?лихан Н?рм?хамед?лы Б?кейханны? ту?анына 150 жыл толуына ж?не Т?уелсіздікті? 25 жылды?ына орай Алаш Орда — елдікті? мектебі атты колледжішілік б?лімдер арасында?ы студенттерді? зияткерлік білім сайысы
34925254000
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай "Алаш Орда - елдіктің мектебі" атты колледжішілік бөлімдер арасындағы студенттердің зияткерлік білім сайысының қорытындысы туралы ақпарат
Қарағанды гуманитарлық колледжі жоспарына сәйкес 2016 жылдың 11 ақпанында Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай "Алаш Орда-елдіктің мектебі" атты колледжішілік бөлімдер арасындағы студенттердің зияткерлік білім сайысы өткізілді.
Аталған зияткерлік білім сайысында 1 курс студенттерінен құрылған төрт топ қатысып, өз білімдерін сынады. Атап айтар болсақ:
«Бастауыш білім беру» бөлімінен құрылған «БОЛАШАҚ» тобы .
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінен құрылған «АЛАШ» тобы.
«Шет тілінен бастауыш білім беру» бөлімінен құрылған «ЖАС ҚЫРАН» тобы.
«Технология» бөлімінен құрылған «ЫНТЫМАҚ» тобының студенттері сайыс барысында білімдерін ашып көрсете білді.
45656517335500
Білім сайысы 5 кезеңнен тұрады:
1 кезең-Таныстыру
2 кезең-Жалпы сұрақтар
3 кезең-Көкпар
4 кезең-Шынайы көшбасшының рухани-адамгершілік қасиеттері
5 кезең-Жорға.
Сонымен қатар,сайықа қатысушыларға видео сұрақтар берілді.
42729153175000 "Алаш Орда-елдіктің мектебі" атты колледжішілік бөлімдер арасындағы студенттердің зияткерлік білім сайысына «Тұлғатану» ғылыми зерттеу орталығының директоры Бейсенбекова Нұрсахан Ахметовна білім сайысына қатысушыларға сәттілік тіледі.
Зияткерлік білім сайысына "Тұлғатану" ғылыми - зерттеу орталығының директоры Бейсенбекова Нұрсахан Ахметовна, колледждің күндізгі бөлім меңгерушісі Акилова Мантай Орынбаевна, Қарағанды гуманитарлық колледжі директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Исатаев Дархан Қосарұлы қазылық етті.
Зияткерлік білім сайысының қорытындысы бойынша жеңімпаздар
төмендегідей болып анықталды:
Қатысушы топтар Нәтижесі
«Технология» бөлімінен құрылған «ЫНТЫМАҚ» тобы Т-15 І дәрежелі диплом
«Бастауыш білім беру» бөлімінен құрылған «БОЛАШАҚ» тобы Б-15 ІІ дәрежелі диплом
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінен құрылған «АЛАШ» тобы МД-15 ІІІ дәрежелі диплом
«Шет тілінен бастауыш білім беру» бөлімінен құрылған «ЖАС ҚЫРАН» тобы Ш-15 Сертификат
Жалпы айтқанда, Қарағанды гуманитарлық колледжінен іс-тәжірибеден өтуші Е.А. Букетов атындағы КарМУ-нің тарих факультетінің төртінші курс студенттері Алдаберген Айдана Ерланқызы және Зейнепкарова Ақниет Дулатқызының жүргізілуімен өткен іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.
226060-190500 Іс-шараның ұйымдастырылуына басшылық жасаған колледждің «Әлеуметтік – экономикалық пән бірлестігі ЦӘК-нің төрағасы Аяғанов Алтай Бодиевичтің іс-тәжірибеден өтуші студенттерге бағыт-бағдар берудегі еңбегінің нәтижесі.