Ана тілі п?нінен саба? жоспары Сурет саба?ында 1-сынып
№ Күні:
Ана тілі
1 сынып
Тақырыбы: Сурет сабағы. Суретші ата Қастеев. Сөйлем.
Мақсаты:
Білімдік-біліктік: Оқушыларда сөйлем туралы ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, оқу-жазу дағдыларын жетілдіру.
Ұштастыра дамытушылық: Олардың сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа білімді меңгерту
Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап.
Формасы: дербес
Көрнекілік: сюжетті суреттер, ребус.
Пәнаралық байланыс:
Оқу үрдісінің тәртібі:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ.Психологиялық кезең:
ІІІ.Үй тапсырмасын зерттеу:
ІV. Калиграфиялық диктант
V. өткенді қайталау.
-Сөйлем неден құралады?
-Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
-Сөйлемдегі бірінші әріп қалай жазылады?
-Сөйлем соңында қандай тыныс белгілері қойылады?
155-жаттығу. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып көшіріңдер. Сөйлем соңында қандай тыныс белгілері қойылған?
Көйлекті ... тігеді? Көйлекті матадан тігеді?
... нені сүттен ұйытады? Айранды сүттен ұйытады?
Алманың дәмі ... ? алманың дәмі тәтті?
...түсі қызыл? Шиенің түсі қызыл.
Құстың қанаты ...? құстың қанаты екеу.
156-жаттығу. Жаңылтпашты жатта. Сөйлем соңында қандай тыныс белгісі қойылған?
Жаңылтпаш
Қарындашыңның ұшын үшкірлеп ұшта,
Үшкірлеп ұштап, сақтап ұста!
«Сурет сабағында» өлеңді мәнерлеп оқимыз.
-Сұрақтарға жауап беру.
Суретші болу үшін не қажет?
Өзің қандай сурет салғанды ұнатасың?
Суретшілерден кімдерді білесіңдер?
Атақты суретшілердің бірі – Әбілхан Қастеев.
Әбілхан Қастеев- атақты суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы. 1904 – 1973. Туған жері Алматы облысына қарасты Жаркент қаласының жанындағы Шежін ауылы. Николай Гаврилович Хлудовтың студиясында оқыды, кейін Мәскеу қаласында Крупская атындағы көркем судиясында жалғастырды. Темір жолда жұмыс істеді, анасы өте шебер адам болған, алаша, кілем тоқыған. Әбілхан жас кезінен суретке құмар болған. Анасына ою өрнек салуға көмектескен. Оның көптеген суреттері бар.
Қорытынды
Бағалау
Үй жұмысы: 170 бет өлең жаттау