Поурочный план на тему Дыбыстар мен ?ріптер. ?ар ?андай? (1-класс)


Тақырыбы: Дыбыстар мен әріптер. Қар қандай?
Мақсаты:
Білімділік: дыбыс пен әріп туралы алған білімдерін кеңейте отырып , оқу-жазу
дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылық:мәтін мазмұнын дұрыс түсінуге мүмкіндік жасау,сөздік қорларын
дамыту;
Тәрбиелік:табиғатты аялап қорғай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі:дәстүрлі
Сабақтың әдісі: түсіндіру
Пәнаралық байланыс: дүниетану,математика
Көрнекілігі: суреттер ,жылжымалы тақта,шар,үлестірмелі карточкалар

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі
Қызығушылықтарын ояту
1 ) Қабат-қабат қапталған, 2 ) Ұшымен қазық,
Асыл сөзбен апталған, Кең көзді жазып
Парағы бар сөйлейтін, Үстінен өттім,
Ол қазына өлмейтін Асыл сөз жазып.
Бұл не? (кітап) Бұл не? (дәптер)
3 ) Денесі бар шыбықтан,
Темір тұмсық құдықтан,
Сусын алып ішеді,
Ойы із боп түседі
Бұл не? (қалам)
II.Өткенге шолу.
Берілген сандарды ретімен орналастырып сөздер құрау:
3; 1; 10; 2; 8; 7; 6; 5; 4; 9.
б; о; н; а; ы; р; қ; з; я; у;
2; 4; 5; аяз
3; 1; 7; 2; 10; боран
6; 8; 7; 2; 9; қырау
6; 2; 7; қар
Қыс мезгілінде болатын табиғат құбылыстарын айта отырып,
жаңа тақырыпты ашу
III.Мағынаны ашу
Жылжымалы тақтадан жаңа тақырыпқа байланысты суретті көрсету
Жеке-жеке мәтіндегі кейіпкерлерге тоқталу
Олардың айтқан сөздерінен тақтаға топтастыру жасау
Қар қандай?
Көгілдір түсті
Жып-жылы
Кереметтей ауыр
Күмістей
Жеп-жеңіл
Тастай суық
Алтындай жарқырайды


IV.Ой толғаныс
Сөз дыбыстан құралады
Дыбыстар жазуда әріппен таңбаланады
Дыбыстарды айтамыз,естиміз
Әріптерді көреміз,жазамыз.

Дәптермен жұмыс
Күннің жады мен жаңа тақырыпты жазғызу. Дыбыстар мен әріптер.Қар қандай?
15-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жазу
Қырда қырау,
Қызыл ала бұзау
Өзі қалаған бір сөзге дыбыстық талдау жасау

Сергіту сәті
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезеңді торлайды
Қарға аунап ,бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды,
Кейде ұлып,кейде жұлып,
Ұйтқып боран соғады
Сырғанауда,домалауда бәрі қыста болады
Қимылмен көрсету
Тақтамен жұмыс
16-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып,мағыналы сөз жасау

білім , білгіш, білек, білді
сабын, сағат, сандық, самса, салат
Өз бетіндік жұмыс
Үлестірмелі карточкалар беру
Сабақты бекіту сұрақтары
Дыбыс дегеніміз не?
Әріп дегеніміз не?
Қар қандай?
Қорытындылау
Үйге тапсырма .Мәтінді түсініп оқу,түсінгендерін айту
Бағалау