«?ызы?ты биология ?леміне саяхат» интеллектуалды сайыс


Тақырыбы:«Қызықты биология әлеміне саяхат» интеллектуалды сайысЖүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Қызықты биология әлеміне саяхат» атты 9 - сыныптар арасында биология пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!Ақыл – тон, аңдығанға тозбайтұғын,Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,Арқаңның ауруы не қозбайтұғын,-деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскерлерімізді таныстырып өтейін: ……Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:1. Химия пәнінің мұғалімі 2. Биология пәнінің мұғалімі 3.Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам:Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:І кезең – Кім білгір?ІІ кезең – «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?»ІІІ кезең – Терминдер аукционыІҮ кезең – Бұл қандай ғылым?Ү кезең – Төртінші артықҮІ кезең – Ғажайып биологияТапқыр, білгір, дарындыЖарыс бар бүгін арындыХимия пәнін сүйсең сенОртаға сал барыңды -деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын бастасақ.1 кезең «Кім білгір?» кезеңінде әр оқушыға 10 сұрақ оқылады. Сайыскерлер оқылған сұраққа толық жауап береді. Дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.Зоология бөлімі бойынша1. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы: Ихтиология2. Балықтың зәр шығару мүшесі: Бүйрек3. Денесінің түсі тез өзгерете алатын қабыршақтылар отрядының өкілі: Құбылғы4. Африка түйеқұсының саусағы: Екеу5. 150 млн. жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі: Көнеқұс6. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын: Көкет (диафрагма)7. Жұмыртқа салатын сүтқоректілер Түрпі8. Еліміздегі кесірткенің ең үлкен түрі Келес9. Қосарлы тыныс алатын жануарлар. Құстар.10. Құрттар - топырақтан, шыбындар - шіріген еттен пайда болады деп есептеген ғалым. т Аристотель.Анатомия бойынша1. Адам денесіндегі буындар саны: 230.+2. Қанда темірдің тұрақтылығын сақтайтын без: Гипофиз3. Инсулин жетіспегенде болатын ауру: Қант ауруы4. Есте сақтаудың төмендеуі немесе бұзылуы: Амнезия5. Қанның құрамына жасушалар кіреді: Лейкоциттер6. Түсті ажырата алмайтын ауруды қалай атайды: Дальтонизм7. Оқу кезінде кітап көзден мынадай қашықтыққа алыс болуы керек: 30 - 35см8. Қан айналудың бір айналымы қанша уақыт алады: 27 секунд9. Гуморальдық реттелуде негізгі рөл атқаратын заттар: Гормондар10. Арқа омыртқаларының саны: 12Ботаника бөлімі бойынша1. 1665 жылы алғаш рет өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен көрген: Роберт Гук2. Төменгі сатыдағы өсімдіктер: Балдыр3. Біржасушалы талшықты балдыр: Хламидомонада4. Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым: К. А. Тимирязев5. Жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері: Гүл сағағы6. Пішіні малдың тұяғына ұқсас: Діңқұлақ7. Қостанай далалы аймағында орналасқан қорық: Наурызым қорығы8. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның «Қызыл кітабы» жарық кқрді: 1981 жылы9. Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым: Ботаника10. 1920 - 1930 жылдары «Өсімдіктану» оқулығын жазған ғалым: Ж. КүдеринЦитология бөлімі бойынша1. Жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет береді: Қабықша2. Жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат: Цитоплазма3. Жасушаның көбеюіне қатысады: Ядро4. Тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер: Пластид5. Жасушаларды энергиямен қамтамасыз етеді: Митохондрия6. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді: Лизосома7. Жасушадағы көпіршік, түтікше тәрізді органоид: Гольджи жиынтығы8. Плаастидтер болады: Өсімдіктерде9. Жасушадағы органикалық қосылыстар: Нәруыздар, май10. Нәруызды түзетін аминқышқылдардың саны: 20Биологиялық ғалымдар1. 1870 - 1880 жылы ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді: Луи Пастер2. Микробиологияның дамуына жол ашқан: Л. Пастер3. 1892 жылы темекі теңбілін зерттеп, вирусты ашты: Д. И. Ивановский4. «Вирус» терминін 1899 жылы ғылымға енгізді: М. В. Бейерник5. Биосфера туралы ілімнің негізін салған ғалым В. И. Вернадский6. Хромосомалық теорияны жарыққа шығарды Т. Морган7. Ядролық сынақ өткізуге мораторий жариялаған тұлға. Н. Назарбаев.8. Эволюциялық ілімнің негізін салған ғалым Ч. Дарвин9. «Зоология философиясы»атты еңбек жазған ғалым Ж. Б. Ламарк10. «Невада – Семей» қозғалысын басқарған. О. Сүлейменов.Генетика бөлімі бойынша1. Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштіктерін зерттейтін ғылым Генетика2. Генетиканың негізін салушы Г. Мендель3. Хромосомалық теорияны жарыққа шығарды Т. Морган4. Генотип және фенотип ұғымдарын қалыптастырды В. Иогансен5. Г. Мендельдің бірінші заңы Біркелкілік6. Г. Мендельдің екінші заңы Белгінің ажырауы7. Басыңқы гендер қалай атаймыз. Доминантты8. Генетикалық зерттеулер жүргізуге қолайлы жәндік. Дрозофила шыбыны9. Г. Мендель заңдарын екінші рет дәлелдеген ғалым. Де Фриз, К. Корренс10. Ген деген терминді ғылымға енгізген ғалым. Т. МорганII кезең «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?»» кезеңінде әр оқушыға 2 сұрақ оқылады. Сайыскерлер оқылған сұраққа сенемін немесе сенбеймін деп жауап береді. Дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі.1. Сенесіз бе, сенбейсіз бе саңырауқұлақты зерттейтін ғылымды микология деп атайды.2. Сенесіз бе, сенбейсіз бе паразитті саңырауқұлақпен нан ашытуға болады.3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе дүниедегі ең биік ағаш – шырша4. Сенесіз бе, сенбейсіз бе жануар жасушасында пластидтер кездеседі.5. Сенесіз бе, сенбейсіз бе бақаның ескерткіші Франция мен Жапония елдерінде қойылған.6. Сенесіз бе, сенбейсіз бе қазақстанда 12 қорық бар1. Сенесіз бе, сенбейсіз бе тағамдарды бүлдіретін саңырауқұлақтарға мукорды жатқызады.2. Сенесіз бе, сенбейсіз бе адамда 1 бас, 2 қол. 3 аяқ бар3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе адам бүйректің салмағы 150, жүректікі 250 - 300 г.4. Сенесіз бе, сенбейсіз бе ағаштар 300 - 500 жыл жасайды.5. Сенесіз бе, сенбейсіз бе картоптың отаны Қазақстан.6. Сенесіз бе, сенбейсіз бе Ақтөбе облысында Ырғыз Торғай Резерваты барIII кезеңОқушыларға уақыт беріледі таңдаған саласы бойынша термин сөздерді жазып шығады.1. Микробиология2. Ихтиология3. Микология1. Бриология2. Генетика3. Диетология1. Орнитология2. Урология3. Биология1. Физиология2. Экология3. ГельминтологияСөздің кезегін әділ - қазыларға береміз.Жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Қызықты биология әлеміне саяхат» сайысы өз мәресіне жетті. Енді кезек марапаттау кезеңіне өтеді.Алда әлі де биік – биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.Қош сау болыңыздар!