?орша?ан ортамен таныстыру Мені? Отаным ?аза?стан
Білім беру саласы :Қатынас
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан
Мақсаты: Балаларды отансүйгіштікке ,Отанына,халқына адал қызмет етуге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге,Тәуелсіздіктің 20 жылдығы туралы әңгімелеу.
Көрнекілігі: Менің Қазақстанымның суреттері.
Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңберге тұрғызу
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге! Шаттық шеңберге тұрады
Орындайды
Ұйымдастыру , іздену Балалар біз қайда жасаймыз?
Дұрыс айтасыңдар Ендеше бүгінгі сабақта «Менің Отаным –Қазақстан!» туралы әңгімелейміз.
Отан деп отырғанымыз (сурет арқылы көрсетейін)
Менің Отаным-бұл:
Жанұя,ауылымыз,бауырымыз,Астанамыз, достарымыз
Кәне, кім Отан туралы тақпақ айтады?
Біздер бір-бірімізбен қай тілде сөйлесеміз?
Біз қандай ұлтпыз?
Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Міне, балалар біздің Тәуелсіз Қазақстан болғанымызға биыл 20 жыл толып отыр. Осы 20 жыл ішінде көптеген игі істердің куәсі болдық.
Елбасымыз кім?
Ендеше 1991 жылы 16 желтоқсан Тәуелсіздік алған күніміз, Елбасымыз таққа отырған күн.
1992 жылы Рәміздеріміз бекітілді.
Рәміздерімізге нелер жатады?
Сергіту сәті орындалады
Біздің Отанымыз қандай болу керек? Деген ойын ойнап көрейік.
Шарты:
Жерде қазақстанға байланысты бірнеше суреттер беріледі. Сол суреттерді ақ плакаттың бетіне қандай сурет жапсырмалағанын айтып береді.
«Сиқырлы таяқша» ойынын ойнату арқылы сұрақ қойып қорытындылау. Қазақстанда
Әнұранды тыңдайды
Отан- сенің ата-анаң
Отан-досың бауырың
Отан -өлкең астанаң
Отан –аудан ауылың
Ана тілінде,қазақ тілінде
Н.Ә.Назарбаев
Ту,Елтаңба,Әнұран
Сергіту сәтін орындайды
Ойынды қызыға ойнайды
Сұрақтарға жауап береді
Рефлексивтік түзету Балалар бүгінгі сабақ ұнадыма ?
Бүгін біз немен таныстық?
Өте жақсы , ендеше әрдайым Отансүйгіш болып өсеміз!
Балаларды мадақтау. Ия , ұнады
Қазақстанмен таныстық
Күтілетін нәтиже:
Білу: Отанымыздың 20 жыл ішінде біраз жетістіктерге жеткендігіміз және Отанымыз Қазақстан екенін білу.
Меңгеру :Отан туралы өлеңдерді айта білу.
Игеру: Отан туралы жақсы ойды игеру