П?ні: ?дебиеттік о?у Саба?ты? та?ырыбы: А.??нанбаев. ?ыс Саба?ты? ма?саты: аБілімділігі: О?ушылар?а жа?а саба?ты т?сіндіре отырып, Абай ??нанбаев туралы ма?л?мат беру


Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев. Қыс
Сабақтың мақсаты:
а\Білімділігі: Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіре отырып,
Абай Құнанбаев туралы мағлұмат беру
ә\Тәрбиелілігі: Тазалыққа , адалдыққа , батыл болуға,
тәртіпті болуға тәрбиелеу.
б\Дамытушылығы: Оқушылардың өз ойларын
жеткізе білуге, іскерлік дағдыларын, есте сақтау
қабілетін дамыту.
Пән аралық байланыс: жаратылыстану
Әдісі: сұрақ-жауап, сөздік,кубизм, топтастыру, инсерт әдісі
Түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: проектор, слайд
Күтілетін нәтиже: - Жаңа сабақты меңгереді
-Өлеңге талдау жасай алады - Өз ойларын ашық жеткізе алады

Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқу құралдарын дайындату, сабаққа назарларын аудару.
Психологиялық дайындық
Ойға толы санамыз
5-тік болсын бағамыз
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз.
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
Су мен балық
Үй жұмысы сұрақ- жауап арқылы тексерілді.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бұл қай кезде болады?
Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды.
Кейде ұлып,
Кейде жұлып,
Ұйтқып боран соғады.
Бөбектерім,
Айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады? (Қыс)
Міне, балалар бүгін Абай Құнанбаев атамыздың « Қыс » өлеңімен танысамыз. Алдымен Абай атамызбен танысып алайық.
1722755132715Абай
Абай

315020073988Ақын
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Ұлы ақынның құрметіне Қазақстан мен Ресейде ескерткіштер орнатылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарында Абай шығармашылығына арналған халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар жыл сайын өткізіліп тұрады. Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы 1995 жылы дүниежүзілік ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.
Мағынаны тану
Оқулық пен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп оқып , талдаймыз
Сергіту сәті.
«Өзгертулерді тап» ойсергегі
Дәптермен жұмыс.
Сөздік: Ұшпа бұлт- шоқ-шоқ болып жөңкіген бұлт
Кестемен жұмыс
Қыстың бейнесін білдіретін етістіктер Қыс бейнесін суреттейтін сын есімдер
Сықырлап, келіп қалды,әлек салды, ажарланды, мазаңды алды, шайқалды, үсік шалды, айналды. Ақ киімді, ақ сақалды, соқыр, мылқау, денелі, ақ қырау, түсі суық,
«Fly killer» ойыны
IV.Сабақты қортындылау.
Инсерт әдісі
Кіммен таныстым Танысқан шығармам Берген тәрбиесі Менің көзқарасым
V. Үйге тапсырма.
Қыс. А.Құнанбаев (жаттау)
VI. Бағалау.
«Бағдаршам » әдісі
М.Жүнісов атындағы негізгі жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
А.Құнанбаев
« Қыс »
Өткізген:
Куттыгулова И.Т
2015-2016 оқу жылы