Урок Сыр с?хбат С.?.Жыл?ыбаевпен
Тақырыбы: Сыр сұхбат С.Қ. Жылқыбаевпен
Мақсаты: Ауданымыздың ақыны С.Қ. Жылқыбаев туралы мағлұмат беру;
Білімділік: Оқушыларға жергілікті, аудандық ақын жазушылар ,олардың өмірбаяндары мен шығармашылығы туралы мағлұматтар беру;
Дамытушылық: Жергілікті, аудандық ақын жазушылар арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, өз ойларын ашық айта білуге, шығармашылық қабілеттерін және ой ұшқырын дамыту;
Тәрбиелік: Біліктілікке, адамгершілікке,шыдамдылыққа, сүйіспеншілікке,өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу;
Көрнекілік: Шараның аты тақтаға жазылған, үстел, кресло,жартылай киіз үй.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер.Сайлау Қабыкенұлы Жылқыбаевпен өткізілетін сыр сұхбат кешіне қош келдіңіздер. Сыр сұхбатымызды бастамастан бұрын Сайлау Қабыкенұлының өміржолына тоқталып өтейік.
Сайлау Қабыкенұлы Жылқыбаев 1958 жылы Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Бозтал ауылында туған. Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогика институтының көркем сурет факультетін бітіріп, көп жылдар ауылда ұстаздық қызмет еткен.
2003 жылы «Ауылдың үздік ұстазы», облыстық байқауында « Гран при», сол жылы осы аттас республикалық байқауда жүлделі екінші орынды жеңіп алған.
Бірнеше мәрте облыстық, аймақтық, республикалық ақындар мүшайрасының жеңімпазы атанды.
2010 жылы « Бозталда қалған қолтаңба» деген атпен өлеңдер жинағын шығарды. 2012 жылы Өскемен қаласында өткен дәстүрлі « Шығыс шынары» Халықаралық мүшайрасына қатысып топтама өлеңдері осы аттас жинаққа енді. 2014 жылы Ерейментауда Алаш ұстанымы үшін құрбан болған Перуаш Кәрімұлының 100 жылдығына арналған Республикалық мүшайрада жүлделі екінші орынды иеленді.
2015 жылы « Құдіретпен тілдесу» атты кітабы жарыққа шықты. Осы кітаптарында өз өлеңдеріне графикалық иллюстрация суреттер салумен және ән шығарумен де айналысады.
Енді ортаға бүгінгі кешіміздің қонағы Сайлау Қабыкенұлы Жылқыбаевты шақырайық.
Жүргізуші: Сайлау Қабыкенұлы бүгінгі Сыр сұхбат кешімізге қош келдіңіз.
Сайлау ағамен сұхбатымызды бастамас бұрын Дәулетбек Шұғыла «Құдіретпен тілдесу» атты өлеңінізді оқып берсін.
Дәулетбек Ш. «Құдіретпен тілдесу»
Жүргізуші: Сайлау аға не себепті сіз осы кітабыңызды «Құдіретпен тілдесу» деп атадыңыз?
Жауап:
Жүргізуші: Осы кітабыңызға тағы қандай өлеңдер енгізілді?
Жауап:
Жүргізуші: Рахмет. Енді Омар Қасымхан осы кітаптан «Айғыржалдағы ақ боран» атты өлеңінізге тоқталып өтсін.
Омар Қ. «Айғыржалдағы ақ боран»
Жүргізуші: Сіздің Бозтал ауылының тумасы екеніңіз белгілі. Бірақ балалық шағыңыз Бозтал ауылына қарасты Айғыржал қыстағында өтіпті. Сол балалық шағыңыздан есте қалған қызықты кездеріңізден айтып өтсеңіз.
Жауап:
Совет Данел « Жігерім құм боп жүдедім демен»
Жүргізуші: Осы өлеңінізде « Жыр дейтін жүзем айдында» демекші ақындық жолға қалай түстіңіз?
Жауап:
Жүргізуші: Республикалық, облыстық мүшайраларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрсіз. Менің естуімше әр ақынды жігерлендіретін, шабыттандыратын бір музасы болу керек дейді? Сонда сізді не шабыттандырады,жігерлендіреді?
Жауап:
Жүргізуші: «Атамекен Қазақстан картасы» этно мемориалдық кешенінің 20 жылдығына арналған Республикалық мүшайрада ІІ орын алған « Атамекен» өлеңіне Төлеубек Айбота тоқталып өтсің.
Төлеубек Айбота « Атамекен»
Жауап:
Жүргізуші: «Ер жігітке сегіз өнерде аздық етпейді» демекші бойыныздан ақындықпен қоса суретшілік, әншілік қасиеттер де бар. Осы қасиеттер кімнен дарыған?
Жауап:
Жүргізуші: Сіздің жолыңызды жалғастырған балаларыңыз бар ма, шәкірттеріңіз ше?
Жауап:
Жүргізуші: Енді осында отырған көрермендерге бір ән орындап берсеңіз.
Жауап:
Жүргізуші: Сайлау Кабыкенұлы сіз өлеңдерінізді тек қазақ тілінде емес, сонымен қатар орыс тілінде де жазасыз. Екі тілде қатар жазу қиыншылық туғызбай ма?
Жауап:
Жүргізуші: Анастасия Ниделька «Мы уходим, кудо то мы спешим» өлеңінізді оқып берсің.
Анастасия Ниделька «Мы уходим, кудо то мы спешим»
Жүргізуші: Сайлау Кабыкенұлы енді сізге осында отырған көрермендеріміздің қоятын сұрақтары бар екен. Соларға назар аударсақ.
Көрермендердің сұрақтары
Жүргізуші: Ақындық өнерінізбен әншілік өнерінізге тоқталып өттік енді суретшілік өнерінізге байланысты сұрақ қойғым келеді. Суретшілік өнерінізбен қазіргі таңда айналысып жүрсіз бе?
Жауап:
Жүргізуші: Туған жерім, махаббатым мәңгілік,
Өз еліңді сүю, ол бір заңдылық.
Қасиетті тау, тасымен үндесіп,
Жырлап өтем, шырқап өтем ән қылып.демекші сізге шығармашылық табыс, алға қойған мақсаттарынызға жете беруіңізге, алдағы уақытта жаңа шығармаларыңызбен қуанта беруіңізге шын жүректен тілектеспіз. Осы шараға келгеніңізге көптен көп рахмет айтамыз.
Енді бүгінгі көңіл күйіңізді білу үшін мен сізге бірнеше смайликтер беремін. Сонының ішінен өзіңізге ұнағанын таңдап, көрермендерге көрсетіп, өзіңіз сол смайликті сомдап көрсетуіңіз керек.
Жауап:
Жүргізуші: Келесі кезекті осындағы оқушылар мен көрермендерге берейік Сіздерге бүгінгі кездесуіміз ұнады ма? Ұнаса жасыл төртбұрышты көңіл күйі жақсы смайликке саламыз, Егер ұнамаған болса қызғылтсары дөңгелекті көңілсіз тұрған смайликке саламыз.
Жүргізуші: Бүгінгі кешімізді өз ауылымыздың жергілікті ақыны, ұлағатты ұстаз Күлшен Канапияқызы Амренованың сөзі мен әніне жазылған « ЕРЕЙМЕНТАУЫМ» әнін Байзақ Мақсаттың орындауымен аяқтаймыз
« ЕРЕЙМЕНТАУЫМ» Байзақ Мақсат
Ерейментау аудандық білім бөлімі
Тайбай орта мектебі
Сыр сұхбат
Сайлау Кабыкенұлы Жылқыбаевпен
Дайындаған қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі Жапабаева А.М.
2016 жыл