Разработка по казахскому языкуна тему ?ызы?ты математика еліне саяхат


Қызықты математика еліне саяхат.
Мақсаты:
Балаларды санауға логикалық есепті шығаруға уйрету.Жаңа технологияны қолдана отырып,балалардың ой-өрісін дамыту.Шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Қайталау,мадақтау,көрсету,түсіндіру сұрак-жауап,ойын,сергіту,шаттық шеңбер.
Қолданылатын көрнекіліктер:
Үйшік,ертегі кейіпкерлер,ойыншықтар,сандар,кубиктер,музыка,жазу тақтайша.
Кел балалар тұрайық
Шеңбер жасап құрайық
Қол ұстасып алайық
Ақ тілекті жолдайық
Аман-есен болайқ
Тату-тәтті тұрайық
Бүгін бізде ерекше күн.Математика еліне саяхатқа барамыз.Айтыңдаршы математика сабағында не үйренемі? басанау,геометриалық пішіндер,түстер т.б.Ендеше балалар көздерімізді жұмып,тыныш тұрайық.Айнала тып-тыныш жасыл шөп,гүлдер өсіп тұр.Ағаштардың басында құстар ұшып тұр.Көзімізді ашып қарасақ,әдемі үйшік тұр.Ол орманшыныңүйі болуы керек.Есігін қарап көрелік.
Тук-тук-тук
Кенет үйшіктен аю шығады.
-Бұл кім,мені ұйқымнан оятқан.
-Біз ғой балалар.Мына әдемі гүлді көрген соң,орманшы атайдың үйі шығар деп едік.
-Жоқ.Ол енді менің үйім.Мен орманшы атайды қуып шықтым.Қазір сендерді жеп қоямын.
-Бізге тимеші,біз енді сені оятпаймыз.
-Жарайды ендеше менің бір тапсырманы орындап беріңдер.
-Сендер санау білесіңдерме?Санап көріңдерші.
-Иә.Балалар санайды.
-Ал геометриялық пішіндерді танисыңдар ма?
-Иә.Олай болса,менің үйім қандай пішіндерге ұқсайды?
-Қабырғасы төртбұрыш,шатыры-үшбұрыш.
-Дұрыс.Олай болса мен сендерге тимеймін.
-Бірақ енді мені оятпаңдар.
-Кенет бақа келеді.Амансыңдар ма балалар.Мені таныдыңдарма?
-Балалар:Иә,бақасың.
Бақа,бақа балпақ
Басың неге жалпақ?
Бақа:
Темір тостақ көп киіп,
Содан болды жалпақ
Түсім менің қандай?
Көзім менің қандай?
Мына үйде кім тұрады есігін қағып көрейік.
-Тук-тук-тук.
АЮ:Бұл кім тағы?
Бақа:Үйің әдемі екен,екеуміз дос болайық.Бірге тұрайықшы.
АЮ:Сен сымайсың.Менің қояр шартым бар,орындасаң үйге кіргіземін.
Тапсырма:Санамақ айту.
Бақа:Балалар маған көмектесіңдерші.Мен санамақ білмеймін.
1-дегенім бесік,шықтым содан өсіп
2-дегенім елім,орман,тауым,көлім
3-дегенім үміт,үміт артар жігіт
4-дегенім төзім,төзе білем өзім
5-дегенім бақыт,бағалайтын уақыт.
АЮ:Жарайды бірге тұрайық.
Бақа би билеп береді.
Кенет:Секіріп қоян келеді.
Мен қасқырдан қашып келемін,қайда тығылсам екен.Мына үйге тығылайыншы.
-Тук-тук-тук.
АЮ:Бұл кім?
Мен қоянмын.Есікті ашыңдаршы мені қасқыр қуып келеді.
-Сен біздің үйге сымайсың
-Егер қоянды кіргізсек нешеу боламыз?
Балалар:үшеу.
АЮ:Жарайды бірақ менің шартым бар
Мына 5-ке дейінгі сандарды ретімен қойып шықшы.
Қоян:Мынау таяқша сияқты 1 саны.Әрі қарай білмеймін.Балалар көмектесіңіздерші.Балалар 1-5ке дейін сандарды ретімен қойып береді.
АЮ:Қоянды үйге кіргізеді.Кенет қасқыр келеді.
Қасқыр:Мына жерден қоянды көрген жоқсыңдарма?
Балалар:Жоқ
Қасқыр:Осы жаққа қашып кетіп еді.Менің қарным ашып тұр.Әлде сендерді жеп қойсам ба ?
Балалар:Бізге тиме.Біз сенің қойған тапсырмаңды орындап берейік.
Қасқыр:Ендеше санау білесіңдер ме ?
-Құлағым менің нешеу?
-Құйрығым менің нешеу?
-Аяқтарым нешеу? Балалар дұрыс жауап береді.
Қасқыр:Дұрыс балалар.Жарайды.Онда мен кетейін.
Сергіту жаттығу «Құмырсқа»
Түлкі:Амансыңдар ма,балалар?Сендердің дауыстарыңды естіп,менде келдім.
-мына үйде кім тұрады?
-Тук-тук-тук
АЮ:Бұл кім?
Түлкі:Мен түлкімін.Үйің маған ұнап тұр мен сендермен бірге тұрайыншы
АЮ:Менің бір шартым,орындасаң үйге кіргіземін.
Түлкі:Қандай шарт?
АЮ:Сен маған 1 және 2 санын жазып көрсетші. Балалар: 1-2 санын жазып көрсетеді.
Түлкі:Рахмет балалар.Сендермен бір ойнап алайықшы. Балалар түлкімен «Түлкішек» мысалын айтады.
АЮ:Түлкі келе ғой.Үйге кіре ғой.
Маса:Ызылдап келеді.Жерде тұрған сандардың орындарын ауыстырып қояды.
АЮ:Мынау не ызылдап жүрген?
Маса:Мына үйдің әдемісін-ай.менде осы үйде тұрғым келеді.Аю мені үйіңе кіргізші. Менде осы үйде тұрғым келеді.Аю мені үйіңе кіргізші.Мен сендермен бірге тұрайыншы.Мен тамақ ішпеймін,орын алмаймын.
АЮ:Сен оң-сол,алды-арты деген ұғымдарды білесің бе?
Д:О «Өз орныңды тап»
Маса:Менің артыма,алдыма,оң-сол жағыма кім келіп тұрады? Балалар тұрады.Аю масаны үйге кіргізеді.Маса ұйықтаған соң аңдардың бәрін шағып,үйден қуып шығады. Балалар осымен сендер нені тамашаладыңдар?Қандай тапсырмаларды орындадық?Сендерге қызық болдыма ?Міне көрдіңдер ме,сендер көп нәрсе біледі екенсіңдер.
Мадақтау.
Соңы.