?аза? ?дебиеті: Абай ??нанбай?лыны? шы?армашылы?ы (8 — сынып)
Қазақ әдебиетіСабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының шығармашылығы
Мақсаты: Абай өлеңдерінің идеясын талдап, рухани-адамгершілік қағидаларымен бөлісу, өлеңді нақышына келтіріп оқу, негізгі түйінді таба білуге машықтандыру. Сабақта интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, тиянақты білім, қиялдау мен шығармашылық, тез тіл табысу, белсенді өмірлік көзқарас, командалық рух, жеке, дербестік құндылық, өз пікірін білдіру, іс-әрекетке ерекше назар аудару, өзара сыйластық дағдылары дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Оқыту әдістері: Миға шабуыл, «Бірге ойлаймыз» әдісі, «Топтастыру» стратегиясы Құралдар мен көрнекіліктер: интерактивті тақта, стикер, маркер, слайд, суреттер. Оқулық . Абай Құнанбаевтың өміріне байланысты суреттер
Сілтеме: Қазақ әдебиеті пәнінен оқыту әдістемесі 6-сыныпқа арналған әдебиет оқулығыНегізгі идеялар: Абай Құнанбаевтың шығармашылығын жете үйрену.
Күтілетін нәтиже: Өлеңді мәнеріне келтіре оқи алады.
Өлеңді поэтикалық талдайды.Шығармаларын кеңінен игереді..
Сегіз қырлы бір сырлы Абайдың өлеңімен меңгереді.Өлеңдегі сөздердің мағынасына талдау жасайды.
Барысы
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
I. Үйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Қызушылығын ояту: Сәлемдесу.
Абай Құнанбайұлының өлең жолдары арқылы топқа бөлу.
І топ.«Жүрек» Өлең сөздің патшасы, сөз сарасыІІ топ.«Қайрат» Адамның кейбір кездеріІІІ топ.«Ақыл» Талаптың мініп тұлпарын
Психологиялық ахуал!
Бір бірімізге қарайық,
Жылы лебіз айтайық.
Бүгінгі күн сәтті болсын,
Отбасымыз аман болсын.
II. Өткен білімді еске түсіру:
Миға шабуыл әдісі ретінде оқушылардың бұрынғы игерген білімдерін тексеру мақсатында «Бинго» ойыны арқылы лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру.Мысалы:-Абай Құнанбаев туралы нені білеміз?-Төмендегі сыныптарда қандай шығармаларын оқыдыңдар, ол жайында не білеміз?-Ақын өлеңдері жайында не айтар едіңдер?
Жаңа сабақ барысы:
Слайдты қолдану
Абай — адамзаттың өркениет тарихындағы ұлы тұлға. Абай — қазақтың ғана емес, адамзаттың ақыны.2. Абай — қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі.Мұхтар Әуезов«Бірге ойлаймыз» әдісі. Бұл әдіс арқылы сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тартуға болады.
Қазақ әдебиетінде лириканың қандай түрлері бар және бұл өлеңді қай түріне жатқызуға болады? Қандай жанрда жазылған шығарма? Модель құрастыру, пайымдау, мәтінмен жұмыс жасау. Оқушылар болжамдарын айтады. Суретке қарап өз жауаптарын береді. Сабақпен байланыс жасайды. Сергіту сәті.
Шеңберге тұрып жаттығу жасату. «Қара жорға» биі.
Топтастыру» стратегиясы.
Әр топ «Абайды біз кім деп танимыз?» деген тақырыпта топтастыру стратегиясы бойынша жұмыс жасайды.ұлы ақынаудармашыфилософ,Күйші,сазгерел басқарушыжаңа жазба әдебиетінің негізін салушы
«Ой толғау»жазу«Мен Абайды қаншалықты білдім» тақырыбына ой толғау жазу. Топ ішінде өте жақсы, мазмұнды жазылған жұмысты сынып назарына ұсынады.
“Білімдіден шыққан сөз” ойыны арқылы жаңа сабақты бекіту. Қораптағы сұрақтарды пайдалану.Қорытындылау мақсатында «Ыстық орындық» әдісін пайдалану. Кім жылдам? Үш топтың оқушылары бір-біріне сұрақ қояды?Бағалау.Бағалау критерийлеріне сүйеніп, бағалау парағындағы стикерлеріне сәйкес ұпайларды жинақтап, қорытынды бағасын шығарады.Үйге тапсырма: Абайдың өлеңіне сатылай кешенді талдау жасау.Рефлекция.