С?йлеуді дамыту п?нінен ?ткізген ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс — ?рекетіні? Та?ырыбы: «Киімдер д?кені» (саяхат саба?) «Ж?лдыз» ІІ с?билер тобы


КМҚК «Балерке» балабақшасы
Сөйлеуді дамыту пәнінен өткізген
ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің
Тақырыбы:
«Киімдер дүкені»
(саяхат сабақ)
«Жұлдыз» ІІ сәбилер тобы
Тәрбиеші: Копесова Назым Амангельдиновна


2016-2017 оқу жылы
КМҚК «Балерке» балабақшасы «Жұлдыз» ІІ сәбилер тобында
ашық ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 02.02.17
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: « Киімдер дүкені» (саяхат сабақ).
Мақсаты: Балаларды киім түрлерімен таныстыру, ұл мен қыздың киімін ажырата білуге үйрету. Балалардың сөздік қорын толықтыру, сөйлеу тілін дамыту. Танымдық қабілеттіліктерін жетілдіру, ойлауын, жалпы және ұсақ қол моторикаларын дамыту . Ұқыптылыққа, тазалыққа үйрету.
Көрнекіліктер: Ұл бала және қыз бала бейнеленген сурет, ұл бала мен қыз баланың киімдері (таратпа материалдар), қуыршақтың киімдері, киім қыстырғыштар, слайд материалдары.
Сөздік жұмыс: Киімдер, бас киім, киім дүкені, малақай, күрте, қолғап, етік, бәтеңке, тон, күрте, бөрік, тақия, шекпен, т.б.
Билингвальді компонент: киімдер – одежда – clothes
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің түрі: саяхат сабақ.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Жылулық шеңбері (амандасу тренингі), сипаттау, түсіндіру, АКТ технологиясы, «Топтастыру» стратегиясы, «Ойындар» технологиясы.
Іс- әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Жылулық шеңбері:
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Бізге келген қонақпен,
Сәлемдесіп аламыз.
Өте жақсы, балалар. Енді орнымызға жайғасайық. Балалар, бізге бүгін көп қонақ апайлар келді. Өзімізді жақсы ұстап, сабақта тыныш отырайық. Балалар жылулық шең-беріне жиналып, бір-бірімен, қонақтармен амандасады.
Ұйымдастырушы-лық- ізденістік - Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыста күн қандай болады?
-Біздер тоңбас үшін не істейміз?
Қане мына суретке қарап киімдердің атын атап, оларды топтастырайықшы. Қалпақ, кеудеше, күрте, қолғап, тон, етік, жемпір, және т. б түрлері бар.
Слайд №1 «Топтастыру» стратегиясы.
-Балалар айтыңдаршы, киімдердің түсі қандай, неден тігілген? Осындай киімнің түрлерін көріп танысу үшін «Киім дүкеніне» саяхатқа барайық. Ол үшін жылы киінуіміз қажет.
Шалбардың бір балағын,
Содан соң екінші балағы
Енді белді көтерелік әдемі.
Күртенің оң қолы,
Күртенің сол қолы.
Түймеледік жоғарыдан - төменге.
Ал енді етік кидік, жорыта жолға шықтық.
-Балалар гу - гу, гу - гу деген дыбыс шығады. Бұл ненің даусы? Қазір біз пойызға отырып дүкенге барамыз, (балалар көңілді пойызға отырады).
Слайд №2 (Пойыздың суреті)
«Пойыз» қимылды ойыны.
Кәне, кімнің бойы ұзын,
Паровозы ол пойыздың.
Қатар – қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық.
Пш-пш, пш-пш, баста алға,
Қарап қалма аспанға.
Гу-гу, гу-гу, гуілде,
Қалып қойма бірің де.
Кәне, балалар тоқтайық,
Пш-пш, пш-пш.
-Балалар, біз дүкенге келдік. Мынау киім
сататын дүкен, сөрелерде түрлі киімдер тұр.
Слайд № 3 (Киім дүкенінің суреті)
Сендерге таныстырайын: мынау қыздарға арналған көйлек, мынау жейде, мынау күрте, мынау тон, мынау шалбар, мынау бас киім, мынау етік, бәтеңке т.б.
-Балалар мынау кім?
Сатушыға амандасайықшы.
Сатушы апайдан киімдер сатып алайық, мына күрте қанша тұрады, маған беріңізші?
Мына баскиім қанша тұрады?
Ал мына етік қанша тұрады?
Барлығы қанша тұрады?
-Балалар, енді біздер өз балабақшамызға оралайық, біздер қайда отырып барамыз? Барлық балалар көңілді пойызға отырып, балабақшаға оралады.
-Балалар, жол жүреміз деп біраз шаршаған сияқтымыз. Шаршағанымызды басу үшін біраз сергіп алайық.
Сергіту сәті:
«Менің киімдерім» атты санамақ
«1»дегенім-бөрік,
Кисең бойға көрік.
«2»дегенім-етік,
Киер сәнді етіп.
«3»дегенім-ішік,
Теріден тігер пішіп.
«4» дегенім-тымақ,
Қыста кисең жылы-ақ.
«5» дегенім-байпақ,
Іші жылы тайпақ.
- Балалар, біз саяхатқа шықпас бұрын дұрыс киіне аламыз ба? Кәне, дұрыс киіну алгорит-міне (ретіне) назар аударайық.
Слайд № 4 (Киіну реті).

-Балалар, енді мына қуыршақтың көйлегіне қараңдаршы. Оның көйлегі қандай?
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бұл ұлттық киім түрі.
Кәне, экранға қарайықшы. Ұлттық киім түрлеріне назар салайық.
Слайд № 5 (Ұлттық киімдер)
Ұлттық киім түрлерін атау.
Қорытынды: Біз ұлттық киімдерімізді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында, той, мерекелерде киеміз. Ал үстіміздегі киімдер қазіргі заманғы заманауи киімдер болып табылады.
-Балалар, өте жақсы. Енді мен сендермен осы киімдерге байланысты «Кім жылдам?» ойынын ойнағым келіп тұр.Сендер өскенде өз киімдеріңді қалай жуып, іледі екенсіңдер? Соны үйренейік.
Мақсаты:
Балалардың ұсақ қол моторикаларын дамыту.
Ойын шарты:
Балаларды екі топқа бөліп, екі ыдысқа қуыршақтардың киімін жуып, оларды жіпке қыстырғыштармен ілу керек. («Монтессори» технологиясы).
Екі топтың балаларын мадақтау. Қыс мезгілі.
-Қар жауып, күн суық болады.
-Жылы киімдер киеміз.
Балалар киімдердің аттарын атайды. Оларды топтастырады.
Киінгендерін қимыл - қозғалыспен көрсетеді.
Балалар тәрбиешімен бірге сапқа тұрып, ойынға қатысады. Өлең жолдарын қайталайды.
Балалар киім аттарын қайталайды.
-Сатушы.
-Сәлеметсіз бе?
- 1000 теңге.
500 теңге.
1000 теңге.
Барлығы 2 500 теңге тұрады.
-Пойызға.
Балалар тәрбиешімен бірге санамақты айтып, қайталайды.
Балалар дұрыс киіну алгоритміне назар салады.
-Ұлттық қазақ киімі.
-тақия, сәукеле, тымақ, бүрмелі көйлек, шапан, т.б.
Ойынға белсене қатысады.

Рефлексиялық - түзетушілік
«Мынау кімдікі?» дидактикалық ойыны.
Шарты: киімдердің қайсысы ер баланікі, қайсысын қыз балаға кигізу керек?
 
Балалар бүгінгі сабақта біз не туралы айттық?
Біз пойызбен қайда бардық?
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады деп ойлаймын. Барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. Барлығыңа рахмет.
Балалар ойынға белсене араласады.
Ұл мен қыздың киімін дұрыс ажыратып, оларды киіндіреді.
-Киімдер.
-Киім дүкеніне саяхаттадық.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Киімдерді топтастыруды. Ұл бала мен қыз баланың киімдерін ажырата білуді.
Игереді: Ұлттық киім түрлерін , ұл бала мен қыз баланың киімдерінің өзіндік ерекшелігін.
Меңгереді: Өзін – өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын.
Әдіскер: Жумашева А.Ж.
Тәрбиеші: Копесова Н.А.