Сыныптан тыс Математика ж?не физика ?леміне саяхат
Математика және физика еліне саяхат
Оқушылардың математикаға, физикаға деген қызығушылығын арттыру, щй-өрісін дамыту, өз беттерімен жұмыс істеуге тәрбиелеу оқытудағы басты бағыттардың бірі. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың әртүрлі болуы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, ойлау қаблеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.Жылдамдыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жоспары:
Таныстыру
Шебер қолдар сайысы /үй жұмысын тексеру/
Жорға /1 минутта берілген сұрақтарға бірден жауап беру/
Логикалық тапсырмалар
Жұмбақтар шешу
П әрпінен басталатын математикалық атауды атап беру. Дәл осылай физика пәніне қатысты Ж әрпінен басталатын атауларды айтып беру.
Ғалымдар /сұрақ-жауап/
Көрініс /тақырыпқа сай/
Топ басшылар сайысы
Жұргізуші: Ғалымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен, қаталдансың.
«Ақыл –ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән – математика атанғансын!»- дей келе ортаға бүгінгі ойынға қатысушыларды шақырамыз.
Жұргізуші:Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от көздерінде жалын бар.
«9 ондық 2 бірлік» тобын халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
Жұргізуші: Үлгілі тәртіп, жақсы оқу
Алға қойған мақсаты.
Әрқашан да мектепте,
Шығып жатыр жақсы аты, - деп ортаға «Алғырлар» тобын шақырамыз.
Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырады.
Сайысымыздың келесі түрі «Шебер қолдар». Мұнда әр топ үйден геометриялық фигуралар, физикалық құралдар жасап келу керек болған. Әр топ өздерінің даярлаған құралдарын көрсетеді.
Жұргізуші:Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бұл жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Жорға» деп аталатын 3-ші бөлімді бастаймыз.
Жорға /1 минутта берілген сұрақтарға бірден жауап беру/
7*8 =56
Дөңгелектің ең үлкен хордасы /диаметр/
Бір сағатта неше минут бар /60/
Кесіндінің ұзындығын өлшейтін құрал /сызғыш/
Берілген шаманың 1/100 бөлігі? /процент/
0-ден үлкен сан /оң сан/
Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал /барометр/
Ток күшін өлшейтін құрал /амперметр/
Күштің өлшем бірлігі /Ньютон/
Екі нүктенің арасындағы түзу /кесінді/
Бір жазықтықта жатпайтын түзулер /айқас түзулер/
Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді? /жер өлшеу/
Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы қанша градусқа тең? /3600/
Пифагор теоремасы
Ең үлкен екі таңбалы сан /99/
75% - санның қандай бөлігі? ¾ бөлігі
2 топ сұрақтары
Ең үлкен жұп сан /2/
63: 7 = 9
Физика қай тілден шыққан /грек/
Ауа атмосферасының қысымы бар екенін дәлелдеген ғалым /Торричели/
Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу /параллель/
Геометрияның жазықтықтықты өлшейтін бөлімі /Планиметрия/
Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем /теорема/
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы /1800/
Бұрышты өлшейтін құрал /транспортир/
Қосу амалын өрнектейтін белгі /плюс/
Қазақстанның ең жақсы белгісі /5/
Минуттың 1/60 бөлігі /секунд/
25% - санның қандай бөлігі? ¼ бөлігі
Кері сандардың көбейтіндісі /1 /
Дискриминант формуласы
Нәрселерді санау үшін қажет сандар /натурал сандар/
Логикалық тапсырмалар /қазақ халқы физиканы білген бе?/
Киіз үйдің қай бөлігі физика заңдарына сай келеді? /сырмақ, киіз .. /үйкеліс күші
Бесікті неге пайдаланған? /математикалық маятник/
Тонды неге киген / тон су өткізбейді/
Уақытты қалай өлшеген /көлеңкеге қарап/
Жұмбақтар жасыру.
Мықты болсаң, қанекей,
Жұмбақ шешіп көрейік,
Сәл ойланып кідірмей
Дәл жауабын берейік.
Өмірдің бұл шырағы,
Әрі жүйрік көреген. /көз/
Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды. /масса/
Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсең егерде,
Басқа күйге ауысса
Жұмыс істейді әрқашан. /энергия/
Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай. /натурал сан/
Санасаң сан жетпейтін нүктелерден
Құралған фигура бар қарапайым
Салу үшін сен оны сызғыш ізде
Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым. /түзу/
Алтын терек, 12 бұтақ. 365 жапырақ /жыл, ай, тәулік/
Жіпке ілдім мен өзім, Кіп-кішкентай күн көзін /эл. шамы/
Өз еркіне жіберсең, дүниені бүлдірер /өрт/
П әрпінен басталатын математикалық атауды атап беру. Дәл осылай физика пәніне қатысты Ж әрпінен басталатын атауларды айтып беру.
Ғалымдар /сұрақ-жауап/
Ең алғашқы әйел математик /С.Ковалевская/
Координаталық түзуді кім еңгізді? /Р.Декарт/
Математикалық теңдеулер туралы ғылыми еңбек жазған қазақ ғалым? /О. Жәутіков/
Тоқ күшін өлшейтін құралды ойлап тапқан ғалым кім? /Ом/
«Бастамалар» атты кітаптың авторы /Евклид/
Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан ғалым кім? /әл-Фараби/
Биквадрат теңдеулерді шешу жолын кім тапқан? /Л.Ферарри/
Ұлы Александыр патшаның тәрбиешісі, ұстазы болған Грециядан шыққан ұлы данышпан ғалым /Аристотель/
Көрініс. Әр топ тақырыпқа сай көрініс қояды.
Топ басшылар сайысы
Мына сөздердің соңғы әріптерін қолданып, француз ғалымының фамилясын шығар. (Паскаль)
Поршень, ауа, насос, сынап, атмосфера, металл, биіктік.
Жеңіп шыққан топты марапаттап, сыйлық ұсынады.
Жұргізуші: Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар.