?орша?ан ортамен таныстыру Жолда ж?ру ережесін са?тайы? ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті


Күні:
Білім беру саласы: «Таным. Әлеуметтік орта».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтайық.
Мақсаты: Ойын арқылы балаларға жолда жүру ережелерін үйрету. жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Көше жағдайында кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту. Көше, жол, жаяу адам жүретін жол туралы түсініктерін жетілдіру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, жаяу жүргіншілер өтетін жер, «Алғашқы дәрігерлік көмек», «Жанармай станциясы», «Тамақтану орны», «Машина қоятын жер», «Демалыс орны»
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Үштілдік компонент: Бағдаршам- светофор-traffic-light, көше- улица-street, жол белгілері-дорожные знаки-sign boards.
Сөздікпен жұмыс: бағдаршам, көше, жол белгілері
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.
Тәрбиеші: -Балалар, бізде бүгін ерекше күн, бүгін біздің тобымызға көптеген қонақтар келіп қапты, қане бәріміз, амандасайық:
-Сәлеметсіздер ме, Здраствуйте, Гуд монин.
Кане бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбына сай өлең жолдарын айтайық:
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз
Сақтанғанда қатерден
Сау саламат жүреміз Балалар шаттық шеңбер құрып қонақтармен үш тілде амандасады өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.
Ұйымдас-тырушылық-ізденістік Тәрбиеші: -Сендер таңертен балабақшаға келгенде немесе ата аналарыңмен қыдырып жүргенде қандай жолмен жүресіңдер?
-Неліктен жол жиегіндегі жолмен жүреміз?
-Балалар, мен сендермен көлікке отырып бүгін қалаға серуенге шықсақпа деймін, қалай қарайсындар келісесіндер ме? Олай болса мына сиқырлы сөздерді бірге айтайық көше- улица-street, жол белгілері-дорожные знаки-sign boards.
(көшенің дыбысы естіледі)
Жүгіріп қоян келеді.
Тәрбиеші: -Қоянжан саған не болды?
Қоян: Жолда велосипед тебемін деп көлік қағып кете жаздады. Енді қолым ауырып тұр.
Тәрбиеші: -Қоян сен жол ережесін білмегендіктен жол апатына тап болдың.
Балалар, велосипепен қай жерде жүреді?
-Кәне балалар олай болса бәріміз көлікке отырайық алдымен Қоянды ауруханаға апарайық, жол жөнекей мен сендерді жолдағы белгілермен таңыстырамын.
-Балалар мынау қандай белгі (автобус аялдамасы)?
-Дұрыс айтасындар балалар, бұл жерге автобус тоқтайды. Аялдамада дәрігер апай тұр екен оны өзімізбен бірге ала кетейік.
Айкүміс апай жүріңіз біздің көлігімізге отырыңыз біз сіздің ауруханаға барамыз.
-Балалар көлігімізде жанармай таусыла бастапты кім жанармай құю станциясын көріп тұр?
-Рахмет сендерге балалар. Сендер болмасандар мен өтіп кететін едім.
-Балалар көліктің жылдамдығын азайтайық мына жерде «Абайлаңыз балалар» деген белгі тұр екен, ескерту белгілері қандай пішіндес? Түсі қандай?
-Балалар көлікпен тікелей ауруханаға бара алмайды екенбіз көлігімізді көлік тұратын тұраққа қояайық. Ол қайда екен?
Қоян: міне «Р» деген әріп тұр.
Тәрбиеші: -Жоқ қоянжан ол «Р» әрпі емес ол ағылшынша «паркинг» деген сөзден қысқартылып алынған.
-Жүріндер көліктен түсіп жолаушыдан жаяу жүргіншіге айналайық.
Балалар сендер көлікте отыра отыра шаршаған шығарсындар мына жерде демалыс орны деген белгі бар екен сол жерге барып сергіп алайық
Сергіту сәті: «Бағдаршам» ойыны
Шарты: Балалар дөңгелене тұрады қызыл түсті көтергенде –балалар бір адым артқа жылжиды. Сары түсті көтергенде қол шапалақтайды, жасыл түсті көтергенде орнында тұрып жүреді.
Жақсы балалар, енді абайландар алдымызда көліктер жолы бар оңға солға қарайық бағдаршамды табайық.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын ойланып тауып көріңдер.
Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ тоқта жүр дейді.
-Бұл не екен балалар?
-Балалар қалай ойлайсыңдар, бағдаршам не үшін керек?
Бағдаршам неше көзі бар? Қандай?
-Бағдаршамның көздерінің қызметін айтып беріңдерші?
Қандай көзі жанғанда тоқтаймыз?
-Жарайсыңдар, балалар бағдаршам жайлы біледі екенсіңдер? Енді жол белгілері туралы әңгімелесеміз.
-Балалар мына жолдың арғы бетіне өту үшін не істейміз?
-Дұрыс айтасыңдар, қане бағдаршамға қараймыз?
-Бағдаршамның қандай көзі жанып тұр? Не істейміз?
-Ал мына жерде бағдаршам жоқ екен. Тәрбиеші балаларға жол бетіндегі «жолақша жол» белгісімен таңыстырады
Бірақ мұнда белгілері тұр, бұл белгі нені білдіреді?
-Жаяу жүргіншілерге арналған белгі екенін қайдан білдіңдер?
-Балалар ауруханаға да жетіп қалдық, мына белгіні көріп тұрсындар ма? Бұл белгі жақын манда аурухана бар дегенді білдіреді екен.
Міне ауруханаға да келіп жеттік олай болса Айкүміс апай қоянның қолын танып берсін.
-Ия келісеміз.
Балалар үш тілде сөздерді қайталайды.
-Велосипедпен жүруге болады деген белгісі бар жерде жүру керек.
Балалар көлікке отырған сынай танытады.
-Автобус аялдамасы
-Ия бірге ала кетейік.
-Рахмет
-Әне жанармайдың белгісі тұр.
-Ия көріп тұрмыз
-Үшбұрыш, қызыл.
Балалар көліктен түседі
Бағдаршамның түстеріне сәйкес қимыл әрекеттер жасайды.
Балалар жол белгісін көрсетеді.
Балалар қолдарындағы жалаушаны көтеріп, жолдың келесі бетіне шығады.
Бағдаршам.
-Машиналар бір бірімен соқтығысып қалмау үшін.
-Адамдардың жолдан өтуі үшін.
-Бағдаршамның үш көзі бар.
Олар:қызыл, сары жасыл.
Бағдаршамның қызыл көзі жанса тоқтаймыз, сары көзі жанса дайындаламыз, жасыл көзі жанса жүреміз.
-Жол жиегіндегі жолмен жүреміз.
-Бағдаршамға қараймыз.
-Жасыл көзі жанды біз жүреміз. Ал машиналар тоқтайды.
Бұл белгі жаяу жүргіншілерге арналған белгі.Бізге жүре беруге болады.
-Ақ сызықтар және адамның белгісі тұр.
Жолдың үстіне де ақ жолақтар жүргізіледі.
«Рефлексиялық түзетушілік Педагог сұрақтар қоя отырып, балаларға жол белгілері, жол қиылысы, көлік жолы, жаяу жүргіншілер жолы туралы ақпарат береді. Сонымен қатар жолдан ата аналарының көмегімен өту керектігін, жаяу адамның көлікті аялдамада күтетінін, көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай, тәртіп сақтау керектігін түсіндіреді.
-Қайтатын уақытта келді.
Қане балабақшамызға оралайық.
Педагог балаларды екі топқа бөледі. Топқа келеді.
Балаларды екі топқа бөледі.
Дәптердегі берілген тапсырманы орындайды.
Күтілетін нәтиже:
біледі: жаяу жүргіншілер жолы,жол жиегіндегі жол тратуар жол қиылысы;
игереді: жаяу жүрген кезде бағдаршамға және белгілерге қарау керек екендігі,жаяу, жүргіншілер жолы,жол жиегінде жол;
меңгереді:жол белгілері,олардың мағнасын,көлікте басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтайды.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне өзіндік талдау
Күні:
Білім беру саласы: «Таным. Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таңыстыру
Тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтайық.
Мақсаты: Ойын арқылы балаларға жолда жүру ережелерін үйрету. жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Көше жағдайында кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту. Көше, жол, жаяу адам жүретін жол туралы түсініктерін жетілдіру.
Көрнекіліктер: бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, жаяу жүргіншілер өтетін жер, «Алғашқы дәрігерлік көмек», «Жанармай станциясы», «Тамақтану орны», «Машина қоятын жер», «Демалыс орны».
Алдын ала жүргізілген жұмыс: әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: бағдаршам, көше, жол белгілері
Үштілділік компонент: Бағдаршам- светофор-traffic-light, көше- улица-street, жол белгілері-дорожные знаки-sign boards.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысқан орта топ «Қарлығаш» тобы, 15 бала қатысты. Күнтізбелік – тақырыптық жоспар бойынша «Жолда жүру ережесін сақтайық» тақырыбы алынды.
Бірінші ұйымдастырушылық немесе мотивациялық қозғаушы кезеңінде балалардың оқу іс- әрекетіне назарын аудару үшін яғни, зейінін жинақтау үшін шаттық шеңбері ұйымдастырылды. Балалардың үш тілді меңгеруіне байланысты үш тілде сәлемдесті. Шаттық шеңбері тақырыпқа сай ұйымдастырылды. Ал балалардың қызығушылығын тудыру үшін балаларға көшеге саяхатқа шығатынымыз жөнінде айттым, осы кезде қолын жарақаттап алған Қоян келді. Ізденушілік немесе қойылған тапсырманы орындау кезеңі бойынша Қоянды ауруханаға жеткізбек болдық. Балалардың сөздік қорын байыту мақсатында жаңа сөздерді сөздік жұмыс арқылы айтып үйрендік. Сұрақ-жауап тәсілі арқылы жетектеу сұрақтар қойылып тақырыпқа кіріспе жасалынып балалардың жол белгілері туралы түсініктерін кеңейттім, қызығушылықтарын арттыра түстім. Балаларды шаршатпау үшін сергіту сәтін уақтылы ұйымдастырдым. Жолда «Тоқта» белгісінің қасында балалар «Қиылған суреттер» тапсырмасын орындады. Оқу іс-әрекеті ары қарай жалғастырылды. Заттардың белгілі бір түсі мен мөлшерін ажыратуға жаттықтыру мақсатында бағдаршаммен және жаяу жүргіншілерге арналған жолмен таныстырдым. Әр белгінің қасына келген сайын үш тілді компонентпен жұмыс жасап балаларға қайталаттым.
Ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша бекіту сұрақтарын қоя отырып «Болады, болмайды» дидактикалық ойыны ойнатылып, балалардың тақырыпты меңгергенін анықтадым. Ұйымдастырылған іс-әрекет ойдағыдай өтіп, тақырыпты түсіндіре алдым деп есептеймін.