М?сіндеу. Ашы? саба?. Та?ырыбы: Себет
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы:
Білім беру саласы: Шығармашылық, танымдық.
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Себет
Мақсаты:
Білімділік: себеттің қажеттілігі туралы түсінік беру, ермексазды бірнеше бөлікке бөліп, есу тәсілі арқылы затты құрастырып мүсіндеуге үйрету.
Дамытушылық: ұсақ қол, саусақ қимылдарын дамыту.
Тәрбиелік: жұмыс барысында тазалыққа, бір-біріне өзара көмек көрсетуге, жақсы нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, сулы орамал, алжапқыш, кескіш.
Алдын ала орындалатын жұмыс: жемістердің пайдасы, жемістерді жинау науқаны туралы әңгімелеу.
Сөздік жұмыс: себет, тоқыма себет.
Билингвальді компонент: себет-корзина.
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Есік қағылады. Тәрбиеші балалардың назарын дыбыс шыққан жаққа аударады. Бөлмеге бағбан кейпіндегі қария кіреді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?!
- Кәне, балалар, атайға орын берйік, алыстан жол жүріп, шаршап келген болар.
Тәрбиеші:
- Иә, атай, бізге қандай өтінішпен келдіңіз? Айта отырыңыз.
Атай:
- Балалар, өздерің білетін боларсыңдар, қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінде барлық жемістер мен көкөністер пісіп жетіледі.Менің бақшамда өскен жемістер мен көкөністерді жинайтын себетім жоқ. Сендер өте шебер, еңбекқор балалар деп көмек сұрай келдім. Маған бірнеше себет керек болып тұр.
Тәрбиеші:
- Кәне, балалар, атайдың өтінішін орындауға дайынбыз ба?
Жұмысты бастамас бұрын себеттің түрлерімен танысып алайық.
Себеттің әр түрлі пішіндегі түрлері (дөңгелек, сопақша, төртбұрыш). Балалар атаймен амандасып, үлкеенге құрметтерін білдіру мақсатында атайға орындық ұсынады.
- Күз мезгілі.
- Иә, дайынбыз
Ұйымдастырушылық-ізденістік Тәрбиеші тазалық шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.
Жасайтын себеттерінің түсін, түрін балалардың өздеріне таңдатады.
- Ермексазды 2 бөлікке бөлеміз. Бұл себеттің астыңғы және үстіңгі жағын жасау үшін керек.
1- жолы. Табанын жасау.
Алақан арасына салып, домалақтаймыз және тақтайша үстінде тегістеп жалпақтаймыз.
2- жолы. Есу арқылы қабырғаларын жасаймыз.
Сопақша пішінге келтіріп, бірдей 6-7 бөлікке бөліп, тақтайша үстінде ширатып созамыз.
Сергіту сәті:
Бас бармағым - атам,
Балаң үйрек - әжем,
Ортан терек – әкем,
Шылдыр шүмек –шешем,
Титтей бөбек – мен.
(Е. Өтетілеуов.)
Дөңгелек пішінді ермексаздың шетін кескішпен тегістейміз, шеткі бөлігіне біртіндеп иілген ермексазды ию арқылы ұштарын біріктіріп, жабыстырып орналастырамыз.
- Балалар, себеттің қандай бөлігі жетпей тұр?
Тұтқасын да дәл осындай ширатылған ермексаздан жасаймыз.
Есілген ермексаздың екі шеткі бөлігін қабырға ұштарына жабыстырамыз, тегістейміз.
Тәрбиеші жұмыс барысында қиналған балаларға көмектеседі.
- Балалар, себетіміз дайын болса, бағбан атайға сыйға тартуымызға болады. Балалар саусақтарын қимылдатып, өлеңді айтады.
- Тұтқасы.
Балалар бір- біріне көмектеседі.
Балалар себеттерін атайға береді.
Рефлексиялық-түзетушілік Бағбан атай балаларға алғысын білдіріп, бағынан жинап келген құрамы дәруменге бай көкөністер мен жемістерін тарту етеді.
Тәрбиеші балалардан қандай затты мүсіндеп үйренгендерін сұрайды.
Мүсіндеген заттарының қажеттілігін естеріне сала отырып, ойларын қорытады. Мадақтау арқылы еңбектерін бағалайды. Бүгінгі сабақта мүсіндеп жасаған заттар туралы айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: себеттің қажеттілігі, түрлері туралы мәліметтерді;
Игереді: мүсіндеу барысында түрлі тәсілдерді пайдалануды;
Меңгереді: тазалық шараларын сақтауды, ауызекі сөйлеу де себет сөзін мағынасына қарай дұрыс қолдануды.