Презентация по казахскому литературу на тему А.??нанбаев ?ыс ?ле?і (5-сынып)


Бекітемін: _________________
Сынып: V
Күні: 13.01.2016 ж. Пәні: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы:
Абай Құнанбайұлы «Қыс» өлеңі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Абайдың жылдың қыс мезгіліне арнап жазған өлеңдерін ба- рынша терең меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау машығын жетілдіру, тео-риялық ұғымдарды түсіндіру.2. Оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.3. Абай шығармаларын оқи отырып, төл әдебиетіміздің, тіліміз бен мәдение-тіміздің сарқылмас қазыналарынан үлгі алуға тәрбиелеу. Абай ұлылығын терең сездіру, туған жер табиғатына қамқорлық жасауға баулу. Поэзия, саз өнері, бейнелеу өнері секілді көркем өнер дүниесіне сүйіспеншіліктерін арт-тыру.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері
Көрнекілігі: суреттер
САБАҚ БАРЫСЫ:
Кезеңдері Уақыты
Ұйымдастыру 2 мин Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару
Үй тапсырмасын
тексеру 10 мин Ы.Алтынсарын «Дүние қалай етсең табылады?» мазмұнын сұрау.
Қызығушылықты
ояту
5 мин ЖұмбақҚоймасын қыс ақтарып,Жерді жапты ақ мамық.Бұл қай кезде болады?
1. «Көңілді қыс» тақырыбындағы сурет бойынша әңгімелеу.- Қазір жылдың қай мезгілі?- Қыс айларын ата?- Қыс несімен сендерге қызықты?
Мағынаны тану 20 мин
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Абай осылайша өзінен кейінгі ұрпаққа салиқалы сөзімен салмақты ой қалдырған ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845 - 1904) Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келген. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай», «Жаз», «Жазғытұры» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың. Сонымен, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңі.
Оқулықпен жұмысӨлеңді мәнерлеп оқу.Тізбек бойынша 1 шумақтан мәнерлеп оқыту.Өлеңді талдау. С ө з д і к жұмысыСоқыр, мылқау – түк көрмейтін, аямайтын қаталдық.Бұрқ, сарқ – қатты дауыл, боран болғандағы аяз, жел күшейгенде.Осқырайтып – бір шекесіне сәндеп кию.Шидем – қой жүнінен тоқылған сырт киім.Ұшпа – жеңіл, жұқа қар Жорамалдар● Жаз құйынды болса, қыс қатал болады.● Қазан айында күн күркіресе, қыс қысқа болады.
Ой толғаныс
5 мин
“Екі жақты күнделік”
Өлеңнен үзінді Өз ойың
Үсті - басы – ақ қырау, түсі суық,Басқан жері сықырлап келіп қалды. Қыс мезгілінде салқын ызғар-ды сезініп, ең алғаш біз қар ұл-паларын көреміз. Қыс осыны-сымен қызықты.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Әуес көріп жүгірген жас балалар
Беті-қолы домбығып үсік шалды. Үйге тапсырма 2 мин «Қыс» өлеңін жаттау
Қыс тақырыбына сурет салу
Бағалау
1 мин