?ылым ?леміне саяхат математика-информатикалы? кеш
«Шетпе гимназиясы» мемлекеттік мекемесі
«Ғылым әлеміне саяхат»
Математика-информатикалық кеш
Орындағандар: Қаржауов С.
Жұбаниязова М.
2016 жыл
Тақырыбы: «Ғылым әлеміне саяхат» кеші.Мақсаты: Пәндерге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау, Тәуелсіздіктің 25 жылдығын дәріптеп құрметтеуге тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Ғылым әлеміне саяхат» атты математика-информатикалық кешімізге қош келдіңіздер!
Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты «Математика мен Информатика» әлеміне аттануға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.
2-жүргізуші: «Математика мен Информатика» ғылымдарының тарихы туралы баяндама.
1-жүргізуші: Мінеки залда тыныштық,Естілмейді дыбыс түк.Мұны бізде қоштаймыз,Кешіккендерді тоспаймыз.Ғылымдардың ғылымыМатематика ИнформатикаКешімізді бастаймыз.
Бүгінгі кешіміз еркін форматта өтетін болады. Ғылым әлеміне саяхат барысында мынадай аялдамаларға тоқтайтын боламыз:
5 мақал, 5 жұмбақ;
Сандарт сыр айтады;
Крокодил ойыны;
Зерек зерде;
Логикалық 1 есеп.
Бес жұмбақ:
Жоқ өзінде баста, қаста, мойындаҰзындығы жазулы бір бойында (сызғыш)
Биологияда бұл паразит,Көзге зорға көрінер.Информатикада өлшем бірлік,Ақпараттарды ол өлшер. (бит)
Шекер жейтін ақ құтанБір қазыққа байландыАузына тістеп шекерін,Ол қазықты айналды (циркуль)
Төртбұрышты әйнек, Тұнып тұрған әлек. (монитор)
Алды артымыз шексіз деЖете алмайсың біздерге.Сәуле менен кесіндіШыққан тегін білсе де. (түзу)
Бес мақал:
Компьютер тіршілік көзі (Су тіршілік көзі)
Жүздік ондықтан құралады (Теңге тиыннан құралады)
Білмесең, «анықтама»- дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
Жүз жай сан болғанша, Бір құрама сан болсын (Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын)
Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды (Досы күштіні - жау алмайды)
Есембетқызы Жайдарының орындауында «Басты өлең» әні
Сандар сыр айтады
Санамақ Ақжүніс, Нұргүл, Бақытжан
Бір дегенім- бесік
Шықтым содан өсіп.
Екі дегенім –елім
Жерім, тауым, көлім.
Үш дегенім-үміт
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім- төзім
Төзе білем өзім.
Бес дегенім -бақыт
Бағалайтын уақыт.
Алты дегенім -ақыл
Тыңдағаның мақұл.
Жеті дегенім- жалау
Жүректегі жалау.
Сегіз дегенім- сөзім
Серт беретін өзім.
Тоғыз дегенім- тоқтау
Елдің жоғын жоқтау.
Он дегенім -Отан
Қорға соны, Ботам!
Қасиетті сандар: 3, 7
3 дана: Абай, Ыбырай, Шоқан
3 бәйтерек: Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин
3 арсыз: ұйқы, тамақ, күлкі
7 жоқ: 1.жерде өлшеу жоқ
2.аспанда тіреуіш жоқ
3.таста тамыр жоқ
4.тасбақада талақ жоқ
5. Аллада бауыр жоқ
6. құста сұт жоқ
7.жылқыда өт жоқ.
7 қазына: 1.ержігіт 2.сұлу әйел 3. ілім-білім 4.жүйрік ат 5.құмай тазы 6.қыран бүркіт 7.берен мылтық.
7 керемет: Мысыр пирамидалары, Бабылдың аспалы бағы, Эфестегі Артемида ғимараты, Олимпиадағы Зевстің мүсіні, Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, Родос аралындағы күн кұдайы Гелиостың мүсіні, Александрия шамшырағыИнабат Бірғаным «Ей, Өмір» қара өлең
Крокодил ойыны
Оқушылар 2 топқа бөлініп, бір-біріне сөздер жасыру арқылы (Принтер, Сканер, Доға, Транспортир, Циркуль, Жүйелік блок) ойын ойнайды.
Зерек зерде
Ребус
Сөзжұмбақ
Сұрақтары:
Қағаз шығаруға арналған құралдың атауы? (принтер)
Басталу нүктесі бар және нүктенің бір жағына қарай шексіз созылатын түзудің бөлігі қалай аталады? (сәуле)
Санауда қолданылатын сандар қалай аталады? (натурал)
7 санына 7; 14; 21; 28; 35 сандары не? (еселік)
Интернетті қазақша қалай атаймыз? (ғаламтор)
Бұрыштың шамасын өлшейтін құрал (транспортир)
Түзудің екі нүктемен шектелген бөлігі қалай аталады? (кесінді)
Компьютердің қозғалтуға арналған құралы қалай аталады? (меңзер)
Компьютерде деректерді сақтау үшін қажет құрылғы (жады)
8 санына 1; 2; 4; 8 сандары не? (бөлгіш)
Адам қай мүшесі арқылы көп ақпарат алады? (көру)
Логикалық 1 есеп
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай –адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген /Ердос/
Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың /Нұркен/
Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,
Есеп-қисап, сан-цифр термек үшін.
Көрсетіп есептердің жолын қалай,
Келдім, оларды айтып бермек үшін. /Бақытжан/
Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21-ші ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды. /Данияр/
Тәуелсіздік елдеміз,
Қуанамыз күнде біз.
Ата-бабам қалдырған,
Қазақтың біз батырымыз сенсеңіз!
Тәуелсіздік еліміз
Мәңгі жасар жеріміз
Тәуелсіздік жасаған
Аға, Әпкелеріміз. /Жалғас/
Әнмен билеп аяқтау (5-сыныптың орындауында Буратино әуені).
Айдан хабар алғызғанЗәулім үйді салғызғанТеңіз суын каналменШөл далаға барғызғанЖелі тартып жолдарменЖылдам хабар алғызғанМа-те-ма-тик, математикЖетпесіңе жеткізген,Қызықты уақыт өткізгенБар ғылымды сыйдырыпБілетіні көп бізденЖаңалықтың жаршысыЖұртты елең еткізгенИн-фор-ма-тик информатикТабиғат сырын аштырғанТоқпен қазан астырғанМиллион гектер астықтыКомбайнмен бастырғанОйлап тауып жолдарынАртық берген жоспарданМа-те-ма-тик, математикИн-фор-ма-тик информатик