Мен елімні? кішкентай азаматымын


Технологиялық карта.
Күні: 30.12.2016 жыл
Білім беру саласы: Әлеуметтік
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Өзін-өзі тану.
Тақырыбы: Мен елімнің кішкентай азаматымын.
Мақсаты: «Отан»құндылығының маңыздылығын түсіндіру.
Міндеттері: 1. «Отан», «атамекен» туралы түсініктері кеңейту.
2.Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
3.Ота-нын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.
Кезең
Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
-3890486995030Мотивациялық-ізденушілік 1. Шаттық шеңбері:
Е.Өтетілуұлының «Отан» атты өлең жолдарын бірге айту.
-Балалар,Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер? -Шеңберге тұрады.
-қимылмен көрсетеді.
-жауап береді.
.
Ұйымдасырушылық- ізденістік
2.Әңгімелесу
-Анамызды біз неліктен құрметтейміз,қадірлейміз?
-Отанды неліктен «анамыздай» қастерлейміз?
-Отанды нелітен «Атамекен» деп аялап айтамыз?
-Атамекен деген сөзді біздің үйдегі үлкендеріміз қалай түсінеді екен?
3.Бейнематериалдар көру: «Отан», «Қазақстан», «Атамекен» тақырыптары.
4Дәйексөз: «Отанды сүю отбасынан басталады». -балалар алған әсер-лерін ортаға салады.
-әңгімені тыңдайды.
-сұрақтарға жауап береді.
-бейнематериал қарайды.
Ұйымдастырушылық- ізденістік
5.Әңгімелесу: «Кішкентай ханзада» әңгімесін оқу.
-Ханның ұлдары Отанына қандай қызмет көрсетті?
-Қиыншылық туғанда жауды жеңу үшін халыққа кім қалай көмектесті?
6.Сахналау
Мақсаты:өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.
7.Шығармашылық жұмыс:«Менің Отаным Қазақстан» атты тақырыпқа сурет салу.
8.Ғажайып сөздер:
-Отан-ана,отбасы,туған жер,атамекен.
-Отан-Қазақстан.
-Мен Отанымды сүйемін!
9.Сергіту сәті:
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз,күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне,біздер қандаймыз! -әңгіме тыңдайды.
-сұрақ-жауап арқылы әңгімені талдайды.
-өздік жұмыс.
-өнегелі сөздерді қай-талап айтады.
-қимыл жасайды.

Рефлекстік-түзетушілік 10.Қортындылау
-Бүгін біз әр адам өзінің Отанына, туған өлкесіне ыстық сезімін, сүйіспеншілігін түрлі жолдармен жеткізетінін білдік.
-Білім алып,болашақта Отан үшін қызмет етеміз.
11.Жүректен жүрекке
Ата-бабам жанын қойып қорғаған,
Ақ тілегін ұрпағына арнаған.
Қазақстан-алтын ұя Отаным,
Жайнай берші,мәңгі гүлдеп әрқашан. -естерінде қалғанды, білгендерін ортаға са-лады.
-өлең жолдарын қай-талап айтады.
Біледі: «Отан,атамекен» туралы түсінікті;
Игереді: «Отан»құндылығының маңыздылығын;
Меңгереді: жаңа сөздерді;
Толтырған: Есжанова А.С.
Тексерген: Апбасова Г.Қ.