4-сынып ?зін-?зі тану Мен елімні? азаматымын
Сабақтың тақырыбы: Мен елімнің азаматымын
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімін қалыптастыру;
-«Отан», ел құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру;
Дамыутышылық: Оқушыларды елге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үнтаспалар, суреттер, оқулықтар
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Топқа бөлу:Оқушыларды санамақ арқылы 3 топқа бөлу:
Қазақстан
Атамекен
Жерұйық
Топ басшысын сайлау
Топ ережесімен таныстыру.
Тыныштық сәті. Күзгі баққа ойша серуен
Мұғалім: Балалар ыңғайланып, денелеріңізді тік ұстап отырыңыздар. Көзімізді жұмбауға да болады. Таңертең сабаққа келе жатырсыз. Кенет күлімдеп күн шығып саған нұрын төкті. Сол кезде сенің бойыңда керемет күш пайда болды. Бұл нұр сәулесінің саған беріп жатқан жылылығы, жақсылығы, қуанышы. Оны сен достарыңа беруге мектепке қарай асықтың. Кенет алдыңнан Иран бақ кездесті. Бақтың ішіне жайлап еніп едің тамаша табиғат, мөлдір бұлақ, тау самалынан ескен самал жел, бәрі - бәрі тамаша, керемет күйге енесің. Сен сол жақсылықты достарыңмен, ұстазыңмен тезірек бөлісуге асығып мектебіңе келдің. (Музыка жіберіліп бір сәт тыңдатады), ( Күз одасы) бейнебаян.
- Ал балалар көңіл күйлерің қалай? (смайликпен көрсету)
- Біз қандай ауылда тұрамыз? (Қайназар ауылында)
-Туған жеріміз қалай аталады?
Оқушылар пікірі тыңдалады. Жетекші сұрақтар арқылы тақырып ашылады
2. Үй тапсырмасын тексеру:
1-топ 1) Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
2-топ 2) Мемлекеттік тіл қандай тіл?
3-топ 3) Тіл мерекесі қай кезде өтеді?
Барлық топқа 4) Тіл туралы тақпақты мәнерлеп айту?
Балалар Сендер азамат деген сөзді қалай түсінесіңдер ?
Сен өз еліңді қалай құрметтейсің ?
Нағыз азамат – деп кімді атар едіңдер?
Оқушылар жауабы тыңдалады
Постер құрату
Жаңа сабақ: Мен елімнің азаматымын
Мағынаны тану:Экраннан «Өз елім»әнінің клипі жіберіледі
Ойланайық, пікірлесейік айдары бойынша жетекші сұрақтар қойылады
- Ән айтылып жатқанда қандай сезімде болдыңдар?
-«Жерім деп менің,
Соғады мәңгі жүрегім»- дегенді
қалай түсінесіңдер?
Әңгімелеу: (оқулықпен жұмыс)
С. Мәуленов «Мен елімді сүйемін»мәтіні үнтаспадан тыңдалады.
Мәтін бойынша жұмыс жасалынады.
Дәптермен жұмыс:
Оқушылардың ой-пікірлерін тыңдау
Туған ел, жер деген сөздер жүрекке жылы әсер етеді. Туған елін, өскен жерін сүю - әрбір ұрпақтың парызы. Сондықтан да әрбір адам туып - өскен жерін аялайды, қастерлейді, қорғайды, мақтан тұтады. Өйткені, Отан - алтын бесігіміз, ата - анамыз!
Дәйексөз: «Ел іші - алтын бесік»деген мақал берілген осыны қалай түсінесіздер.
Оқушылар пікірі.
Балалар үлкендер біздерге «Жарайсың», «Ой, азамат», «Үлкен азамат бол»- деп ризашылықтарын білдіріп жатады. Кәнекей ой бөлісейікші.
Оқушылар пікірі.
АЗАМАТ сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар.
А - адал
З - зейінді
А - ардақты
М - мейрімді
А - абыройлы
Т - тәрбиелі
Мінекей балалар Сендер азамат сөзінің мән мағынасын түсіндіңдер.Көңіл күйлерің қалай( смайликпен көрсету). Кәне балалар тақтаға назар аударыңдар.(бейнебайан, Мүқағали Мақатаев Отан туралы)
Сендер Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатырсыңдар.
Сондықтан әрқайсың өз отанымызды сүйіп адал қызмет етулерің қажет. Отанға адал қызмет ету сендердің парыздарың. Ол үшін жақсы оқып, тиянақты білім алуларың керек.Балалар
- елінің беделін көтеретін;
- елінің атын шығаратын;
- елінің қамын ойлайтын;
- елі үшін еңбек ететін;
- елі үшін өмір сүретін - нағыз АЗАМАТ Сендерсіңдер. Мен сендерге сенемін.
Үйге тапсырма: «Мен елімнің азаматымын» тақырыбына эссе жазу.
Топпен ән айту: Елімізге, жерімізге құрмет көрсетіп орнымыздан тұрып «Атамекен» әнін айтамыз.