О?ушылар?а Ыбырай Алтынсарин ?мірі мен шы?армашылы?ы туралы ?ыс?аша ма?л?мат ала отырып, ?зара білім алмастыру.
Пәннің аты
Әдебиеттік оқу Уақыты: 9.45 Кабинет:18 Мұғалім:
Хамзина Б.И.
Сабақтың атауы Ы.Алтынсарин «Таза бұлақ»
Мақсаты
Күтілетін нәтиже Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мағлұмат ала отырып, өзара білім алмастыру. Әңгіменің тақырыбы мен автор идеясын ашу, әдеби тұрғыдан талдау жасау дағдыларын қалыптастыру. Жұмыс нәтижесі|: Ы.Алтынсариннің шығармашылығы туралы біледі.Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.Сабақтың түрі: ізденіс сабағыӘдіс - тәсілі: АКТ-ны қолдану, Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс, Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. СТО әдістері Ресурстар: слайд, Ы. Алтынсарин портреті, асық, суреттер, постер, маркелер, интерактивті тақта, комьпютер.
Психологиялық ахуал «Сәлем сөздің анасы» тренинг өткізу
-Сәлем достым (қол беріп амандасу)
-Сен қалайсың? (иықтарын қағады)
--Қайда болдың? (құлақтарын тартады)
-Мен сені сағындым (қолдарын жүрекке қояды)
-Сен келдің (Қолдарын жаяды)
-жақсы болды (қатты құшақтайды)
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді
і.
Қызығушылықты ояту Топқа бөліну асықтар арқылы
1-топ «Бұлақ»
2-топ «Қайнар»
3-топ «Бастау» Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Білу Өткен тақырып бойынша білімін анықтау.
Қысқы ойын түрлерін айту.
Үй тапсырмасын тексеру бойынша «Қар лақтыру» ойынын ойнау.
Балалар өздері сұрақ жазады сол сұрақты бір-біріне жолдайды. Алған бала жауап береді.
Түсіну Интерактивті тақтадан Ыбырай Алтынсариннің беріп жатқан сабағынан үзінді көрсету.
-Балалар бұл кім?
-Ы.Алтынсарин
Ендеше осы атамыз туралы толық мағлұмат алу үшін мен сендерге мәтін беремін. Сендер бұл мәтінді толық оқып танысасыңдар. Бірақ түсініп оқимыз.
Уақыт болғанда оқушыларды ортаға шығарып «Білім кілті» кілтті арқылы оқушылар бір-бірінің сөзін қайталамай автор туралы алған білімдерін ортаға салады.
Берілген мәтін.Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Алтынсарин ауданында дүниеге келген. Ата - анасы жастай қайтыс болған ол нағашы атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болады. Ол немересін 1850 жылы Орынбордағы орыс - қазақ мектебіне береді. Оны 1857 жылы Ыбырай үздік бітіріп шығады да, халыққа қызмет етуді бастайды. 1864 жылы алғаш рет Торғайда мектеп ашады. 1879 жылы Орынборда «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын шығарды.1889 жылы 48 жасында ауыр науқастан қайтыс болды.Шығармалары:Өлеңдері: «Өзен», «Жаз»Әңгімелері: «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейтқұл», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» т. б.
Қолдану Оқулықпен жұмыс.Басты проблема – әңгіменің неліктен «Таза бұлақ» аталуы?Әңгіменің мазмұнын ауызша баяндап, түсіндіру.Оқушылардың өз бетімен жылдам әрі мәнерлеп оқу жұмысын жүргізу.
Дәптермен жұмысСөздік жұмысы.Ғибрат алу – үлгі алу.Топпен жұмыс.1 - топқа тапсырма: 5-жолды өлең жазу2 - топқа тапсырма:Рөлдік ойын.Әңгімені рөлге бөліп оқу.3 - топқа тапсырма. Бұлақ сөздеріне ассоциация жасау.
Сергіту сәті «Ақ бұлақ» өлеңі арқылы сергіту сәтін өткізе отырып, әрі оқушыларды қызықтыру, әрі жаңа сабақ мазмұнын аша түсу. Ой сергітеді,
шаршағандары
басылады
Жинақтау «Бақытты сәт» ойыны
-Әңгіменің авторы кім?
-Ы.Алтынсарин қай жылы дүниеге келген?
-Ы.Алтынсарин қай облыста туған?
-Әңгімеде неше жолаушы болжды?
-Қара таста не деп жазылып тұрды?
Үйге тапсырма «Су тіршілік көзі» тақырыбына эссе жазу Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Желкінді қайықтарын қалаған түске бояп жапсырады. жабыстырады