Музыка ?леміне саяхат саба? жоспары


Атырау облысы,Дамба селосы
Амангелді орта мектебі.
Музыка пәнінің мұғалімі
Бултакова Гулзира Идеятовна
Тақырыбы: Музыка әлеміне саяхат

Музыка әлеміне саяхат
Сабақтың мақсаты:
Балаларға халық композиторлардың және шетел композиторлардың шығармаларымен таныстырып және сол әуендерді қаншалықты білетіндіктерін байқау арқылы оларды өнерге баулу.
Білімділік : Жалпы , өнер адамдары, сазгерлердің өмірі мен шығармашылығын , басқа елдердің музыка мәдениетін оқып білуге үйрету
Тәрбиелілік: Халқымыздың музыкалық қазынасына, яғни ән биіне құметпен қарауға тәрбиелеп, сұлулыққа ,құштарлыққа эстетикалық талғамын күшейту .
Дамытушылық; Жан-жақтылығын, өнерге қызығушылығын, мәдениетін дамыту.
Сабақтың түрі : Ойын сабақ
Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, ән айту, тыңдап есту, кеңесу.
Сабақтың көрнекілік құралдары: Күйсандық (фортепиано) аспабы , дискалар, көрсеткіш тақта.
Ойынның тәртібі: Төрт бұрышы стол үстіне қағаздан дөңгелектеп қиылған шеңбер және оны айнала қағазға жазылған сұрақтар қойылды. Шеңбер ортасына теледидарда өтетін “таңғажайып алаң” көрсетіліміндегідей, бағыт көрсеткіш орнатылды. Шеңбердің бір шетіне музыкалық кілт қойылады.
Ойынның шарты мынадай: Балаларды үш топқа бөліп, өздері жетекшілерін сайлайды. Жетекшілері келіп, ортадағы бағыт көрсеткішті айналдырады. Бағыт көрсеткіш қай бағыттағы сұраққа келсе сол сұраққа жауап беру керек.
Дұрыс жауапқа- 10 ұпай
Жауап бермегенге- 0 ұпай.
Топ жетекшісі кезектесіп ойынды жалғастырады. Егерде дұрыс жауап бермесе келесі топтың жетекшісі ойынды жалғастырады. Бағыт көрсеткіш музыкалық кілтке келгенде музыкалық пауза беріледі. Сол кезде осы топтың құрамындағы оқушылар өздерінің дайындалған өнерлерін көрсетеді. Егер сұрақтар жиіленіп келген жағдайда топ жетекшісі музыкалық пауза сұрауға ерікті.
30 дан астам сабақта өтілген композиторлардың өмірі, шығармалары, музыкалық сауаттылықтары музыка тыңдаулар болады.
Финалға 1 ғана оқушы шығуы тиіс. Қатысқан ойыншының ұпай көрсеткіші бойынша жеңіс жарияланады. Барлық оқушыларға жиналған ұпайларына қарап тиісті бағалары қойылады.
Берілген сұрақтар:
1. Терме дегеніміз не?
2.Қорқыт күйлері қандай аспапта орындалады?
3.Октава дегеніміз не?
4. Шаңқобыз қалай орындалады?
5. Бетховен қай қалада туды?
6.”Аққу көлі” балеті кімнің шығармасы?
7. Қомуз аспабы қай халықтікі?
8. Қыз Жібек операсын кім жазды?
9. Ақан серінің әндерін ата?
10.Абай кім, оның қандай әндерін білесің?
11.Әуенді тап?
Қорыта келгенде бүгінгі “Музыка әлеміне саяхат” атты ойын сабағымыздың жеңімпазы 1 команданың оқушысы Хайдаров Райымбек болып отыр. Өздерің көріп отырсыздар, қаншама әндер мен әуендер, шығармалар болсын, мүдірмей жауап беріп келді. Ал, қалғанымыз да жақсы ойнадық. Өнер- адам өмірінен ерекше қызмет атқаратын сала, сондықтан, өз ұлтымыздың әуендерін, халық әндерімен сазгерлерімізді естен шшығармай, әрқашан естіп, біліп жүрейік дегім келеді.
Үйге тапсырма: Өздеріне ұнаған композиторлардың шығармаларынан реферат.