Сайыс саба? Физика ?леміне саяхат(7-сынып)


БҚО, Казтолов ауданы, Жас негізгі жалпы білім
беретін мектебінің физика пәні мұғалімі
Жетписова Улдай Галимовна
8711 38 26 – 2 -20
Сабақтың тақырыбы: Физика әлеміне саяхат
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушының сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру. Өткен тарау бойынша алған білімін тиянақтау және бекіту;
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін шыңдау, білім деңгейін көтеру;
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, бірлесе жұмыс істеуге, бірін-бірі тыңдауға, шапшаңдыққа, көмектесуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Пәнаралық байланыс: ағылшын және орыс тілдері
Сабақтың көрнекілігі: физик – ғалымдардың суреттері, сөзжұмбақ, үлестірмелі карточкалар, формулалар жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі өткелі отырған «Физика әлеміне саяхат» атты білім сайыс сабағына қош келдіңіздер. Сайысқа үш топ қатысады.
Олар: Молекула, Инерция, Ньютон
Ғылымдардың ғылымы
Физика жайындағы
Сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз 5 турдан тұрады. Олар:
Жоспар:
Бәйге
Полиглот
Ойлан, тап
Сөзжұмбақ
Кім тапқыр?
Уа, жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі сайыс төрінде
Физиканың елінде
Физиканың тілінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
Шабыт тасып шалқысып-дей келе 1 тур Бәйге турын бастаймыз.
10 10 10
20 20 20
30 30 30
Сол жақтағы 10, инерция заңын ашқан кім? Галилей
Сол жақтағы 20, аудан қандай әріппен белгіленеді және өлшем бірлігі?
Сол жақтағы 30, массаның өлшем бірлігі? Килограмм
Ортадағы 10, материя дегеніміз не?
Ортадағы 20, астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы?
Ортадағы 30, астрономия нені зерттейді?
Оң жақтағы 10, ең қатты дене?
Оң жақтағы 20, табиғат дегеніміз не?
Оң жақтағы 30, көлемнің өлшем бірлігі және белгіленуі?
2 тур Полиглот бұл турда физикалық шамалардың формуласын, физикалық шамаларды орыс тілінде, ағылшын тілінде жазу.
Физикалық шама формуласы Орыс тілінде Ағылшын тілінде
Масса Уақыт Көлем Тығыздық Жол Ұзындық Жылдамдық 3 тур Ойлан тап, бұл турда 3 топқа 3 ғалым беріледі, сол ғалымның өмір сүрген жылдары, қандай ұғым енгізді, сол ұғымның анықтамасы, қай ұлттың ғалымы екенін табу.
І топ – Галилей
ІІ топ- Коперник
ІІІ топ – Ньютон
4 тур. Сөзжұмбақ
5 тур. Кім тапқыр? Бұл турда 3 топтың топбасшыларына екі формуладан беріледі, жасырулы шаманы тауып, қандай формула екенін айтады.
Қорытынды: әділқазылар алқасы екі топтың қанша ұпай жинағанын айтады, женген топты марапаттайды.