Разработка урока. Синоним (Синоним)


Қазақ тілі 5 сыныпСабақтың тақырыбы: Синонимдер  Сабақтың мақсаты:а) білімділік - оқушыларды сөз мағынасына мән беруге, сөздерді лексикалық жолмен талдай білуге үйрету;ә) дамытушылық – ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу;б) тәрбиелік – туған тіл әрбір елдің ұлттық мақтанышы екенін ұғындырып, келтірілген мысалдар арқылы елін, жерін, туған тілін сүйе білуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту сабағы.Сабақтың әдісі: проблемалық ой тастау, баяндау, сұрақ - жауап, ізденушілік, зерттеушілік іс - әрекеттері, ойын түрлері.Сабақтың көрнекілігі: синонимдер сөздігіПәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері.Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сабаққа назар аударту.2. Үй тапсырмасын сұрау.1. Омонимдер туралы қайталау.- Омонимдер дегеніміз не?- Омонимдердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы неде?2. 68 - жаттығу. Әзіл өлең құрастыру. Өлең шумақтарында міндетті түрде омоним болуы керек.Жаңа сабақ:1. Зат есімдерКім?МұғалімҰстазПедагогОқытушы2. Сын есімдерҚандай?қадірліқастерліқұдіреттіқұрметті3. ЕтістіктерНе істеу?күтукідіруаялдаутосу4. ҮстеулерҚашан?жуырдатаяудажақындажуықтаӘр бағанадағы сөздерге сұрақ қойып, бір - бірімен мағынасы және жазылуы жағынан салыстыра отырып, синонимдердің ережесін оқушылармен бірлесе отырып шығару және оны кітаптығы ережемен салыстыру. Мағыналары бір - біріне жақын, бірақ әртүрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады. Синонимдер мынадай белгілерге орай топтастырылады:- Балалар, өзіміз көріп отырғандай, тақтада жігіт пен таудың суреті берілген. Оларды бір - бірімен салыстырып көрейік. Аласа бойлы жігіт, бойшаң жігіт; биік тау. Осы сөздерді биік жігіт, бойшаң тау деп қолдануымызға бола ма екен? (оқушылар өз ойын айтады)- Сонда, балалар, бұдан түйетініміз, синонимдердің өзін де дұрыс мақсатқа сай қолдануымыз керек екен.Жаңа сабақты пысықтау:1. Сурет бойынша жұмыс. «Кім тапқыр?» ойыны.Бұл кім?Ұстаз, мұғалім, оқытушыАдам, кісі. жан, пендеЕр бала, жігіт, ұлҚарт, кәрі, қарияНәресте, сәби, бөбек, бала, перзентБұл не?Тамақ, ас, тағам, дәмҚандай көңіл күй?Қуану, шаттану, мәз болуӨкіну, опық жеу, бармағын тістеу2. Оқулықпен жұмыс. 70 - жаттығу. Қазақ тілінің синонимдер сөздігін пайдаланып, әр синонимдер сыңарларын бір вагон деп есептеп, синоним қатарларынан пойыз жасаңдар. Содан кейін сол пойызда неше вагон болғанын айтыңдар.1 - қатарға «Туысқан» сөзі /Туыс, тума, ағайын, туған - туыс, жекжат - жұрағат, жамағайын/2 - қатарға «Данышпан» сөзі /Ұлы, дана, ғұлама, ойшыл, білімдар, оқымысты, данагөй/3 - қатарға «Азайту» сөзі /Алу, кеміту, шегеру, қысқарту/3. 71 - жаттығу. Мәтінді оқып шығып, ондағы ғажап, шақ, қараулық, уәде, айла, жан сөздерінің синонимдерін табыңдар.Ғажап – ғажайып, керемет, керім, таңғажайып;Шақ – кезінде, уақытында;Қараулық – әділетсіздік;Уәде – уағда, серт, ант;Айла – амал, тәсіл;Жан – адам, кісі, пенде.4. Қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына биыл 175 жыл (оқушылардан Ыбырай Алтынсарин және оның шығармашылығы туралы сұралады) Ыбырай Алтынсарин өлең шумақтарынан үзінді беріліп, ондағы синоним бола алатын сөздерді табу жұмысы орындалады.
Өнер білім бар жұрттарТастан сарай салғыздыАйшылық алыс жерлерденКөзді ашып жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.Аты жоқ құр арбаныМың шақырым жерлерге,Күн жарымда барғызды.
Өнер – талант,дарын, Жұрт-ел,халық,тұрғынАлыс- шалғай, ауқымды, шақырымХабар- хат,жаңалық,сүйнші,Арба- жүк тасығыш,шана,Сарай- зәулім үй,ғимарат,Күн- сәуле ,жарық ,жылу
5. Сергіту сәті. Ерте, ерте, ертеде Лексика деген ауыл болыпты. Сол ауылда Синоним деген бай болыпты, Оның балалары өте көп екен. Бай отбасымен өте тату - тәтті өмір сүріпті. Олардың татулығы сондай, тіпті балаларының барлығы бір үйде тұрыпты. Олай болса сертіту сәтін «Тату сөздер» деп атап, сол байдың 5 ұлына және 5 қызына мағынасы ұқсас сөздерден ат қояйық.(Күшті, Мықты, Қайратты, Қажырлы, Әлді, Сұлу, Әдемі, Әсем, Көркем, Ару)Сабақты қорытындылау: Тест жұмысы.1. Синоним дегеніміз –А) Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерВ) Мағыналары қарама - қарсы сөздерС) Жазылуы әр түрлі, мағыналары бір - біріне жуық сөздер2. «Даңқ» сөзінің синонимін тап.А) МықтыВ) АтақС) Дәулет3. «Қадірлі, құрметті, қадірменді» синонимдік қатары қай сөз табынажатады?А) Сын есімВ) Зат есімС) Үстеу4. «Адам» сөзінің синонимін тап.А) ШәкіртВ) ДосС) Кісі5. Синонимдік қатардың дұрысын тап.А) Күлу, сықылықтау, жылауВ) Зат, мүлік, нәрсе, бұйымС) Көне, жаңа, ескіҮйге тапсырма: 71 - жаттығуОқушы білімін бағалау: Сыныпта белсенділік танытып, тапсырманы орындау ерекшелігіне қарай оқушы біліміне тиісті баға қойылады.