Саба?ты? та?ырыбы:Те?із ?леміне саяхат


Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Теңіз әлеміне саяхат
Сабақтың мақсаты:
Саяхаттау барысында теңізде өмір сүретін жануарлар туралы қысқаша мағлұмат алу;
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру;
Оларды табиғатты аялауға, қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ – жауап, викторина
Сабақтың көрнекілігі: теңіз жануарларының суреттері, ойын элементтері, сөзжұмбақ, ребус.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру әдісі
- Міне, сынып тып-тыныш,
Естілмейді түк дыбыс.
Мұны бізде қостаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Дүниетану жайында,
Саяхатты бастаймыз!
ІІ. Өткенді еске түсіру.
-Өткенді еске түсіру үшін сендер қазір тест тапсырмасын орындайсыңдар. Тест тапсырмасы 2 нұсқадан тұрады. Әр нұсқада 10 сұрақ болады.
ІІІ. Жаңа сабақ
Балалар, біздің сабағымыз бүгін ерекше өтпек. Оны білмес бұрын, теңіз туралы не білетіндеріңді ортаға салыңдар. Теңізде қандай жануарлар мекен етеді? (кит, акула, дельфин, теңіз жұлдызы, сегізаяқ, теңіз тасбақасы, атбалық, медуза т.б.)
Осы теңіз тұрғындарын жолымызда кезіктіруіміз мүмкін. Олар бізге әртүрлі тапсырмалар береді. Біз осы тапсырманы дұрыс орындасақ, «Қазына жасырынған аралға» сәл де болса жақындай түсеміз.
Ендеше, балалар,саяхатқа шығуға дайынбыз ба? Теңізге саяхатқа шығу үшін бізге не керек? (кеме)
Кеменің құрылысын еске түсірейік. (кеме штурвалы,зәкір, желкен)
Жақсы, балалар, ал ендеше кемемізге мініп, саяхатқа аттанайық.
1-кезең. Дельфин тапсырмасы.

Жұмбақтарды шеш.
Ну орманда отыр,
Күндіз көрмес соқыр.
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Төбесінде қу бұтақ,
Алар екен кім бұтап.
Қаймықпайды күштi аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. (Пiл)
Түрi жылқы бейнесi,
Жолақ-жолақ жейдесi. (Зебр)
Қара ала тоны бар,
Аңдардың ол краны.
Оны сен де танып ал,
Серейiп кеп тұрады. (Жираф)
Иiр-иiр денесi,
Сахараның кемесi,
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады.
Сайқымазақ қулығы бар,
Барған жерде ұрлығы бар.
Бұл қандай аң?
Ұғып ал. (Түлкi)
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (Қоян)
Сұрғылт тартқан түсi бар.
Ақсиған көп тiсi бар
Тыным таппай жүгiрiп,
Сiлекейi шұбырған,
Қыстау маңын ториды,
Ауылдың өш бар итi. (Қасқыр)
Үстi толы ине,
Бiрақта, iс тiгiп,
Қадамайды түйме. (Кiрпi)
Сабы жоқ қамшы,
Ешкiмге ұсынба,
Уы бар бiр тамшы,
Тiлiнiң ұшында. (Жылан)
Үй iшiн аралап,
Түнде көп жортады.
Қаптарды жарып,
Мысықтан қорқады. (Тышқан)
Тастамайды бiр елi,
Үйiн сүйреп жүредi. (Тасбақа)
2-кезең. Тасбақаның тапсырмасы.

Сөзжұмбақты шешіңдер:
а
д ж
Т а б и ғ а т
е м ұ н а ң а
ң л е р б у
і т ы ы
з ш р
Аумағы көлден үлкен, мұхиттан кіші су атауы.
Тірі табиғат.
Жаңбыр жауатын кезде аспанды жабатын табиғи құбылыс.
Шырша, қарағайдың жапырағы неге ұқсас?
Планеталар орналасқан аумақ.
Жауын – шашын түрі.
Картада қоңыр түспен бейнеленетін, өлі дене.
3-кезең. Сегізаяқ тапсырмасы.

Семантикалық картаны толтыру.
Өсімдік атауы бақта бақшада егістікте шырынды құрғақ
Алма Қияр Күріш Қызанақ Картоп Қарбыз Бидай 4 – кезең. Атбалықтың тапсырмасы.

Шашылған әріптерден сөздер құрастыр:

А, Ж, Ң, Б, Ы, Р.
К, М, Ө, І, Р.
Ж, Р, Ү, Е, К.
Ө, П, К, Е.
Қ, Ұ, Д, Қ , Ы.
Т, О, Р, П, Ы, А, Қ.
Ж, А, У, Н, Р, А.
5 – кезең. Медузаның тапсырмасы.

Берілген сөздерден бірнеше қысқа сөздер құрастырыңдар:
САУЫСҚАН
6 – кезең. Теңіз жұлдызының тапсырмасы.

Ребусты шешіңдер.
Жарайсыңдар, балалар! Осымен біз «Қазына жасырынған аралға» келіп жеттік.

Сендердің еңбектеріңе орай сандық толы қазына осы аралда жасырулы тұр екен.

ІV. Қорытынды.
Балалар, біздің саяхатымыз сендерге ұнады ма?
Несімен ұнады?
Не үйрендіңдер?
V. Үйге тапсырма.
Өткенді қайталау.VІ. Бағалау.