Кітапхана ?ажайып ?азына
Кітапхана – ғажайып қазына
ХХІ ғасыр – мәдениеттің ғылым мен білімнің ғасыры.
Бар білімнің қайнар көзі –кітапхана. Н.Ә.Назарбаев.
XXI ғасыр – руханият,мәдениет,ақпарат ғасыры.
Қай қоғамның да тұрақты дамуында мәдениеттің алар орны зор екеін алға тартсақ, біздің рухани - мәдени тынысымыздың өзекті мәселелерінің бірі – кітапхана.
Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін болсақ,сол мектепте орналасқан кітапхана да осы міндетті бірге атқарады.
Кітапхана – оқушылардың сапалы білімнің кепілі.
Бүгінгі шәкірт-ертеңгі ел тұтқасы екенін ескерсек,мектеп оқушыларының сапалы білім,дұрыс тәрбие алуына мектеп кітапханасының берері мол.
Біздің Тауағаш орта мектеп кітапханасы заман талабына сай жабдықталған.
Бүгінгі мектеп кітапханасы кітап қоры және кітаппен қамтамасыз етумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар қоғамдық-мәдени орталық. Жаңа ғасыр білім беру жүйесіне бұқаралық ақпарат құралдарының еркін енуін жүктеп отыр. Мектеп кітапханалары шәкірттерге сапалы білім беруде, тәрбиелік шараларды өткізуде мұғалімдердің бірден-бір серігіне айналуға тиіс.
Тауағаш орта мектеп кітапханасының кітап қорында 7126 дана кітап бар,оның ішінде 3000 оқулық қоры,көркем әдебиет,әдітемелік оқу құралдары , электронды оқу құралдары бар.Кітапхананы мерзімді басылымдармен қамтамасыз ету жүйелі жүргізіледі.Биылдың өзінде кітапханаға әр түлі газетке ,түрлі журнал басылымына жазылдық.Аталған басылымдарда жарық көрген маңызды мақалаларға картотека жасалды.
Кітапханада тағы да басқа тақырыптық бөлімдер жабдықталған.Оқушылардың , мұғалімдердің, ата-аналардың өздеріне қажетті әдебиетерді оқуына жағдай жасалған.Айына бір рет жүргізілетін 1-4 сынып аралығында «Кітапқа жедел жәрдем», 5-8 сыныптар үшін «Кітап-біздің досымыз», 9-11 сыныптар аралығында»Кітап - алтын қазына» атты сыныптар арасында рейд жүргізіледі. Даталы күндерге байланысты жазушыларға арнап көрме ұйымдастырып,оларға библиографиялық шолулар жасап отырамын.Оқу залында «Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным!»атты тұрақты кітап көрмесі жасалынып тұр. Тақырыптық сөрелер «Ауылымыздың ардақты азаматының туындылары» Жақсыбай Самратқа , «Туған жер жұлдыздары» Есіл бойында туған ақын-жазушыларымызға арналған .Қазақтың «Үш бәйтерігі атанған жазушыларымыз С.Сейфуллин,І.Жансүгіров,Б.Майлинның» 120 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырып жасалынды.Оқушылар көрмені көзімен көріп,әрбір кітапты ұстап,жазып қойған дәйек сөзге қарап ойларында,естеріне сақтайды.
Олар кітапханадан қажетті кітабын алып оқитын сеніммен келеді. Сондықтан оқушыларға мүмкіндігінше кітап тауып беріп немесе газет-журнал материалдарынан қарап беруге тырысамын.
Оқырманға қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін қамтамасыз етіп,өз қорын ашып көрсету,кітапқұмарлыққа тәрбиелеу,кітап қорының сақталуына үлкен мән беремін.
Кітапханада 2004 жылдан бастап кітапхана кеңесі құрылып , жұмыс істейді.Кеңес мүшелері мектеп оқушылары үш жылда бір ауысып тұрады. Осы кітапхана – кеңес мүшелері біздің тұрақты оқырмандарымызды мектеп бітіргенде, соңғы қоңырауда кітапхана атынан грамотамен,алғыс хатпен марапаттайды.
Осы кітапхана кеңесінің мүшелерімен бірлесе отырып,оқу жылының басында түрлі тақырыптар бойынша әр салаға,жыл ерекшелігіне,даталы күндерге орай түрлі мәдени іс-шаралар,кездесулер,пікірсайыс,конференция.әдеби кештер өткізу жоспарланады.Кітапхананың қазіргі кезде,жас жеткіншектердің өскелен талабын қанағаттандыруда,рухани байлығын,жалпы қабілетін,ой-өрісін дамытуда,жоғарғы эстетикалық талғамын қалыптастыруда,оқырманның қызығушылығын арттыруда алатын орны ерекше.
Бүгінгі мақсат – дамушы емес, дамыған елдермен терезе теңестіру. Бұл тек төл тарихымыз бен әдебиетіміз арқылы ғана жемісті бола алады.Ендеше, оқудан қол үзбейтін оқырмандарды көбейтіп, оқу-тәрбие жұмысына ықпал етуге тырысып еңбек ете береміз
Кітапхананың бүгіндері 125 оқырманы бар. Оқушылар саны 84,ата-аналарды оқырман ретінде тіркеу- 18,оқырман ұстаздар – 23. Мұғалімдердің барлығы кітапханамен тығыз байланыста. Ұстаздарға арналған әдістемелік,ғылыми танымдық оқулықтар кітапханаға жиі түсіп тұрады. Олар бұл кітаптарды күнделікті сабақтарына үнемі қолданып отырады.
Мектептегі шешендік өнер,көркемөнерпаздар,би,хор үйірмелері біздің бай кітап қоры арқылы білімдерін жетілдіре түседі. Кітапханада оқырмандарымыздың саны жылдан жылға артуда.
Білім шаңырағының кітапханасының атқарар жұмысы ауқымды. Оқу жылының басында оқулықтар таратылып,оның жыртылып бүлінбеуі қадағаланады, оқушылардың әлеуметтік- тұрмыстық жағдайы ескеріледі.
Кітапхана – біздің рухани құндылығымыз, тендесіз байлығымыз,өткені өткен заман өрнектеріндей тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де содан табамыз. Сондықтан, біз, мектеп кітапханашылары білімнің бастауы- кітап дей отырып,кітап мәртебесін көтерумен бірге мектептегі жаңалықтың жаршысы, елім ізде болып жатқан әрбір уақиғалардың насихатшысы екендігімізді де көрсетуіміз керек.
Оқырманға қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін қамтамасыз етіп,өз қорын ашып көрсету,кітапқұмарлыққа тәрбиелеу,кітап қорының сақталуына үлкен мән беремін.
Кітап – адамгершіліктің қайнар көзі ,адамзаттың рухани байлығы,өмір айнасы,тарих шежіресі,өнер-білім бұлағы,оқу тәрбие құралы.Сондықтан біздер оқырмандар кітапты оқып,өзімізге керек білімімізді алып қана қоймай,оны сақтап ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдыруымыз керек.
Тауағаш орта мектебінің кітапханашысы: Қосшығұлова Ж.М.