?аза? тілі саба?ынан Зат есім та?ырыбында саба? жоспары
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 3
Уакыты: Сабақтың тақырыбы: Зат есім (3 – сағ.)
Құзыреттіліке жеткізетін сабақтың
максат - міндеттері:
а)акпараттық құзыреттілік:
ә)коммуникативтік құзыреттілік:
б)проблеманы шешу құзререттілігі: Ақпарат арқылы зат есіммен оның ерекшеліктерін меңгерту
Ауызша және жазбаша тілде зат есімді күнделікті өмірде дұрыс әрі тиімді қолдана білуге дағдыландыру
Сабақта машықтық жұмыс арқылы зат есімді тиімді қолдана білуін қалыптастыру, білімге құштарлығын арттыру
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Ынтымақтастық, білім беруді ізгілендіру, ойын, дамыта оқыту, жеке дара оқыту.
Сабақтың әдісі: Көрнекілік, машықтық.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану.
Оқыту құралдары: Ережелер, плакат, топшамалар.
Сабақтың барысы: Мұғалімнің қызметі Оқушының қызыметі Күтілетін нәтиже
Ұйымдастыру бөлімі: Амандасу, түгендеу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқу құралдарының дайындығын тексеру. Амандасау, кезекшілік міндеттерін атқару.
Сабаққа дайындалу.
Сабаққа даярлық ұйымдастырып, оқушылардың зейінін аудару.
Үй тапсырмасын тексеру: – жаттығу.
Саған адам бойындағы қандай
қасиеттер ерекше ұнайды? – деп сұрады әкесі баласынан.
Еңбек .... , білім .... , адам ... ,
деп жауап берді баласы.
Адам бойында тағы қандай
жақсы қасиеттер болуы керек?Жаз.
– жаттығу. Мәтінді оқы.
Баланың жаубынан зат есімдерді тап. Ол сөздерге сұрақ қой.
Еңбек- не? , білім – не?, адам- кім?
Байсалдылық, мейрімділік,
отаншылдық, адалдық, сөзге берік, антқа адал жан. Өткен материалды қаншалықты деңгейде түсінгендері анықталады.
Өткен материалды қайталау
арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық. *Мақалды оқы, мағынасын түсін.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Мақалды жатқа жаз.
Зат есімдердің астын сыз. 83528213161700 * Туған жердей жер болмас,
79409312499200 Туған елдей ел болмас.
Әр адамға өз туған жері ыстық, оған тең еш жер болмасы аңық. Мақалды жатқа жазады, мағынасын ашып түсіндіреді.
Жаңа материалды түсіндіру. жаттығу.
Жүр, тігілген үйлерді көріп келейік, - деп шақырды Әсет.
Кеттік, - деді Есет.
Көрсек, көрейік, - деді Әсел.
Мен де көремін, - деді
кішкентай Аяжан.
Алдымен үйдің ішін түгел
аралап шығайық, - деді Есет.
Үйдің ішіндегі заттардың атын
білесіңдер ме? Атаңдаршы, - деді Әсел балаларға.
Текемет, сандық, көрпе,
жастық, түрлі ыдыстар, - деді Әсет.
Қандай ыдыстар бар, аттарын
атаңдар, - деді Әсел.
Тстаған, табақ, кесе,
қасық,ожау, шара, - деп, балалар жарыса жауап берді.
Бұйым мен ыдыс атаулары
жалпы есім мен жалқы есімнің қайсысына жатады? 1- жаттығу.Мәтіндә оқы. Алдымен бұйымдардың, содан кейін ыдыс атауын теріп жаз.
Текемет, сандық, көрпе,
жастық,
Тстаған, табақ, кесе,
қасық,ожау, шара
Жалқы Мәтінді оқып, ыдыс пен бұйым атауларын теріп жазады.
2 – жаттығу.
Адамның аты –жөні: Оразұлы, .... , ....
Жер аттары: Сарыарқа, ... , ..... ,...
Өзен–көл аттары: Балқаш,.... , ... , ...
Тау аттары: Қаратау, ..... , ...., ....
Қала аттары: Жаркент,... , .... , ....
Бұл сөздер неге бас әріппен
жазылады? Бас әріппен жазылады?Бас әріппен сөздер қалай аталады? 2 – жаттығу. Сөздер тобын толықтырып жаз.
Адамның аты –жөні: Оразұлы, Асылжан,Асылхан, Өтепов, Расулқызы
Жер аттары: Сарыарқа, Алакөл, Аягөз
Өзен–көл аттары: Балқаш,Есіл, Жайық,Іле
Тау аттары: Қаратау, Сарытау, Алатау
Қала аттары: Жаркент, Орал, Астана,Тараз
Сергіту сәті: Аю маң-маң басады,
Бұғы үркіп қашады.
Орман іші көңілді,
Ағаштан қар себілді. Бірге орындайды Сергіту сәті арқылы бойлары тынығады.
3 – жаттығу.
Алматы – алматылықтар,
Панфилов – ..... ,
Астана – ..... ,
Суворов – ..... ,
Семей – ..... ,
Америка – ..... , 3 – жаттығу. Жалқы есімдерді жалпы есімге айналдырып жаз. Олардың неліктен кіші әріппен жазылатынын түсіндір.
Алматы – алматылықтар,
Панфилов – панфиловшылар,
Астана – астаналықтар,
Суворов – суворовтықтар,
Семей – семейліктер,
Америка – америкалықтар.
Жалқы есімдерді жалпы есімге айналдырып жазды.
4 – жаттығу.
Кендірден кенеп шығар,
Кенептен елек шығар,
Електен кебек шығар,
Кебек те керек шығар.
Қосымшалы зат есімді бір
бөлек , түбір күйіндегі зат есімді бір бөлек жаз.
Қосымшалы зат есімдердің
түбірі мен қосымшасын ажырат.
Бұл сөздердің мағынасын
түсіндір. 4 – жаттығу. Жаңылтпашты жатқа айт.
250396-7843621099123962114991239620Кендірден кенеп шығар,
20900122207546100123190062109919101Кенептен елек шығар,
76835-635004959351257300546581-3724011430-38100546958-3381Електен кебек шығар,
49720520955011499-1150Кебек те керек шығар.
Қосымшалы: кендірден, кенептен, електен.
Түбір күйі: кенеп, елек, кебек,
Кендір- ден, кенеп- тен, елек- тен.
Кендір –мықты, берік жіп
Кенеп –
Елек – илеуіш
Кебек- малға беретін жем Жаттығуды талдап, тапсырмаларын толық орындайды. Мағынасын ашып түсіндіреді.
Жаңа білімді бекіту Тапсырма: *Берілген зат есімдерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
Әже, дәрігер, жазушы, іні, суретші Әже өз немересіне өмір жайлы аңыз әңгімелер айтты. Дәрігер балаларға дұрыс тамақтануды ұсынды.Айбар болашақта жазушы болғысы келеді. Іні Суретші табиғаттың өзіне ұнаған тылсым күшін бейнеледі. .
Құзіреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттерді орындай отырып сабақ өз мақсатына жетеді.
Сабақ қорытындыланады
Үй жұмысы: – жаттығу.
Бір күні Қоян орманда Қасқырға кез болыпты.
- Мен ашпын, қазір сені жеймін!- депті Қасқыр.
Аңдардың аты неге бас әріппен
жазылғанын түсіндір. 5– жаттығу. Ертегіні аяқта.
- Мен ашпын, қазір сені жеймін!- депті Қасқыр.
- Жемеші, мен саған оданша билеп берйін деп жалынады.
Ал, билесен биле көрейін – деді
Қасқыр.
Қоян шыр айнала билей бастайды да, Қасқырдың көзін баға қаша жөнеледі.
Себебі, Қасқыр,Қоян жалқы
есімдер. Ертегіні аяқтайды.
Қортынды Үй тапсырмасытүсінікті ме?
Сұрақтарыңыз барма?
Сау болыңыздар! Иә
Жоқ
Сау болыңыз! Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.