Математика ?леміне саяхат сыныптан тыс саба? жоспары
Сабақтың тақырыбы: Математика әлеміне саяхат
Сынып: 6 «Б»
Мұғалім: Сағындықова А.Ү.
Сабақтың мақсаты: «Математика әлеміне саяхат» атты интеллектуалдық ойын барысында оқушыларға математиканың сиқырлары туралы түсінік қалыптастыру және пәнаралық байланыс жасап, өмірмен байланыстыру.
Сабақтың міндеттері: 1. Логикалық есептерді шығара білу;
2. Шығармашылық қабілеттерін дамыту және ойы, дүниетануын кеңейту, пәнге қызығушылығын арттыру. 3. Дәлдікке, байқампаздыққа, тапқырлыққа, әскерлікке, сенімділікке, тез шешім қабылдауға үйрену, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: сабақтан тыс іс-шараСабақтың түрі: интеллектуалдық ойын
Сабақтың әдіс –тәсілдері: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, ұжымдықПән аралық байланыс: география, тарихКөрнекіліктер: Компьютер, карточкалар, тірек-плакаттар,слайдтар, жауап парақтар, математикалық мозайка, бағалау фишкалары.
Сабақтың кезеңдері:
Ұйымдастыру кезеңі.
Топтардың өз-өздерін таныстыру /4 мин/
Кім жүйрік? Викториналық сұрақтар.
Ұй жұмысы «Көне елдерінің - Ұлы математиктері» /Карл Гаусс, Азия елдерінің математиктері, Шығыс математикасы /8 минут/
Шырпы есептері.
Топ басшылар сайысы /9 мин/
Мозайка құрастыру /2 мин/
Сабақты қорытындылау, рефлексия және марапаттау сәті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: /Сынып алдынала 4 топқа бөлінген/.
Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар!
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты,
Ақыл - ойлар әлемді арбап алды.
Математика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса.
Омар - Хаям, Әл – Фараби жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді,
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса, - дей отырып, бүгінгі 6 «Б» сынып оқушыларымен ұйымдастырылған «Математика әлеміне саяхат» атты сыныптан тыс ашық сабағымызға қош келіпсіздер, деп айтамын!!!
Бүгін сабақта оқушылар Математика әлеміне саяхат жасайды, яғни оқушылармен бірге Еуропа, Азия, Африка, Америка елдеріне саяхат жасап, сол елдердің математикасы қалай дамығаны жайлы және Ұлы ойшылдарымен танысасыңдар.
Жалпы сабақ 6 кезеңнен тұрады:
Топтардың өз-өздерін таныстыру /4 мин/
Кім жүйрік? Викториналық сұрақтар. (Шапшандылыққа арналған сұрақтар).
Ұй жұмысы «Көне елдерінің - Ұлы математиктері» (Америка елінің математиктері, Азия елдерінің математиктері, Африка елінің математиктері, Европа елінің математиктері) /8 минут/
Шырпы есептері (Топпен жұмыс).
Топ басшылар сайысы /9 мин/
Сиқырлы сандықша /логикалық сұрақ барлық топтарға/
Сайысты бастамас бұрын қатысушыларды сайыс ережесімен таныстырып кетейік:
Қол көтеріп жауап беру;
Әр тапсырманы бірлесіп жасау;
Топ басшысын құлақ салып тыңдау;
Уақытты үнемдеу;
Барлық оқушылардың жауабын мұқият тыңдап, қате болса қол көтеріп дұрыстау.
Оқушыларым, сендерді бағалайтын қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
Директордың оқу әдістемелік жөніндегі орынбасары – Калиулина Марияш Карбайқызы;
МИФ ӘБ жетекшісі және физика пән мұғалімі – Дощанова Роза Зейноллақызы;
Математика пән мұғалімі – Байдуллаева Маржан Жаходақызы.
Және де қатысушы топтарымыз:
І топ: «Математиктер»
ІІ топ: «Ай мен 7 қарақшы»ІІІ топ: «Болашақ»ІV топ: «Жас Ұландар» тобына қарсылас топтары шапалақ ұрып қойсын.
ІІ кезең: Топтар дайын ба? Дайын болса сабағымыздың алғашқы кезеңі: «Өз – өзін таныстыруына» көшейік. /Әр топ өздерін таныстырып өтеді/.
ІІІ кезең: Кім жүйрік? Викториналық сұрақтар. Ал енді, қандай топ жүйрік атағына ие болатының тексерейік. Әр топқа 10 сұрақ беріледі, топ мүшелері көп ойланбай тез арада сұраққа жауап қайтару керек. І топ дайын ба? Дайын болса, бастаймыз.
І топ - «Математиктер» тобына берілетін сұрақтар:1) Шеңбер бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді. (радиус) 2) Ортақ бөлгіші 1-ге тең сан (өзара жай сан) 3) Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек) 4) Нәрселерді санағанда қолданылатын сандар (натурал) 5) 369 саны 3-ке бөліне ме? (иә) 6) Қабырғасы 1-ге тең квадраттың ауданы неге тең? (1) 7) Бөлгіштері 2-ден көп сан қалай аталады? (құрама сан)
8) Спорт машинасымен жарысушы тасжолда 78км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Ол 2 сағатта қандай қашықтықты жүріп өтеді? (156км)
9) Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады? (шеңбер)
10) Бұл ғалым математиктер мектебін ашумен әйгілі, ол тік бұрышты үшбұрыштыңкеремет қасиетін ашқан? (Пифагор)
ІІ топ - «Ай мен 7 қарақшы» тобына берілетін сұрақтыр: 1) Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді. (диаметр)2) Көбейтіндісі 1-ге тең болатын бөлшектер қандай сандар деп аталады? (өзара кері) 3) 640 саны 5-ке бөліне ме? (иә) 4) 1 километрде неше метр бар? (1000) 5) Алымы бөлімінен кіші бөлшек. (дұрыс бөлшек) 6) Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден) 7) 48 санының үлесі неше? (24) 8) Жазыңқы бұрыш шамасы нешеге тең? (180 градус) 9) Автобус 68км/сағ жылдамдықпен 4 сағат жүрді. Осы уақытта қанша километр қашықтықты жүреді?(272км)10) Ит 15м/с жылдамдықпен жүгіреді. 8 секундта неше метр қашықтықты жүгіріп өтеді.(120м)
ІІІ топ - «Болашақ» тобына берілетін сұрақтар:1) Ауданды қандай әріппен белгілейміз? (S)2) Координата жүйесін математикаға енгізген кім? (Рене Декарт)3) Қосарланып жегілген 3 ат 1 сағат ішінде 12 км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде 1 ат қанша жол жүрген? (12 км) 4) 4/3 қандай бөлшек? (бұрыс бөлшек)
5) Саяхатшы 10 минутта 92 м/м жылдамдықпен неше метр жол жүреді? (920м)
6) Шеткі мүшелерінің көбейтіндісі, ортаңғы мұшелерінің көбейтіндісіне тең (Пропорцияның негізгі қасиеті)
7) Уақыт қандай әріппен белгіленеді (t)
8) 2-ші ауысымда 4 сабақ нешеде басталып, нешеде аяқталады? (16.40-17.25)
9) Бүтін және бөлшек бөлігінен құралған сан? (Аралас сан)
10) 5/3 кері сан (3/5)
ІV топ - «Жас Ұландар» тобына берілетін сұрақтар:
1,2 қандай бөлшек? (Ондық бөлшек)
Тікбұрышты периметрді табу формуласы (P=(a+b)2)
Велосипедші 3 сағатта 20 км/сағ жылдамдықпен қанша километр жол жүрді? (60км)7м/с жылдамдықпен жүгірген спортшы 14 секундта неше метр жүгіріп өтеді? (98м)
Велосипедші 2 сағатта 45 км/сағ жылдамдықпен неше километр жүреді? (90 км)
Архимедтің моншада ойлап тауып, қуанғаннан айқайлаған сөзі? (Эврика)
1-100 аралықтағы сандардың қосындысын тапқан оқушы, кейіннен әлемге әйгілі болған математик? (Гаусс)
Қазақстандағы Республикалық физика - математика мектебі кімнің атымен аталады? (Жаутыков Орынбек Ахметбекұлы)
Картада кішірейтіп берілген өлшем қалай аталады? (Масшатб)
Осы кесінді шеңбердің центрі арқылы өтеді (Диаметр)
Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)
ІV кезең: /Келесі кезең – үй жұмысы, яғни «Көне елдерінің - Ұлы математиктері» атты кезеңінде оқушылармен бірге математика тарихына үніле отырып, Европа, Азия, Америка, Африка елдерімен қатар Ұлы есімдермен таңысамыз. Әр топқа 2 минуттан беріледі/.
Болашақ білім ғылым тұтқасында Мұны әркім, әркез есте ұстасын да. Заманның компьютердей кезеңінде, Математика тағы тұр көш басында – дей келе сайысымыздың үшінші кезеңіне кезек берейік.
523748035179000342455535179000173101035179000V кезең – Шырпы есептері. Әр топқа жеке тапсырма беріледі осы тапсырманы оқушылар белгілі уақытта орындау керек.
VІ кезең – Топ басшылар сайысы: Тапқырлар биіктерге қалықтасын! Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын. Жеңіс туың желбіреп алауласың, Бәйгені сенен ешкім ала алмасын. Осындай алғыр достар кез келгенде, Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не? Қарсылас болғанымен құрбысыңдар, Тілейміз ізгі тілек сендерге де! – дей келе келесі «Топ басшылар» сайысын бастайық. Есептің атауы: «Винни-Пух және аралар»
Бір күні Винни-Пух бал жегісі келіп, араларға қонаққа аттанады. Барар жолында араларға сый-сияпат жасау үшін гүл шоғын жұлып апарады. Аралар қоңжықтың қолында гүл шоқтарына өте қатты қуанып айтады: «Бізде үлкен бөшке бал бар. Біз саған балды бір шарт бойынша береміз, дейді. 3 литрлі және 5 литрлі ыдыстар арқылы өзіне 4 литр құйып алсаң!» Винни-Пух көп ойланып, дегенмен шешімге келді. Винни-Пух берілген есепті қалай шығара алды? Есептің жауабын түсіндіру керек.
Шешімі:
Нәтижесінде 4 литрді қалай аламыз? 5 литрлі ыдыстан 1 литр балды құйып алуға болады. Ал 1 литрді біз қалай құйып аламыз деген сұрақ туындап тұр? 3 литрлі ыдыстың ішінде 2 литрге тең бал болу керек. Енді осыны қалай аламыз? 5 литрлі ыдыстан 3 литрді құйып алу керек.
Астыда берілген таблицадан жақсы көрініп тұр:
жүрісі 1 2 3 4 5 6
5 л 5 2 2 - 5 4
3 л - 3 - 2 2 3
Бөшкеден 5 литрлі ыдысты балмен толтырамыз (1 жүріс). 5 литрлі ыдыстан 3 литр балды 3 литрлі ыдысқа құйып аламыз (2 жүріс). Енді 5 литрлі ыдыста 2 литр қалды. 3 литрлі ыдыстағы балды бөшкеге қайтадан құямыз (3 жүріс). Енді 5 литрлі ыдыста қалған 2 литрін 3 литрлі ыдысқа қайтадан құямыз (4 жүріс). Бөшкеден 5 литрлі ыдысты балмен толықтырамыз (5 жүріс). 5 литрлі ыдыстан 3 литрлі ыдыстағы 2 литірін толықтырамыз. Сонда біз 5 литрлі ыдыста 4 литр балды аламыз (6 жүріс). Есептің шешіміне келдік.
VІІ кезең - Мозайка құрастыру: Осы кезеңде әр топқа есеп беріледі, есептің жауабы тақтадағы жауаптарына сәйкес келу керек. Тапсырма орындауға 1-2 мин беріледі. Дайын болсақ, бастаық.
VIII кезең: Сабақты қорытындылау: Ең бастысы орын емес жарыста,Терең білім жену шарты сайыстың.Тапқырлықпен ізденісте болсаңыз,Өмірде де жетерін хақ табысқа! – деп қазылар алқасына сөз беріп, оқушыларды марапаттау сәтіне келейік.
Құрметті ұстаздар, ата-аналар «Математика әлеміне саяхат» атты сыныптан тыс іс – шарамызға уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Оқушыларым белсенді жұмыс жасаған үшін көп-көп рахмет. Осымен сабақ аяқталды.