География п?нінен ?орытынды кеш Баспалда? білім бай?ауы


«Баспалдақ» білім байқауы «Білімді ұрпақ- болашақтың кепілі» тақырыбымен өткен жаратылыстану пәндері он күндігінде 5-8 сыныптар арасында «Баспалдақ» білім байқауы өтті.
Барлығы жеті бөлімнен тұратын сайыс жеке баспалдақтай саналғандықтан осылай аталды. Сұрақтар мен басқа да тапсырмалар тез, шапшаңдықпен әрі нақтылы орындалуын қадағалап, сарапшылар алқасы тағайындалды.
І. «Тіркелу» бөлімі. Бұл бөлімде үш сынып аарасындағы оқушылардың таланттылары мен дарындылары суырылып шығады да, байқауға қатысуға тіркелді. Олардың қаншалықты дайындықтары мынадай сұрақтар арқылы анықталды:
1) Ұша алмайтын құстар бола ма? Олар қай құстар? (киви, түйеқұс, пингвин)
2) 1 кг тас ауыр ма, 1 кг мақта ауыр ма? (тең)
3) Химия пәні нені оқытады? (заттар мен олардың қасиеттерін, заттардың бір- біріне айналуын зерттейді)
4) Дүние жүзін айнала жүзіп шыққан саяхатшы. (Ф. Магеллан)
5) Безгек ауруын тудыратын бунақ денелі. (маса)
6) 4 қабырғасы тең тік төртбұрыш. (квадрат)
7) Қазақтың тұңғыш географы. (Ш. Уәлиханов)
8) Дүниедегі ең үлкен жеміс. (асқабақ)
9) Түбір астындағы жүз. (он)
10) Заттардың оттекпен әрекеттесуі. (тотығу)
11) Күнге ең таяу айналатын ғаламшар. (меркурий)
12) Судан шықса өлетін жануар. (балық)
13) 73 дәрежесін есепте. (49.3=343)
14) Оттектің латынша атауы.(оксигениум)
15) Күннен ең алыс айналатын ғаламшар. (плутон)
16) Иммунитет деген не? (ағзаның жұқпалы ауруға қарсы тұру қасиеті)
17) Екі әкесі мен екі баласы келе жатып үш апельсин тауып алады. Ол апельсинді бөліп алғанда әрқайсысына бір апельсиннен тиеді. Бұл қалай болғаны? (үш адам)
18) Сутектің оттекпен қосылысы. (су)
19) Атмосфераның ең төменгі қабаты. (тропосфера)
20) Шығу тегіне қарай тамыр қалай бөлінеді? (негізгі, жанама, қосалқы)
21) 100 саның нөлсіз қалай жазуға болады? (99,9/9;99,8/8)
22) Индекс нені көрсетеді? (атом санын)
23) Судың агрегаттық күйлерін ата. (мұз, сұйық, бу)
24) Вирустарды ашқан орыс ғалымы. (Д.И.Ивановский)
25) Коэффициент дегеніміз не? (молекула саны)
26) Х.Колумб Американы қай жылы ашты? (1492)
27) Пластидтердің түрлерін атаңыз. (хлоропластар, хромопластар, лейкопластар)
28) Параллель түзулер дегеніміз не? (қиылыспайтын түзулер)
. ІІ. «Табалдырық» бөлімі. Жаратылыстану пәндеріне байланысты жұмбақтар шешіледі.
Тікен- тікен тіс пісте,
Қысы- жазы бір түсте. (шырша)
Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың. (көлеңке)
Әлемнің бір күзетшісі
Бірі- күндіз тынығады,
Бірі- түнде тынығады. (күн мен ай)
Ол болмаса асыңның дәмі кірмес,
Кім бар екен ортада оны білмес. (NaCI- ас тұзы)
Көлігі жоқ көшеді,
Өзін кезбе деседі. (бұлт)
Сүйегі қатты, миы тәтті. (жаңғақ)
Үрлейтін затпен аттас,
Атын ешкім таппас. (шар)
Бассаң түймесін, шашады сәулесін. (электр шамы)
Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде,
Шыдау керек бұл затсыз екі күнге. (Н2О)
Жер бетінің кескінін,
Түрлі түспен көрсеткен.
Болса да өзі құрметті
Тиіпті орын ең шеттен. (шартты белгі)
Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым. (сәбіз)
Әкем жәшік құрады,
Үш өлшемнен тұрады. (параллелепипед)
Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды. (су)
Адам мен жануардан бөлінеді,
Өсімдіктің торына ілінеді. (СО2- көмірқышқыл газы)
ІІІ. «Белестен өту» бөлімі.Үйден дайындап әкелген мақалдарының жалғасын табу тапсырмасы орындалды. Мақал жаратылыстану пәніне қатысты болуы да ескеріледі.
А) Ерте еккен бүтін алар,
Кеш еккен отын алар.
Ә) Бір кісі қазған құдықтан,
Мың кісі су ішеді.
Б) Жандыда балық үлкен,
Жансызда қамыс үлкен.
В) Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас.
Г) Атың барда жер таны желіп жүріп,
Асың барда ел таны беріп жүріп.
Ғ) Өзен жағалағанның өзегі талмас.
Д) Төртеу түгел болса,
Төбедегі кетеді,
Алтау түгел болса,
Ауыздағы кетеді.
Е) Тіл тиексіз,
Ауа шексіз.
ІV. «Формулалар патшалығы» бөлімі.Әр сыныптың оқу бағдарламасына байланысты сабақтардан өтілген формуланы жазып шығу тапсырылады.
V. «Ережелер елінде» бөлімі.Жалпылай берілген бес сұрақтың жауабы тыңдалады.
А) Периодтық заңның қазіргі анықтамасы.
Ә) Қосудың ережесі.
Б) Ұшбұрыш дегеніміз не?
В) Зат массасының сақталу заңы.
Г) Химиялық теңдеу дегеніміз не?
VI. «Босаға» бөлімі. Әр сыныптың сайскерлері өнерлерін ортаға салып, тиісті ұпайларын жинады. Бұл бөлімде оқушылар үйден пәнге байланысты көрініс те дайындап әкелген.
VII. «Шыңға шығу» бөлімі. Шыңға жеткен оқушы жеңімпаз атанып, білім байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Және сыйлықпен марапатталып, пәндер онкүндігіне жеткен жетістіктері аталып өтіледі.