О?ытуда?ы диалогтік о?ыту ж?не ??гіме т?рлеріні? тиімділігі


Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы,
Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының физика және информатика пәнінің мұғлімі Байғуатова Шынар Мауленовна
Коучинг жоспары : Оқытудағы диалогтік оқыту және әңгіме түрлерінің тиімділігі
Мақсаты : Диалогтік оқыту, әңгіменің түрлері жайлы түсінік қалыптастыру. Сабақ үрдісіндегі диалогтік оқытудың маңызын түсіндіру. Мұғалімдерге сабақ барысында диалогті ұтымды пайдалануды үйрету.
Нәтиже:
1.Оқу үрдісінде диалогтік оқытуды қолданудың маңызын түсінеді;2. Әңгіменің түрлері жайлы мәлімет алады;3. Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді.
Кезеңдері Мақсаты Сұрақтары
«Өзімнің жетістіктерім» шеңберін құру.
Әңгіменің үш түрін таңдау. Әріптестер оқу жылында жеткен жетістіктерін айтады.
Топқа бөлу
(Әңгіме-дебат, Кумулятивтік әңгіме,
Зерттеушілік әңгіме) -Биылғы оқу жылында қандай жетістікке қол жеткіздіңіз?
Қызмет барысында осы аталған қасиеттер керек па? Не үшін қажет?
Кіріспе
Берілген суреттердің мазмұнын ашу.
«Суретте не бейнеленген?
Сурет туралы не ойлайсыз?
Бұл суреттің бүгінгі біздің тақырыбымызға қатысы бар ма?
Тақырып бойынша білім деңгейін анықтау. 1.Диалог дегеніміз не?2)Диалогтік оқыту дегенді қалай түсінесіздер?3)Әңгіме дегеніміз не?
Қысқаша қайталау Әңгіменің қандай түрін білесіз?
Мысал келтіріп атасаңыз?
Сыныптағы оқушылармен әңгімені дамыту үшін әңгіменің қандай түрлерін қолданасыз?
Әңгіменің түрлері оқушылардың сөздік қорын, сыни ойлауына септігін тигізе ме? Қалай?
Қиындықтарды анықтау 1-топ. Диалогтан  мұғалім өзі үшін не алады?
2-топ. Оқушы өзі үшін не алады?
3-топ Сіздің сабағыңызда әңгіменің қай түрі орын алады?
Тұсаукесер Талқылау мен ой қорытындысын жасауға ықпал ету Диалогтың үш түрін ұсынамын. Джиксо әдісі арқылы топтар оқып, бір-біріне түсіндіреді. 
Әңгіме-дебат барысында:
1)ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады
және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;
2)ресурстарды біріктіруге бағытталған
аздаған талпыныс жасалады;
3)қарым-қатынас көбіне “Иә,бұл солай”,
”Жоқ олай емес”деген бағытта жүзеге асады;
4)орта бірлесуден гөрі,көбінесе бәсекелестікке бағытталған.
Кумулятивтік әңгіме барысында байқалатын жайлар;:
1)айтылған пікірлермен тыңдаушылардың
әрқайсысы механикалық түрде келісе береді
2)әңгіме білім алу мақсатында
жүргізілгенмен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандайда болсын идеяларды төзімділікпен тыңдайды
3)идея қайталанады және жасалынады,бірақ
үнемі мұқият бағалана бермейді.
Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде:
1)әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады,
2)әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанмен, мұқият бағалау жүргізіледі;
3)қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;
4)қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме “көрінеді”;
5)топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де,келмеуі де мүмкін,ең бастысы - келісімге ұмтылу).
Негізгі бөлім Қиындықтарды анықтау. Топтарға ресурстар таратып, топта талқылайды Рөлге бөліп қорғайды.
1-топқа мұғалім мен оқушының кумулятивті әңгімесін бейнелеу.
2-топқа Ата-анамен баланың арасындағы әңгіме-дебат,
3-топқа Ұстазбен шәкіртінің ғылыми зерттеу зерттеушілік әңгіме
Әңгіменің түрлерін қолдану кезінде қиындықтар болды ма?
Қорытынды Коучингтің өзектілігін анықтау Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытуда әңгіменің түрлерінің қаншалықты маңызы болды?
Қандай нәтижеге қол жеткіздіңіз?
1.Сіз тәжірибеңізде әңгіменің түрлерін үнемі қолданылып отырсаңыз, не өзгеруі мүмкін?
2.Өткізілген коучинг сіздің кәсіби дамуыңыздың сұраныстарына сәйкес келеді ме?
2. Коучингте әңгіменің қай түрі қолданылды?
3. Өз тәжірибеңізде осы модульді пайдаланасыз ба?
Бүгінгі коучинг бойынша мына суреттегі «Тау рефлексиясын» сіздер осы тақырып бойынша өзіңізді таудың қай жеріндемін деп есептейсіздер?
Қатысушы мұғалімдер коучинг бойынша түсінгенін стикерлерге жазады. Коучинг кезінде өздеріне ұнаған 2 сәтті кезеңді,
1 ұсыныс-тілегін жазып, таудың суретіне жабыстырады.