Жай б?лшектерге амалдар ?олдану (5 сынып)


Жай бөлшектерге амалдар қолдану
М.Ш.Ошаева
Қабырға негізгі орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Оқушыларға өз бетімен еңбектенуге үйрету,жеке білім дағдыларын дамыту,ой-өрісін кеңейту , пәнге деген қызығушылықтарын арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Осы мәселелерді шешу үшін сабақты түрлендіріп өткізу керек. Сабақты түрлендіріп өткізу оқушыларды алғырлыққа, зеректілікке,шапшаңдыққа баулиды. Төменде 5 сыныпта «Жай бөлшектерге амалдар қолдану» тақырыбына арналған сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.
Тақырыбы: Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «Жай бөлшектер» тарауы бойынша алған білімдерін пысықтау,қорытындылау.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту және алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білу бейімділіктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге үйрету,жауапкершілікке, шыдамдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес, саяхат – сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, шығармашылық, деңгейлік, ауызша, математикалық диктант.
Пән аралық байланыс: Астрономия,геометрия
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар,күн жүйесі, ғаламшарлар, зымыран моделі, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Гигеналық талаптар
2.Оқытушының кіріспе сөзі,психологиялық тренинг арқылы оқушыларды ғарышқа сапар шегуге дайындау,жорықтың жол сілтеу картасымен таныстыру (әр ғаламшарға зымыран арқылы жылжып отыру, әр ғаламшарға қысқаша түсінік беру). Әр баланы бағалау сабақ кезеңі бойынша алған ұпайларын бағалау парағына түсіру арқылы жүргізіледі.
3.Зымыранды көкке ұшыру үшін «Ережені жалғастыр» атты ойын өткізіледі.
ІІ. Ойын «Ережені жалғастыр»
Ал, балалар, зымыранға отыру үшін бізге мына сұрақтарға жауап беруіміз керек.
Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу үшін, ....
Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайту үшін, ....
Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды азайту үшін, ....
Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін,...
Аралас сандарды көбейту үшін, ...
Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін,...
Бізге рұқсат берілді. Зымыранға отырып ұшайық 3,2,1.... КЕТТІК!
ІІІ. 1. «Марс»ғаламшарының тапсырмасы
Дұрыс , бұрыс бөлшектерге және аралас сандарға 3 мысалдан жазу.
2. «Шолпан» ғаламшарының тапсырмалары
Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыр.
6310 ; 1724 ; 77100 ; 349 ;
3. «Меркурий» ғаламшарының тапсырмалары
Математикалық диктант
12 ×13 -дің көбейтіндісін ; 1мен 57-тің айырмасын;
3пен 34тің қосындысын; 59пен 37тің бөліндісін табыңдар.4. «Сатурн» ғаламшарының тапсырмалары
Сергіту сәті
Ауызша есептер
3+213 ; 1019-4; 38×34; 710÷7;249+ 59 ; 1732-1532; 8÷23; 3 5-і 90-ға тең; 1 4-і 80-ге тең;5. «Юпитер» ғаламшарының тапсырмалары
Теңдеуді шешіңдер:
78+у=14 910÷х=145 29*х=5126. «Уран» ғаламшарының тапсырмалары
Тіктөртбұрыштың ұзындығы 36см, ал ені оның 19 бөлігі.Тіктөртбұрыштың периметрін, ауданын тап.
7. «Нептун» ғаламшарының тапсырмалары
1). Алма ағашында 25алма өсіп тұр, ал еменде оның 15 -і өсіп тұр.Емен ағашында неше алма өсіп тұр?
2). Бөрененің ұзындығы 6м, 1минутта 1метрден кесіп отырса, қанша уақытта барлық бөренені кесіп болады?
3).Айжанда 3 бүтін алма,2жарты алма және 4 ширек алма бар.Айжанда барлығы неше алма бар?
8. «Плутон» ғаламшарының тапсырмалары
Деңгейлік тапсырмалар
А-деңгей.
57 ÷ 27; 4+58; 825+315; 12* 14; 1115-715.В-деңгей.
45 12-112÷216+815×145С-деңгей.
Дүкендегі 320компьютердің 18-ін мекемелер сатып алды.Қалғанының 57-і мектептерге жіберілді. Қалған компьютер қанша?
9. «Жер-Анаға оралу»- сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімі бағалау парағы бойынша жүргізіледі.
10. Үйге тапсырма. №879
Ошаева Маржан
«Қабырға негізгі орта мектебі»КММ