Презентация по развитию речи на тему Ертегілер еліне саяхат


Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»Бөлімдер: «Көркем әдебиет», «Тіл дамыту», «Сурет», «Құрастыру»
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
1. Балалардың ақыл-ойларын, сөздік қорларын дамыту.Сөзді анық айтуға,есте сақтау қабілетін дамыту.2. Кейіпкерлерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету.Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.3. Балаларды ұқыптылыққа, жан-жануарларға қамқор болуға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу;
Сөздік жұмыс: СаяхатКеректі көрнекіліктер: Шалқан ертегісінің суреті, дорба, қисынды есептер, мультфильм кейіпкерінің екі түрлі суреттері, түймелер тігілген картондар, акварель бояуы, конструкторлар, тышқан, тауық (қуыршақ театр), сахна, бағалауға арналған жұлдызшаларСабақтың барысы: «Шаттық шеңбері» Армысың құдіретті Аспан ата, Армысың мейірімді Жер ана, Армысыздар келген қонақтар, Армысың менің Жан досым,
Тәрбиеші: Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз сиқырлы пойызға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз.Қане, бәріміз пойызға отырып, кетейік.Балалар бір-бірінің иығынан ұстап, пойыздың дыбысын шығарып жүреді.
І аялдамаға келдік. Көркем әдебиет аялдамасыТәрбиеші: Балалар бұл аялдамада қараңдаршы сиқырлы қапшық бар екен.Ішінде не бар ененін білесіңдер ме?
Балалар: Жоқ, білмеймізТәрбиеші: Олай болса Айзере ішінде не бар екен?
Балалар: СуретТәрбиеші: Ия дұрыс айтасыңдар бұл жай сурет емес, ертегі суреттері.Бұл қандай ертегінің суреті айтыңдаршы?
Балалар: Шалқан ертегісіШалқан ертегісін әңгімелеу.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар бұл аялдамадағы тапсырманы дұрыс орындадыңдар.Енді пойызымызға мініп келесі аялдамамызға барайықІІ аялдама.Математика аялдамасыТәрбиеші: Балалар бұл аялдамада бірнеше тапсырмалар берілген.Бірінші тапсырма.Тақтада суреттер ілініп тұр.Ол суреттердің артында қисынды есептер бар.Есептер шығаруға дайынсыңдар ма?
Балалар: Ия дайынбыз (Қисынды есептер шығарады).
Тәрбиеші: Балалар сендер есепті дұрыс шештіңдер.Ал, енді екінші тапсырманы көрейік. «Сиқырлы қорапша» балалар қорапшаның ішінде түймелер тігілген картондар бар қазір біз ол түймелерден ойын ойнаймыз.
Дидактикалық ойын: «Көзіңді жұм да, сана»
Ойынның шарты: 7 бала шығады, қолдарына картондар беріледі,көздерін жұмып, сипап сезу арқылы қолдарындағы түймелерді ретімен санайды.Осылайша барлық сандарды атап шығады.Қалған 3 бала ол сандарды тура және кері санайды.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар сіздер бұл ойынды керемет ойнадыңдар.Ал енді тағы да ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: ияТәрбиеші: Біз қазір «Айырмашылығын тап» ойынын ойнаймыз.Ойынның шарты: Екі мульфильмдегі кейіпкердің сурет берілген, сол екі суреттің бір-бірінен айырмашылығын табу керек.-Жарайсыңдар.Бұл ойынды да жақсы ойнадыңыздар.Пойызымызға мініп «Сергіту сәті» аялдамасына барамыз.
Сергіту сәті:
Аяқпенен топ-топ-топ, Ал қолменен хоп-хоп-хоп, Бір оңға бір солға, Айналайық кел мұнда. Қолымызды бір сілкеп, Басымызды шайқайық. Бір оңға бір солға, Ойнайықшы кел мұнда. Секіреміз жоғары, Қиын емес секіру. Бір оңға бір солға, Секірейік кел мұндаТәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.Енді пойызымызға мініп саяхатымызды жалғастырайық.Келесі аялдама «Өнер» аялдамасы.
ІІІ Өнер аялдамасыТәрбиеші: Балалар жылаған дауыс естіле ме?
Балалар: Ия
Тәрбиеші: Ой, балалар қараңдаршы мұнда тышқан мен тауық жылап тұр.Тышқан, тауық сендер неге жылап тұрсыңдар, не болды?
Тышқан: Жыламай қайтейін біздің үйшігімізге Аю сыймай құлатып қойды, оны қалай құрастырамын.(жылайды)
Тауық: Ал, менің балапандарым аш менің балапандарыма тары керек.Балалар сіздер маған тары жасап көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші:Тышқан, тауық сіздер жыламаңыздар менің қыздарыммен ұлдарым сіздерге көмектеседі.Балалар аю үйді қандай ертегіде кездесетін еді?
Балалар: Үйшік ертегісіндеТәрбиеші: Ия дұрыс айтасыңдар балалар.Ендеше көмектесемізбе балалар?
Балалар: Ия біз көмектесеміз.
Тәрбиеші: Олай болса ұлдар сіздер мына құрастырғыштар арқылы Тышқанға үй жасап беріңіздер, ал қыздар болса Тауыққа мына бояулар арқылы тары жасап берсін жарайма?
Балалар: Жарайды. (Ұлдар конструкторлар арқылы әдемі үй құрастырады, қыздар кішкентай саусағы арқылы ақ бетке сары бояудан тары жасайды)
Ұлдар: Тышқан міне сіздің үйіңіз енді жыламаңыз.
Тышқан: Рахмет сендерге балалар менің енді бұрынғыдан да әдемі үйім болатын болды.
Қыздар: Тауық алыңыз міне сіздің тарыңыз.Енді жыламаңыз.
Тауық: Балалар сіздерге көп рахмет.Сіздердің көмектеріңіздің арқасында балапандарым аш қалмайтын болды.
Тәрбиеші:Тауық, тышқан менің балаларымның сіздерге көмегі тигеніне қуаныштымын.Сау болыңыздар.Балалар енді пойызымызға отырып, келесі аялдамамызға барайық.Келесі аялдамамыз «Тіл дамыту» аялдамасы.
ІV аялдамаТоп ішіне кенеттен Бауырсақ кіріп келеді.Балалар таң қалады.
Бауырсақ: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе?
Бауырсақ: Мен кіммін?
Балалар: БауырсақсызБауырсақ: Жарайсыңдар.Мен қай ертегіденмін?
Балалар: Бауырсақ ертегісіненсізБауырсақ: Жарайсыңдар балалар, өте керемет.Балалар өздерің қайдан келе жатырсыздар?Егер сіздер менің сұрақтарыма толық жауап берсеңдер мына сандықшаның ішіндегі сыйлықтарды сіздерге беретін боламын.КЕлісесіңдер ме?
Балалар: Ия.Біз Шалқан ертегісін әңгімеледік, есептер шығардық, суреттің айырмашылығын таптық, Тышқан мен Тауыққа көмектестікБауырсақ: Қалай көмектестіңіздер?
Балалар: Ұлдар үй құрастырды, ал біздер тары жасадықБауырсақ: Өте тамаша балалар мына сыйлық сендерге, енді мен өз ертегіме барайын.Сау болыңыздар балалар.
Балалар: Сау болыңызТәрбиеші: Балалар жарайсыңдар сіздер Бауырсақтың сұрақтарына толықтай жауап бердіңіздер, сондықтан ол сіздерге мына сыйлығын беріп кетті.Алдымен пойызымызға мініп тобымызға қайта оралайық содан кейін мен сіздерге Бауырсақтың сыйлықтарын тарататын боламын жарайма?
Балалар: ЖарайдыТәрбиеші: Олай болса пойызымызға мінейік.Кеттік— Міне, балалар біз тобымызға да келдік.Енді мен сіздерге бірнеше сұрақтар қоятын боламын сол сұраққа жауап беремін.Содан соң сыйлықтарыңды беретін боламын.— Балалар біз қайда саяхат жасадық?— Саяхатымызда нелерді көрдік?— Біз қандай есептер шығардық?— Біз кімдерге көмектестік?— Қандай кейіпкерлерді көрдік?
Тәрбиеші: Балалар өте тамаша сіздер бүгінгі оқу іс-әрекеттемізге белсенді болып, барлығыңыз жақсы қатыстыңыздар.Мен енді сіздерге сыйлықтарды таратайын.Ой, қоян сіздерге өте жақсы жауап бергендеріңіз үшін мынадай жұлдызшаларды беріпті.Осымен бүгінігі оқу іс-әрекетіміз аяқталды.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Балалар ертегінің мазмұнын білуі керек.Қисынды есептерді шығара алуы керек.Еркін сөйлей білуі керек.
Болуы керек: Балалардың сабаққа деген қызығушылықтары, сұрақтарға толықтай жауап болуы керек;
Қолынан келуі: Балалар есептерді өздері шығара алады, әдемі үйді, тарыны өздері жасай алады, ертегі кейіпкерінің рөлдерін өздері ойнай алады.