Разработка по казахской литературе на тему :Ыбырай Алтынсарин
Сыныбы:9 16
Сабақтың тақырыбы : Ыбырай Алтынсарин –ұлы ағартушы,балалар әдебиетінің атасы
Сабақтың мақсаты :
Білімділік:Ыбырай Алтынсариннің өмірі,ағартушылық қызметі,шығармашылық жолы туралы білімдерін тереңдету.Әңгімелерінің мазмұнымен таныстыру,
Дамытушылық: оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыруға,жеке тұлғаны қалыптастыру,ақын тіліне деген көзқарасн білу;
Тәрбиелік: оқушылардың әдебиетке,Ыбырай шығармашылығына деген сүйіспеншіліктерін ояту,еңбексүйгіштікке,табиғатты қорғауға,ұқыптыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:сын тұрғысынан ойлау (ой қозғау,топтастыру)
Сабақтың көрнекілігі:, бүктемелер,кітаптар т.б.
Пәнаралық байланыс: тарих,ән-күй,геграфия
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
ақын
аудармашы
Ыбырай Алтынсарин
ағартушы
жазушы
ұстаз
Оқулық авторы
Шағын әңгіме шебері
Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді.
17
Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған.
1859 жылы Ыбырай Алтынсарин атасының жақсы танысы, сыйлас кісі — Орынбордағы Шекаралық комиссияның төрағасы, шығыстанушы белгілі ғалым, профессор В. В. Григорьевпен жақын танысады. Ол Ыбырайға қамқорлықпен қарап, оған өзінің бай кітапханасын еркін пайдалануына жағдай жасайды. Ыбырай Григорьевтің кітапханасынан орыс жазушыларының шығармаларын, орыс және дүние жүзі ағартушы-педагогтерінің еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі жайындағы кітаптарды алып, бас алмай оқыған. Мерзімдік басылымдарды оқып тұрған.
Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. "Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім", - деп жазады ол белгілі шығыстанушы, профессор Н. И. Ильминскийге жолдаған хатында. Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Тәрбие жұмысын адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді.
Топтастыру:
өлеңдері әңгімелері
Ыбырай шығармалары
Аудармалары мақалалары
Ыбырай Алтынсариннің өмір жолына хронологиялық кесте негізінде шолу жасау.
Жылдар Маңызды оқиғалар
1841 жылы Қостанай облысы Затобол ауданында туған
1850 жылы Орынбордығы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне түскен
1857 жылы Мектепті «өте жақсы» деген бағамен бітірген
1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болған
1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияның төрағасы,Шығысты зерттеуші белгілі ғалым,профессор В.В.Григорьевпен жақын танысады
1860 жылы Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады
1864 жылы Торғайдағы мектепті ашады..........
18
Кітаппен жұмыс: Ыбырай шығармаларын оқып,талдау жасайды.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ыбырай Алтынсариннің өмір жолын оқып келу.