Т?бір с?з бен туынды с?з ашы? саба?


Қазақ тілі 3 сынып 17.01.17ж
Сабақтың атауы Түбір сөз және туынды сөз 34-39 жатт.
МақсатыКүтілетін нәтиже
Сабақтың мақсаты: негізгі түбір мен туынды сөздерді салыстырта отырып, жұрнақтың қызметін түсіндіру; туынды сөздердің түбірін табуды үйрету; сөздік қорын дамыту.
Оқушылар жұрнақ жалғанғанда сөз мағынасы өзгеретініне,ал жалғау жалғанғанда сөз бен сөз байланысатынын меңгереді.
Сабақта қолданылатын әдістер: «Топтастыру» стратегиясы.
Сабақ түрі: Қайталау сабағы.
Психологиялық дайындық. Мнемотәсіл технологиясы.

Аппақ, аппақ қар аппақ,
Қар жамылған, дала аппақ.
Қырау, қырау тал аппақ
Айналаның бәрі аппақ.
Балалар мына өлең қай жыл мезгіліне байланысты?
Ендеше барлығымыз жұмыс дәптерімізді ашамыз, бүгінгі күнді жазып ҚҚ әрпін көркем жазу.
Мағынаны тану
Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларға сұрақтар қою «Тақия» ойыны
1.Түбір дегеніміз не?
Сөздің одаң әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір дейміз: Мысал келтіру
2.Жұрнақ дегеніміз не?
Сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағнасың өзгертетін қосымшаларды жұрнақ дейміз.
3.Жалғау дегеніміз не?
Сөздің мағынасын өзгертпей, түбірге жалғанатын қосымшаны жалғау дейміз
Оқулықпен жұмыс Өз бетімен жұмыс Топтық тапсырма
34-жатт.Оқушылар оқып,жатқа орындалады.
Қосымшалы сөздердің қосымшаларын тиісті белгімен белгілейді.
35-жатт.Туынды сөздерді тауып, олардың мағынасын тусіндір.
Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.
36-жатт. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау.
Құдық-тан ,төл-дер-ді,үй-ге,ой-нап
Сергіту сәті.
Ла, ла, ла,
Ұшып келді шағала,
Шы, шы, шы,
Біз тәртіпті оқушы.
Ші, ші, ші,
Менің әкем етікші.
Лар, лар, лар,
Біз үлгілі балалар.
37-жатт. Жұмбақтарды шешіп, шешуін табу.
Бөрік,көрік,қарын сөздеріменсалыстырып,олардың жазылуындағы өзгешеліктерді байқату.
38-жатт. Сәйкестендіру
Тубір мен қосымшалы сөздерді сәйкестендіру,олардың бір-бірінен өзгешелігін табу.
Ой толғаныс Шығармашылық тапсырма
Бүгінгі сабақтан не түсіндік? Сұрақтар қою
1.Түбір дегеніміз не?
2.Туынды сөз дегеніміз не?
3.Туынды сөзге мысал келтір   Әр топқа сөздер беріледі. Сол сөздерден жаңа сөздер жасау.     
Шығару парағын тексеру.
Білемін Білдім Білгім келеді
     Үйге тапсырма39 .-жатт. 125 –бет.
Күнделіктеріне жазып алады Қорытынды.
Жалғау
Сөзбен сөзді байланыстырады
Жұрнақ
Жаңа сөз тудырушы

қосымша

Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады Кері байланыс
«Пікір ағашына» жапсыру Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады