Екінші с?билер тобына математика п?ніне арнал?ан ашы? саба? жоспары. Та?ырыбы: Геометриялы? пішіндер
«Павлодар қаласының № 36 сәбилер бақшасы»
мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорныАшық сабақБілім беру саласы: Таным
Бөлімі: ҚМҰҚ
Тақырыбы:«Геометриялық пішіндер»
2ші « Б»сәбилер тобы
Тәрбиеші: А.Ж. Тайлакова.
Павлодар қ. Ленин кенті.
2015-2016оқу жылы
Күні:05.11.2015 жылБілім беру саласы: Таным
Бөлімі: ҚМТҚ
Тақырыбы: Геометриялық пішіндер
Мақсаты: Балаларға өздеріне таныс дөнгелек, шаршы және ұшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді бір бірінен ажырата білуге үйрету.
Міндеттері: Геометриялық пішіндерді ажырата білуге үйрету.
Айырмашылығын және ұқсастығын ажырата білуге үйрету.
Ой қабылеттерін дамыту.
Мұқияттылықты тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: көрсету, түсіндіру, үйрету, ойын, сұрақ жауап.
Көрнекіліктер: суреттер
Мотивация:
Шаттық шеңбер
Тәрбиеші: Кәне ,балалар, шаттық шеңберге тұрамыз
Армысын, алтын күн!
Армысын, көк аспан!
Армысын , жер ана!
Армысын, жан досым!
(Балалар шеңберге тұрып , өлен сөздерін қайталайды)
-Балалар, бір бірімізге «сәлем» дейміз(балалар бір бірімен амандасады)
Ғажайып сәт:
Қонаққа Баратино келеді.
Буратино:-Сәлем, балалар, қалдарын қалай?
Тәрбиеші:-Сәлеметсінбе, Буратино. Бізде бәрі жақсы.Өзін қалайсын?
Буратино:-Менде бәрі жақсы.Міне осы сендерге қонаққа келдім.Бірақ бос қол келген жоқпын. Карло әкей менен сендерге сәлемдеме беріп жіберді.
Тәрбиеші:-Кәне көрейік, ол қандай сәлемдеме болды екен. Балалар, бұл хат екен, ол хатта не жазылып тұр екен оқыйқ.
«Сәлеметсіндерме , балалар. Қалдарын қалай? Мен сендерге бір неше тапсырмалардыжібердім. Өзім сол тапсырмаларды шешәлмайғойдым. Маған көмектесіндерші. Карло әкей.»
Тәрбиеші:-Балалар, Карло әкейге көмектесемізбе?(Иә)
Балалар, міне дөнгелек. Ол неге ұқсайды?(Допқа)
Дұрыс, допқа ұқсайды және көліктін доңғалағына. Қарандаршы : дөнгелек домалайды.
-Ал мынау ұшбұрыш. Ұшбұрыш неге ұқсайды? ( Пирамидаға, ұйдын шатарана).
Балалар, сендер білесіндерме ,Ұшбұрышты неге ұшбұрыш деп атаған? Ұшбұрыштың ұш бұрышы бар.Кәне санаймыз: бір,екі, ұш.Ұшбұрыш домалаалмайды, өйткені бұрыштар бөкет жасайды.
-Ал мынау пішін : шаршы .Терезеге немесе үйге ұқсайды.Шаршынын төрт бұрышы бар. Олда домалаалмайды, өйткені шаршынын да бұрыштары бөгет жасайды.
-Жақсы, балалар, ал енді екінші тапсырма.
-Балалар, менде бірнеше суреттер бар. Олар қандай пішіндерге ұқсайтының табу керек.
Тақтаға пішіндердін суреттері ілінеді.Балалар бір суреттен алып пішіндердін астына жабыстырады.
Мысалы:алма -дөнгелектін астына, ал пирамиданы- ұшбұрыштын астына.
-Жарайсындар, балалар.
-Балалар шаршағаншығарсындар, ендіше бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәт:
Күн ашылды,
Бұлт төнеді,
Найзағай тарсылдады,
Жел соқты,
Жаңбыр жауды,
Жел басылды,
Күн ашылды.
-Жақсы, балалар, жарайсындар. Бізде тағы бір тапсырма бар. Біз қазір ойын ойнаймыз.
Дидактикалық ойын: «Орамалды жамау»
Тақтаға екі орамал (көк және қызыл түсті картон).Балалар қажет жамауды алып орамалдарды жамайды.
-Жақсы , балалар, жарайсындар . Тапсырмаларды жақсы орындап шықтындар.
Буратино: -Балалар, қандай кереметсіндер.Көп рахмет. Карло әкейге көп көмектерін тиді.Ал ендіше мен кетейін . тапсырмалардын жауаптарын Карло әкейге жеткізейін. Сау болындар!
-Сау бол, Буратино.
Рефлексия:
-Балалар, бізге бүгін кім келді?(Буратино)
-Тапсырмаларды кім беріп жіберді? (Карло әкей)
-Дөнгелекке не ұқсайды?(алма, доп)
-Ұшбұрышқа ше? (пирамида)
-Шаршыға ше? (Терезе)
-Бұл барлығы геометриялық пішіндер. Жақсы , балалар , жарайсындар . Ал енді айтындаршы , сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма ?(Иә)
-Ал енді менде сендерге кішкене ғана сыйлығым бар –Бұл геометриялық пішіндер. Оларға қарап сендер пішіндерді ұмытпағайсындар.
(Қонақтарға сыйлықтарды таратып беру және балаларға)
-Балалар, қонақтпрға «сау болыңыздар» деп айтамыз.
- Сау болыңыздар