Презентация по литературе Кітап — асыл ?азына


Кітап – алтын қазына
Мақсаты: Кітап – алтын қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінің ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапка деген қызығушылықтарын арттыру, оқулықты күтіп ұстаға үйрету.
Көрнекілігі: оқу – білім туралы айтылған сөздер, ақын – жазушыларының суреттері.
Кітапханашы: Сәлеметсіздерме, күрметті оқырмандар! Біздін Кітап алтын қазына атты оқырман конференцияға кош келдініздер!
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер тереін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабынның әр бетін, - деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Кітап дуниедегі ең асыл қазына, бағалы сыйлық. Кітап адамның рухани азығы, ол атадан балаға, мирас болып қалатын бағалы байлық.
«Үш мықтының айтысы» (скетч)
(Сынып іші. Тақта алдында Компьютер, Теледидар және Кітап үшеуі ғана қалған. Олар өзара айтысқа шығады.)
Компьютер (жанындағыларға маңғаздана қарап). Сендер дүниедегі ең мықты кім екенін білесіңдер ме?
Кітап. Иә, кім екен?
Компьютер. Ол мен болуым керек. Өйткені, аз уақыттың ішінде дүние жүзін жаулап алдым ғой. Қазір кез – келген жердегі шаруашылық, өндіріс, өнеркәсіп, ұйым, мекемелер, тіпті аурухана, мектептерге дейін менсіз жұмыс жүргізе алмайтындай дәрежеге жетті. Ал ес – зердеме жиналған мәлімет, дерек, ақпарат көздерінің молдығы сондай, мына кітаптарың да жолда қалатын шығар.
Теледидар. Асыра сілтеп жібердің, бауырым. Дүние жүзіне таралу, адамдарды өзіне тартып жаулап алу жөнінен бізге жете қойған жоқсындар. Жер жүзіндегі отбасылардың әр – қайсысында екі – үшеуден, жоқ дегенде біреуден теледидарды бар десем қателеспеймін. Сенің алдында адамдар тек жұмыс бабымен ғана айналысады ғой. Ал бізге күндіз – түні демей бүкіл отбасымен телміреді де отырады. Әлемдегі кез – келген жаңалықтың ізін суытпай жеткізе қоямыз.
Компьютер. Ол жағынан біз де қалысып жатқан жоқпыз. Интернетіміз арқылы бүкіл әлемді өрмекшінің торындай шырмап алғанбыз. Адамдарды қызықтырған қандай мәлімет, ақпарат болсын тауып бере аламыз. Ойын балаларына дейін бүгінде далаға тентіреп кететін ойындарын қойып, компьютердің, компьютер клубтарының алдынан күндіз – түні шықпайтын болған.
Теледидар. О – о! Ойын балаларын айналасына үйіріп алу жөнінен бізге әлі жете қойыған жоқсыңдар. Неше түрлі қызықты бағдарламалар мен сериалдар, концерттер, өздері қалаған бейне – фильмдер мен мультфильмдер, теле ойындар – бәрі бізден табылады. Балалардың біздің алдымызда есі кететіндері сондай, сабақ, үй жұмысы, ойын, кітап, газет – журнал оқу былай тұрсын, үш мезгіл тамақтарына дейін уақытысымен іше алмай, бізді қимай отырғандарын көрсең! Тіпті бар күш – қуатын, көз нұрына дейін сорып аламыз ғой.
Компьютер. Ол жағынан біз де қалыспаймыз, айналайын. Көз майын жеп, тауысу жағынан біз әйгілі кітаптың өзін он орап алдық. Сонда да жұрт бізге құмар. Кітап демекші, біздің айтысымызға Кітап неге қосылмайды? Әлде өмірден қалып бара жатырмын деп опынып отыр ма?
Кітап. Аллаға шүкір, ондай опынатындай дәрежеге жеткен жоқпыз. Бәрінен бұрын мені сендердің өз шыққан тектеріңді ұмытқандардың таң қалдырады. сендерді ойлап тауып, дүниеге әкелген ғылымды өрістеткен, оқымыстылар мен ғалымдарды, небір данышпандарды дайындап шығарған кім? Ол – біз. Адамдарды сауаттандыра, өнер – білімге, түрлі мамандықтарға баулитын кім? Біз. Адамдардың бойына мол рухани байлық, адамгершілік пен имандылық ұялататын кім? Және біз. Дүние жүзіндегі барлық ғылым мен білімнің, рухани байлықтың сақтаушы – қоймасы кім? Біз – кітаптар. Ендеше мен неге өмірден қалып қоям. Қайта өмірді алға жетелеп, дамытып жатқан жоқпыз ба.
Компьютер (маңғаздана). Иә, сендердің адамзат баласының, ғылым – білімнің дамып толысуы үшін атқарған қызметтердің орасан. Оны біз жоққа шығармаймыз. Айтар алғыс – ілтипатымыз да шексіз. Дегенмен, қазірге қатал шындықты да мойындау керек. Өйткені, бүгінде кітаптағы дүниелердің барлығы бізге көшірілу үстінде. Яғни, бұдан былай кітаптың да рөлін біз ойнаймыз...
(Кенет сырттан адамдардың топырлап келе жатқан аяқ дүбірі естіледі).
Теледидар (өлеңдетіп). Әне, оқушылар келе жатыр. Қазір сабақ басталады. Біз айтысып, босқа арамтер болудамыз. «Сырт көз сыншы» дейді ғой. Біздің қайсымызды мықты екенімізді оқушылар анықтасын. Тандауды соларға берейікші.
Компьютер. Иә, дұрыс айтасың, таңдауды соларға берейік.
(Есік айқара ашып, ішке ұстаз бен шәкірттері кіріп келеді. Олар орын – орындарына жайғасады).
Компьютер (ұстазға қарап). Мұғалім, біз, яғни мына тұрған үшеуміз сіздердің алдарыңызға ғана қайсымыз мықтымыз, адамдардың сүйіктісіміз деген тақырыпта айтысып отыр едік. Сіздер келіп қалдыңыздар. Енді таңдауды сіздерге бергелі отырмыз.
Теледидар. Дүниедегі ең мықты, адамдардың сүйіспеншілігіне бөленген қайсымыз? Кәне, айтыңдаршы.
Мұғалім. Ал, балалар, алдарыңда Компьютер, Теледидар, Кітап тұр. Солардың ішіндегі қайсысы өмірдегі ең мықты, қажет дүние деп санар едіңдер. Сол қалаған мықтының айналасына топталыңдаршы.
(Балалар орындарынан «дүр-р» етіп тұрып, тақта алдындағы үш мықтының айналасына жинала бастады. Сонда төрт – бес бала ғана Кітапты таңдады да, қалған көпшілігі екі жарылып, Компьютер мен Теледидардың жанына топталады. Компьютер мен Теледидар өздерінің айналасына көп бала шоғырланғанына мәз. Қуаныштан қолдарын көкке көтеріп, «Ура – а, ура – а!» деп масайрайды. Жанында төрт – бес бала тұрғанына қарамай Кітаптың да еңсесі түскен жоқ, өзін әдеттегідей парасатты ұстап тұр).
Кітап (Ұстаздың бір шетте тұрып қалғанын байқап). Ал, мұғалім, сіз, қайсымызды қалайсыз? Таңдау құқығы енді сізде?
Теледидар (қуаныштан жүзі бал – бұл жанып). Сіз қайсымызды таңдасаңыз, жеңіс соныкі болсын. Ал, қайсымызды жақтайсыз?
Компьютер (мәз – мейрам күйі). Иә, дұрыс айтады. Сіз қайсымызды жақтасаңыз, жеңіс соныкі болсын.
Компьютер айналасындағы балалар. Апай, бізге келіңіз! Компьютер мықты!
Теледидар айналасындағы балалар. Біздің жанымызға тұрыңыз! Теледидар мықты!
Кітап жанындағы балалар. Кітап мықты, бізге келіңіз!
Кенет тыныштық орнайды. Бәрі мұғалімге қадалып қалған.
Мұғалім. Мен тңдайтын болсам, білімді де өнерлі, ізденпаз, болашағынан мол үміт күтетін талапты шәкірттерім қайда болса, мен де солардың жағындамын.
(Ол кітапқа қарай беттейді. Ал мұны күтпеген Компьютер мен Теледидар жақтағылар ауыздарын ашқан күйі көздерін жыпылықтатып аң – таң қалған).
Кітап жанындағы балалар. Ура – а! (Әндетіп). Жеңіс бізде! Жеңіс бізде! Жеңіс біз – де – е!
Автор (оқырмандарға немесе көрермендерге). Ал, жас достар, сендер кімді таңдар едіңдер? Дүниеде мықты қайсысы?
Шымылдық.
Кітапханашы: Білім алу үшін кітап ауадай қажет. Ол білімнің бұлағы, оңы бойға сініру үшін көп оқу қажет. Орыстың ұлы жазушысы А.М.Горкий кітапты сүйіп оқыған. Оны өзіне айнымас дос еткен, серік қылған. Сондықтан да ол өз бойындағы бар жақсылығы үшін ең алдымен кітапқа борыштары екенін айтады.
«Кітап – алтын қазына» баяндама.
Оқушы:
Кітаптың жыры
Деме:
«Оңай үйренем».
Ақыл айтсам –
Егеспе.
Оқу деген – «Инемен
құдық қазу» емес пе?
Менің әрбір жолымда –
Өмірдегі үлесің.
Мен отырсам қолында,
Білмегенді білесің.
Көп пайдадан құр қалма,
Жалқауланып отырып.
Қолдан келіп тұрғанда:
«Кел, балалар, оқылық!» (Е. Ашықбаев)
Кітапханашы: Балалар, қыркүйек айында әп – әдемі, сыртының жаңа мұқабасы мен әдемі суреттерімен, небір асыл маржандай сөздерімен, қиын да, қызықты есептерімен күлімдеп алдарына келген оқулықтар мамыр айының аяғында ренішпен, мұңлы болып кітапханаға келіп жатады. Енді сол оқулықтардың реніш көрініс тамашалап көрейік.
Көрініс: «Кітаптар мұңы».
Ей, бауырым тұрсаңшы! Біз қайда келдік өзі?
Ой мазамды алмашы. Өйткен тірлігі бар болсын. Оданда парақтарымның жыртылып желге ұшып кеткені дұрыс еді.
Не болды, не болды соншама? Жалғыз сен деймісің, осындай күйге түскен.
Өй, сен кімсің, сыртың бүп – бүтін ғой өзіңнің.
Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін болғанымен ішім түтін. Ана тілімін. Мені басып шығару үшін қаншама адам баласы еңбек етті. Балалар оқысын, сауат ашсын, адам болсын деген ниет қой бәрімізде. Мен де өзімнің білімімді беруге тырыстым.
Бәріміз де сондай ниетте едік. Артықбай деген баланың қолына түстім.
Мен Сотқарбай деген баланың кітабымен. Ол парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ұшырып ойнағанда «қой» демеді ғой үлкен ағасы, шіркін!
Онда мұңдас болдық қой, достым. Біздің Артықбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді бастырып бетімді шимайлады.
Адам өз мүлкіне ұқыпты болса ғой. Әдепті балалар көп. Мысалы, менің бір досым бар. Ол екеуміз парталас болдық. Соның иесін айт, оқушы деп! Бүлдірмек түгілі, шаң мен кір жуытпайды.
Ендігі алдағы күніміз не болар екен? Мүмкін бәрімізді жинап – жинап, отқа жағар? Кітап шығару үшін көп қаржы керек қой.
Иә, достар, қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсе екен.
Кітапханашы: Ойланайық, балалар. Кітап – асыл досымыз, алтын қазына. Кітабымызды күтіп ұстайық.
Кітап ұста аялап,
Ағаш үлкен сая бақ.
Көркімен елді таңданып,
Өмір берер аялап.