ДН? тізбегіне с?йкес а?паратты? РН?


Сыныбы 9а
Тақырыбы: ДНҚ тізбегіне сəйкес ақпараттық РНҚ-ның түзілуі. Генетикалық код.
Мақсаты: ДНҚ тізбегіне сəйкес ақпараттық РНҚ-ның түзілуін түсіндіру. Мәтінмен өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру. Оқушыларды өз ойын дұрыс, еркін жеткізуге, ізденуге, ұйымшылдыққа және жауапкершілікке үйрету.
Күтілетін нәтиже 1. ДНҚ-ның құрылымын РНҚ-дан ажырата алады.
2. Генетикалық код туралы біледі.
3. ДНҚ-ның синтезделуін түсіндіре алады.
Керекті жабдықтар Оқулық, слайд, АКТ, жеміс- жидектердің макеті.
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Оқушылармен амандасу .Сыныпты және сынып кезекшілерін түгендеу. Оқушыларды туған айлары бойынша ретімен тұрғызып 4 топқа бөлу.
Үй тапсырмасы << Ыстық орындық >> әдісі арқылы сұралады.
Тақтаға 1 оқушы шығып, орындыққа отырады. Қалған оқушылар сұрақ қояды.
Тұсау кесер Бейнеролик көрсету арқылы жаңа тақырыпты ашу. Жаңа тақырып: ДНҚ тізбегіне сəйкес ақпараттық РНҚ-ның түзілуі. Генетикалық код.

Негізгі бөлім Жаңа тақырып:
Генетикалық код дегеніміз - бұл ДНҚ нуклеотидтерінің көмегімен нәруыздар туралы тұқымқуалау ақпараттарын жазу амалы. Белок мономерлерінің - аминқышқылдарының сан алуан 20 түрлері болады. Ал ДНҚ-дағы нуклеотидтердің түрі 4-еу-ақ, олар: аденин, гуанин,тимин және цитозин нуклеотидтері. Антикодондар т-РНҚ-ға ДНҚ триплетін толық көшірмелей алмайды. Алайда екі бірінші негіз біріне-бір сөзсіз сәйкес келуі керек. Триплеттердің бірнеше нұсқалары бар аминқышқылдардың триплеттері тек қана жалғыз үшінші негізі бойынша жиі ерекшеленеді. Мысалы фенилаланин былай кодталады: ААА, ААГ, ААТ, ААЦ. Барлық нұсқалары: АА, ТГ, ГГ, ЦЦ, АТ, АГ, АЦ, ТА, ТГ, ТЦ, ЦА, ЦГ, ЦТ, ГА, ГТ.
ДНҚ молекуласының құрамы, құрылымы бiрдей болады да, жасына, ортадағы жағдайына тәуелдi емес. ДНҚ молекуласының нуклеотидтiк құрамы, құрылымы, тiзбегiндегi нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы организмнiң ерекше қасиетiн анықтайды. ДНҚ молекуласының полинуклеотид тiзбегiндегi нуклеотидтердiң ретi – ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн генетикалық мәлiмет. Полинуклеотид тiзбегiндегi нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы ДНҚ молекуласының бiрiншi реттiк құрылымы деп аталады. ДНҚ молекуласының екiншi реттiк құрылымын 1953 ж. Уотсон мен Крик анықтады. ДНҚ құрылымының анықталуы ХХ ғасырдағы биологияның ең маңызды жаңалығы деп саналады. Уотсон мен Крик теориясы бойынша екi полинуклеотид тiзбегiнен құралған ДНҚ-ның молекуласы кеңiстiкте оң қос қабат спираль болып табылады. Қос қабат спиральдағы екi тiзбектiң жолдамасы – антипараллель, бiр тiзбектегi нуклеотидтер арасындағы байланыс 3'5'-бағыттағы қалдықтардан түзiледi, екiншi тiзбектегi нуклеотидтер арасындағы байланыс 5'3' бағыттағы қалдықтардан түзiледi. Екi полинуклеотидтi тiзбек өзара бұранда сияқты жалғасып, азоттық негiз арқылы байланысады. Гидрофобты азоттық негiздер спиральдiң iшiне орналасқан, ал гидрофильдi пентозды-фосфорлы қалдықтар ДНҚ молекуласының сыртқы жағына қарай бағытталған. Спиральдiң бiр айналымынаазоттық негiздiң 10 жұбы келедi. Спиральдiң диаметрi 2 нм болады. Қос қабат спиральдегі азоттық негiздердің қабысуы өте ерекше. Бiр тiзбектегi аденинге – екiншi тiзбектегi тимин, ал гуанинге цитозин қарсы тұрады. Бұл – ДНҚ молекуласының құрылымының өте ерекше маңызды қасиетi. Спиральдағы азоттық негiздердiң осылай орналасуы ДНҚ тiзбегiндегi сәйкестiк-үйлесiмдiлiк (комплементарлық) деп аталады. Қос қабат спиральдi азоттық негiздердiң арасындағы сутектiк байланыс және гидрофобты әрекеттесулер бiрiктiрiп ұстап тұрады. Қорытынды Әр топқа бірдей тапсырма беру.
Биологиялық диктант
1. а-РНҚ комплементарлық ұстанымына сәйкес ДНҚ-мен сиртезделеді. Бұл процесс ........................деп аталады.
2. Бір нәруыздың бастапқы құрылымы туралы ақпаратқа ие ДНҚ молекуласы тізбігінің бір бөлігі..........................деп аталады.
3. а-РНҚ-дағы нуклеотидтерінің орналасу реті түрінде жазылған нәруыз құрылымы туралы ақпараттың рибосомаларда жүзеге асу процесі .........................................
4. Біріккен үш нуклеотид- .....................
5. Бір триплетте ................................ сәйкес келеді.
6. Тұқымқуалаушылық ақпараттың қозғалмалы тасымалдаушысы-..............................
7. Нәруыз синтезі орнына ақпаратпен .................бағыт алады. Жеке жұмыс.
Берілген тапсырманы орындайды.
Сабақты бағалау Стикер беру арқылы оқушылардың бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады. Оқушылар бағалау парағын толтырады.
Рефлексия Екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы Оқушылар бірін- бірі бағалайды.
Үйге тапсырма ДНҚ тізбегіне сəйкес ақпараттық РНҚ-ның түзілуі. Генетикалық код. Үй тапсырмасын күнделікке жазады.