Мен елімні? азаматымын (4 сынып)


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мерзiмі 26.10
Тақырып: Мен елімнің азаматымын
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: елжандылық,отансүйгіштік
Сынып: 4 «А»
Сынып 4 «Ә»
Сабақтың мақсаты: оқушылардың «отан», «ел», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;
Міндеттері:
туған ел, өскен ортаның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
елге, отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
елжандылыққа тәрбиелеу; Сабақ барысы:
Ұйымдастырукезеңi.Сәлемдесу.Түгендеу. Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте бірте қарқын және шұғыланы бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жәймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!
Ресурстар:слайд,нақыл сөздер,тақырыптық суреттер
Үй тапсырмасын тексеру.
Қ.Шаңғытбаевтың «Туған жер» өлеңін жаттау. Сабақ барысын талқылау:
Әңгiмелеу (сұхбат).
С.Мәуленовтің «Мен елімді сүйемін»
«Туған жерсіз адамның күні жоқ» дегенде нені түсінесіңдер?
Сендерге өз елің несімен ыстық?
Сендер өз еліңді сүйетіндеріңді қалай дәлелдей аласыңдар?
Дәйек сөз.
«Ел іші алтын бесік»
Халық мақалы
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Оларға тақырыптар ұсынылады.
1-топ: «Туған жерім тірегім»
2-топ: «Аяулы өлкем»
3-топ: «Елімді мақтан етемін»
Оқушылар осы тақырыптарға сүйіспеншілік, құрмет, қамқорлық, мейірімділік тұрғысынан әңгіме жазады. Топпен ән айту.
Атамекен
Сөзі: Қ.Мырзалиевтікі
Әні: Е.Хасанғалиевтікі
Үй тапсырмасы.
1.Әр мәтін бойынша олардың қандай сөздер (мақтау, мадақтау, құттықтау, алғыс және т.б.) екендігін табуы тиіс. (49-51 бет) Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларлы мадақтау.