Мен елімні? кішкентай азаматымын


Ортаңғы тобына арналған ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі : Тіл дамыту
Тақырыбы: Күшік неге көңілсіз(Сурет бойынша әңгіме)
Мақсаты: а)Сурет мазмұнына қарай әңгіме құру білігін жетілдіру.
Бала бойында сөйлеу және тындай білу, сұраққа жауап беру қабілетін дамыту.
Үй жануарларына деген сүйішпеншіліктерін арттыру,оларға қамқорлық жасауға
Билингвальды компонент:Ит-сабака
Оқуіс-әрекетәнің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Жұмбақ жасырылады:
Адамға серік,
Күзетке берік.
Дұрыс айтасыңдар, расындада адамға серік, үйді күзететін ол ит екен. Жұмбақтың жауабы: Ит
Ұйымдастырушылық-
ізденіс -Ал ендеше бәріміз мұндағы суретке қарайық.
Демонстрациялық құрал: Ит және оның кішкентай күшіктерінің суреті.
-Балалар мұндағы суреттен біз не көріп тұрмыз?
-Иттің баласын не деп атайды?
-Иттің дауысын немесе дыбысын еске түсірейікші.? Ит не істейді?
(«үреді» сөзіндегі «Ү»дыбысының дұрыс айтылуын қадағалау.)
-ал олар қалай үреді?
(«аф-аф» дыбысындағы «ф»дыбысының дұрыс айтуын қадағалау.)
-Ит үй жануары ма? Әлде жабайы жануар ма?
Дид/ ойын: «Кім жылдам?»
Мақсаты:Иттің дене мүшесімен таныс болу және оны сипаттай білуге үйрету.
Шарты:Конверттегі қиындыларды жылдам біріктіру арқылы ит бейнесін шығару және оған сипаттама беру.
-Құрған бейнеге сипаттама берейікші?
-Олар қалай жүгіреді?
-Олардың жүні жұмсақ,үлпілдек болады
(«Үлпілдек» сөзін қайталату.)
-Сурет бойынша әңгіме құрау.
Демонстрациялық құралдағы «Ит және оның кішкентай күшіктері»
(Балалар ,әңгіме құрағанда бірінің сөзін бірі тыңдауға ұсыныс айту,соңында әңгіме құраған баланы мақтау).
-Ал « Ит –адамның досы» дегенді қалай түсінеміз
Сергіту жаттығуы
Терезені ашайық,
Таза ауа кірсін деп.
Жаттығуды жасайық,
Денем мықты болсын деп.
(тәрбиеші жаттығуды қимыл –қозғалыспен орындатады және екі рет қайталатады)
Мақал-мәтел жаттайық:
Малды бақсаң қойды бақ,
Май кетпейді шарадан.
Ит асырасаң сырттан,
Қой бермейді қорадан.
(Жаттауды жалпы қайталама әдісі бойынша жаттаттыру
Дәптермен жұмыс:
Күшіктің көлеңкесін тапқызу -Біз итті көріп тұрмыз.
-иттің баласын күшік деп атайды
-Иттер үреді
-Ит үй жануарына жатады.
Ойынның шартын мұқият тыңдап, оны орындайды.
Тікірейген екі құлағы, екі көзі,тұмсығы, арыстандай айбатты.
-Олар тез жылдам жүгіреді.
-үл-піл-дек.
-мен мына суретте итті және күшіктерді көріп тұрмын .
Ит үлкен ,ал күшіктер кішкентай.
Ит біреу, күшіктері көп .
Себебі :Ит адамның үйін ұрылардан, бөтен кісілерден күзетеді.
Сергіту жаттығуларын
Орындайды.
Тәрбиешінің сөзін қайталау арқылы, мақал –мәтелдерді жаттап алу.
Дәптермен жұмыс жасайды.
Рефлексиялық-
түзетушілік Сөйлемді толық құруға ұсыныс
Білдіру. Ұсынысты мұқият тыңдап, орындауға тырысу.
Күтілетін нәтиже:
Қайталайды: мақал-мәтелдерді көбірек білу.
Түсінеді: дыбыстады дұрыс айтуға.
Қолданады: иттің дене мүшелерін біледі.