Мектеп алды даярлы? топтарына баяндама. Та?ырыбы: Сауат ашу кезінде ж?ргізілетін ж?мыстар


Тақырыбы
Сауат ашу кезінде жүргізілетін жұмыстар
Жоспары:
I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
«Өзін -өзі жетілдіру» әдісіне қойылатын басты талаптар
«Өзін-өзі жетілдіру» әдісін өз тәжірибемде қолдана білу ерекшеліктерім
III. Қорытынды бөлім
Нәтижелерге сараптама
1
I.Кіріспе
Оқушының белсенділігін арттырудағы жасалған жұмыстың жаңа технологиямен байланысы.
Қай замандарда да мектеп қоғамның әлеуметтік,экономикалық және
мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған.Әр кезеңге сай оқыту
теориялары,оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп,жаңа
сұраныстарға жауап берердей бейімделген.
Дәл қазір адамның ақыл-ой,шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда.Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше.Оқушылардың білім берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз бастауышта қаланатындығы баршаға мәлім.
Республикамызда соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру,оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да,іскер,өзіне-өзі сенімді,интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша.
Бастауыш саты-білім,дағды,іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады.
Біздің міндетіміз-жеке тұлғаны дамытып,білімге деген сенімін нығайту,оқуға қызығушылығын оятып,ынтасын арттыру.
ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов «сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес,ол-жаңадан жаңаны табатын өнер»деген екен.Сондықтан педагогика жаңалықтарын пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу,оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту,яғни,оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау жаңашыл-педагогтардың қолында.Олар педагогикаға «жаңа техноло-гиялар»терминін енгізді.[№ 9,61бет]
Жаңашыл-педагогтардың негізгі мақсаты-оқушылардың алатын білімін сапалы ету,оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз алу.Осы орайда, жаңашыл-педагогтардың педагогикалық технологиялары көптеп саналады. [№ 2,6бет]
Оқу-тәрбие үрдісінде баланы жаңаша әдіспен оқыту үшін әрбір пәннің иесі-мұғалім сол жаңа технологияларды толық түсініп,меңгеріп алуы керек. Соның нәтижесінде ғана әрбір жалпы білім беретін мектеп мұғалімі тәжірибесінің жоғары деңгейге көтерілері анық.Ол мұғалім тек оқушыны дамытып қоймайды,сонымен қатар өзінің де жеке қасиеттерін жаңаша тұрғыдан ашуына мүмкіндік алады.
2
II.Негізгі бөлім
«Өзін -өзі жетілдіру» әдісіне қойылатын басты талаптар.
Оқушының берілген білімді саналы түрде ұғынуы,оның дәлдігі,өмірге көзқарасының қалыптасуы,өз бетінше білім алуға дайындығы,басқа білім негіздерін меңгеру нәтижелері ана тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты.
Оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан-жақты іздене отырып өз алдыма мынадай проблема қойдым.
Оқушылардың өз бетімен жаңа сабақты игеруі, яғни ,өзін-өзі жетілдіру әдісі.
«Өзін-өзі жетілдіру»технологиясының талаптары:
Бұл оқу материалын меңгертуде сұрақ-жауап формасында оқыту әдісі.Оқушыларды бар білімдері мен практикалық тәжірибеге сүйене отырып,оқу материалдарын жаңа білімді игеруге шақырады. Бұл әдіске міндеттелетін басты талап қойылатын сұрақтардың ойластырылған жүйесі және оқушылардан күтілетін жауаптардың дұрыстығы,шамасы. [№ 3,12бет]
Сұрақ анық,дәл болады.Оқушылардың жаңа тақырыпты дұрыс
түсінуіне жол ашылады.Жауаптар дәл емес,қате болуы мүмкін.
Бұл әдістің тиімділігі:

3
«Өзін-өзі жетілдіру» технологиясының сабақ барысындағы жетістігіне тоқталатын болсақ:
1.Тапсырмаға дайындалғанда 2. Тапсырмаға дайындалғанда
неге үйренеміз? нені үйрендік?
left0left0left0
«Өзін-өзі жетілдіру»
left0left0технологиясының
жетістігі
left03.Тапсырманың мақсатын 4.Үй тапсырмасының
мұғалім көмегімен мақсатын анықтау.
анықтауы.
5.Мақсатты түрлендіру,
сыныпқа оң бағыт беру.
Оқушыларға осындай сұрақтар төңірегінде жауаптар арқылы білімдерін жетілдіреді.
1.Алдын-ала оқу- үйден қанша рет оқығандығы,қалай
түсінгендігін айтады.
2.Үйдегі көмек- түсініксіз сөздер,жаңа сөздер (жаңалық сұрау)
3.Мұғалімге қояр сауал- үйдегі көмек болмаған жағдайда
4.Ой толықтыру- мектептегі,жаңа сабақ түсіндірілгеннен
кейінгі нәтиже
5.Жеткен нәтиже- сабақты қорыту,сабақтың мазмұнын айту
Оқушы өз бетімен жұмыс жасауға үйренеді.
«Өзін-өзі жетілдіру» әдісін өз тәжірибемде қолдана білу ерекшеліктерім.
«Өзін-өзі жетілдіру»әдісінің мені қызықтырғаны:оқушылардың өздерінің алдын-ала дайындалып, ізденіп,өз ойын дәлелдей білуімен ерекшеленді.
Оқушылар бір-бірінің қателерін тауып,сұрақтар қою арқылы білімдерін жетілдіріп отырды.
Алғаш жетекшілік еткен сыныбымның оқушыларының білім деңгейлері жақсы болды.
Жаңа сабақты өздері оқып,өз беттерімен жұмыс жасауға, ұстаздарға ұқсауға тырысты.Осы жағдайдан соң «Мұғалім болам» ойынын ойнауға ұмтылыс қалыптасты. Ойын «Ана тілі», «Дүниетану» сабақтарында ғана жүргізіліп отырды. Ұшқыр ойлы,білімді,ізенгіш оқушылардың арқасында осы технология жарық көрді деуге әбден болады.
4
Алғашында оқу деңгейлері жоғары оқушылар,озаттар ғана бұл әдіспен жұмыс жасады. Басқа оқушылар осы оқушыларға жету мақсатында алға
қарай ұмтыла түсті.Нашар оқитын оқушылардың оқуға деген қызығушы-лықтары артты. Осы бағытта оқушы өз білімдерін шыңдап отырды. Өз бетімен жұмыс жасауға үйрене білді.Оқуға қызыққандарымен қоса,өздері күнде жаңалық ашып отырғандай сезімде болды. Оқушыға жеке тұлға,ешкімге тәуелді емеспін деген ой қалыптасты.Мұғалімге көп көмек көрсетілді.
Осы әдістің мұғалімге тиімді жақтарын айтатын болсақ:
ата-анамен байланыс уақытында жасалынып, дарынды оқушымен жұмысымыз оң нәтиже беріп отырды.
Менің алғашқы осы әдісті жетік меңгерген оқушым Қарамурзин Нұржан.Оқушым сабақта озат,тәртіпті,ерекше бала еді.Өзінің білмегенін
әркез сұрап,көпті білуге,үйренуге ұмтылыс жасады. Оқушы белсенділік танытты, оқуға құштар болды. Жаңа ұғымдарды,сөздерді мұғалімнен,
ата-анасынан сұрап білуге тырысты.Оқу қарқыны жақсарды,ілгерілеушілік байқалды.Ойлау қабілеті шыңдалды,сөйлеу мәнері артты. Нұржан жаңа сабақты өзі оқып,оқушыларға түсіндіре білуге,мұғалімге көмек көрсетеуге ұмтылыс жасады. Осындай оқу дәрежесінің,білімінің жоғарылығынан мектепішілік байқаулардан,олимпиадалардан алдыңғы орындарды жеңіп алды. Аудандық олимпиададан «Ана тілі» пәнінен бірінші орынға ие болды.
Мен бұл әдісті барлық пәндерде қолданып жүрмін.Қазіргі жетекшілік ететін оқушыларыма да осы әдісті жүргізіп келемін. 4 «б» сыныбында 23 оқушы бар.Партада отырған 23 оқушының білім деңгейлері жақсы.Сынып оқушылары белсенділік көрсетуде. «Өзін-өзі жетілдіру» әдісі тиімді де, пайдалы. Бұл әдісті сабақтың қорытынды бөліміне енгізудегі мақсатым:
1.Оқушылардың дайындықтары тыңдалады.
2.Оқушылардың жаңа сабақты мазмұндауымен шектеледі.
3.Оқушылардың жартысынан көбі сабақты меңгереді,игереді.
Сыныпта 6 оқу озаты, 5 оқу екпіндісі бар. 12оушы орташа деңгейде. Барлығы да білімді,тәртіпті,сабаққа белсене араласады. Оқушыларым республикалық пәндік олимпиадалардың,мектепішілік олимпиадалардың жеңімпаздары.
Сыныбыма күнделікті өткізген сабақтарымда,тәрбие сағаттарында,
сыныптан тыс шараларда осы әдісті кеңінен пайдаланудамын.
Дүниетану пәнінен «Менің апам-дәрігер» атты ашық сабағыма тоқталғым келіп тұр.
Дүниетану пәнінен өткізілген «Менің апам-дәрігер»атты сабағымда осы әдісті пайдаландым.
Мақсаты: Мәтінді түсіндіру,оны сын тұрғысынан ойлау арқылы меңгерту.
Білімділігі:Оқушылырға жаңа мәтін туралы түсінік беру,өз
ойларын ашық айта білуге төселдіру.Өз бетімен жұмыс жасауға бейімдеу.
5
Дамытушылығы:Ауылдағы мекемелер,шаруа,маман,көлік түрлері туралы өзіндік көзқарас қалыптастыру.Тіл байлықтарын арттыру.Ауыл тұрмыс-тіршілігі жайында ойларын тереңірек білуге ұмтылдыру.
Тәрбиелілігі:Оқушылардың туған жерге деген қызығушылығын ояту,оны сүйе білуге тәрбиелеу.Адал,абыройлы оқушы болуға жетелеу.
Түрі:Аралас сабақ
Әдіс-тәсілі:әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекілікпен жұмыс,сөздік жұмыс,венн диаграммасы,топтастыру,ойын түрлері,өзін-өзі жетілдіру,өзін-өзі бағалау.
Көрнекілігі:көшпелі тақта,суреттер салынған плакаттар,суреттер,
үлестірмелі таяқшалар,т.б.
Жүрісі:І.Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа сабаққа назар аударту.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау,бағалау.
Көктемгі көрініс бейнеленген сурет тақтаға ілінеді.Сурет арқылы «гүл теру»ойыны ойналып,сұраққа жауап алынады.
Ауыл көрінісі бейнеленген суреттерін тексеру,мадақтау.
ІІІ.Жаңа сабақ. «Менің апам дәрігер».
Алдын-ала дайындалып келген оқушыларды анықтау.
1.«Кім болам?»ойыны ойналады.
Оқушылардың болашақта,азамат болғанда кім болатындары туралы пікір алысады.
«Дәрігер». Дәрігер адамдарды емдейді.
-Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Менің апам –дәрігер».
2.Түсіндірме жұмыс.
-Оқушыларға жаңа сабақты сурет арқылы түсіндіру.
3.Оқулықпен жұмыс.
-Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
-Жеке-жеке жүргізіп оқыту.
Жаңа сабақты игерту:Үйдегі көмек
4. Сергіту сәті. «Апам үшін күнде де.»
5. Тапсырмалар.
1) Ауылды жерде қандай мекемелер барын байқа.
left0left0left0Балабақша Аурухана Тәртіп сақтау бөлімшесі
left0left0left0Мектеп Кітапхана
left0
left0left0
left0left0Мәдениет үйі Теміржол бекеті
Спорт метебі Дәріхана
6
Мәтіндегі мекемелер:баплабақша,аурухана,мектеп.
2) Ауылдағы шаруа түрлерін теріп оқу. «Жасалған жұмыс түрлері».
Сиыр сауады,тамақ дайындайды,ауруларды емдейді,ағаш жарады,малға жем береді,малды ауылды аралайды.
Үйге жиылған отбасы мүшелері не істейді?
Әркім өзінің атқарған шаруасы жайында әңгімелейді,пікірлеседі.
3) Ауылда қандай мамандар жұмыс жасайды?
-Мәтіндегі мамандар:дәрігер,мал дәрігері.
-Маман түрлері:мұғалім,теміржолшы,күзетші,құрылысшы,жүргізуші,
жөндеуші,су айдаушы,малшы,есепші,бақылаушы,суретші,мүсін-деуші,тәрбиеші,т.б.
Көліктің қандай түрлерін білесің? «Венн диаграммасы»
left0Қала мен ауыл
Ауыл Қала
Дәптермен жұмыс. «Сөздік жұмыс»
Салт атты-атқа мінген адам.
Ат-арба-атқа жегілген арба.
IY.Қорытындылау. «Өзін-өзі жетілдіру»
Жаңа білімді бекіту: Мұғалімге қояр сауал,ой толықтыру, жеткен нәтиже (мазмұнын немесе өзінің жаңа сабақ бойынша түсінігін әңгімелеу).
-Үйден алдын-ала дайындық жұмысын жүргізген екі оқушы.
1.Сағынғали Амангүл
2.Жұбандық Әсемгүл7
Алдын-ала оқу
Үйдегі көмек
Мұғалімге қояр сауал
Ой толықтыру
Жеткен нәтиже
1.Мәтінді үйден бес рет оқыдым.
Мазмұнын айтуға дайындал-дым.
«Дәрігер»
туралы сұрадым.
Олардың атқаратын жұмыстарын білдім.
Мәтін не себепті дәрігер туралы айтылған?
Мәтін туралы мағлұмат алдым.
Маман,меке-мелерді ажырата білдім.
Үйдегі дайынды-ғымның арқасында қиындықсыз ойлаған мақсатыма жеттім.
2.Мәтінді түсініп оқыдым.Тапсырмаларға көз жүгірттім.
Мәтіндегі мамандардан басқа қандай маман иелері барын сұрап білдім.
-------
Тапсырма-ларды қызыға отырып орындауға тырыстым.
Мұғалімнің көмегімен жаңа сабақты игердім.
Y.Үйге тапсырма:мәтіннің мазмұнын айту.
YІ.Өзін-өзі бағалау.
Сабақты әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы-баланың жеке басын дамытудың басты кепілі деп білеміз.Білім арқылы баланы дамытудың жаңа стратегиясы мен тактикасын таңдау әрбір ұстаздың міндеті. [№ 4,29бет]
Сабақтарға салыстырмалы түрде сипаттамалар жасап көрсек:

8
Сабақтың барысындағы тиімділіктер:

9
III.Қорытынды бөлім
Нәтижелерге сараптама
Чех педагогы Коменский «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі,ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп,нұр құятын тынымсыз жалын иесі»,-деген.Сондықтан өзім дәріс беретін әр оқушыма ізгілік қасиеттер мен білім нәрін сусындатсам деймін.

10
Мен үнемі ізденіп,алға қарай ұмтылыс жасаудың арқасында осындай жетістікке жеттім десем, артық айтпаған болармын деп ойлаймын.
Осындай жетістікке жету үшін осы аталмыш технологияны ашық сабақтарымда да қолданып отырдым.
1.4 сыныпта Ана тілі пәнінен «Акула»
2.1сыныпта Дүниетану пәнінен «Менің апам-дәрігер»
3. 2 сыныпта Дүниетану пәнінен «Шағын ұшақтың пайдасы»
4.3 сыныпта Дүниетану пәнінен «Майда тау жыныстары»
5.4 сынып Дүниетану пәнінен «Өзен мен көл» атты сабақтарымда өзімнің әдісімді кеңінен пайдаланып,әріптестеріме көрсете білдім.
«Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзіңнің біліміңе ештеңе қоспаған осынау күнді немесе сағатты бақытсыз сана»-деп Коменскийдің айтқандай,өзімді бақыттымын деп айтуға лайықты ұстаз болуға әлі талай, көптеген ізгілікті істер атқаруым керек деген тұжырымдамын. .[№4,29бет]
Ұсынысым:
1.Осы тәжірибемді өз мектебімдегі әріптестерім жұмысына пайдаланса.
2.Жаңа технологияларды өз мәнінде қолдануды жетілдіру мақсатында кабинеттерге интерактивті тақталар қойылса.