенің жарық күні анамыз!
Жарық күннен қуат алған санамыз,
Ұлы болсаң анаменен данамыз.
Ержігіт: Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
Бейбарыс: Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білімбейтін
Маңдайымнан иіскеп менің
«Құлыншағым,күліп»дейтін.
Ән: «Алло» Нұрсұлтан-Мерей
Айым: Анамды мақтап етем
Ақсүтін ақтап өтем
Анам сау жүрсе өмірде
Арманыма жетемін
Өлең айтып беремін
Нанды алып келемін
Өйткені мен анамды
Өте жақсы көре
Айдана: Анам менің сүйкімді
Қарақаттай көздері
Жаныма жылы тиеді
Ақылмен іздеп сөздері
Мөлдір: Айналайын анашым
Ақылы асқан данасың
Балаң үшін не керек
Бәрін іздеп табасың
Ән «Бол жанымда» Елдияр
Ән « Бұлбұлдар сайрайды» Мейрамбек
Нұрасыл: Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтайымыз мейраммен
Ардақты абзал аналар
Арай: Әр ананың арманы
Баласы жақсы болғаны
Орындалса сол тілек
Орындалар қалғаны
Айғаным: Ең қымбатты өмірде
Ана екенін білеміз
Ана жанын түсініп
Ойнаймыз да күлеміз.
Айгерім: Анашым ақ сүт беріп өсірген
Қатемді меннен талай кешірген
Төрт бөліп түн ұйқысын әлдилеткен
Айналдым ана деген есіміңнен.
Жарқынай: Құтты болсын анашым
Мерекесі наурыздың
Қасымда бол әрқашан
Жансыз жапық жұлдыздың
Тілейді бақыт бір саған
әлпештеген ұл-қызың
Би «Вальс»
Ән « Алтын ана» бірге
Мерей: «Алғысым шексіз анама !» атты тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз.
Бірге:
Анаң болса қасында
Бақыттысың күнде сен
Анаң болса жаныңда,
Жайма шуақ күнсің сен.
Аналарға мың алғыс
Бізге өмір сыйлаған
Аналарды сыйлаған
Біздер үшін жан қиған
/аналарға сыйлық тапсыру/