Урок по казакскии язык для 6 класс Т?ра?ты тіркес


lefttop
Дуйсенғалиева Гүлмира Жұмажанқызы
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы
Қарасу ауылы
Қарасу орта жалпы білім беретін мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақтың түрі: (ашық сабақ)
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер
Сабақтың мақсаты:
а) Жаңа сабақты меңгерту,өткен материалдармен байланыстыра оқыту, тіліміздегі қолдану аясы ерекшеліктері жайында толық мағлұмат беру.
ә) еркін сөйлеуге, терең ойлауға, әдеби тіл байлықтарын дамытуға және тіліміздегі тұрақты тіркестерлі қолдануға үйрету.
б) тапқырлыққа, әдемі әрі шешен сөйлеге, достыққа өз елінің дәстүрін, әдет-ғұрпын, салт-санасын білуге, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: ертегі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сергіту сәті, түсіндіру, шығармашылық жұмыс,
деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекілігі: қақпа, слайд, өрмек, суреттер т.б
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Күтілетін нәтиже: оқушылар тұрақты тіркестердің ерекшеліктерін біледі, сөйлем
ішінде жүйелі қолдана алады.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Сабақтың мақсатын мен міндетін айту.
Балалар, біз әдебиеттен «Ер Төстік» ертегісін біліп өстік. Біз бүгінгі сабағымызда «Ер Төстік» ертегісінің басқа нұсқасымен танысатын боламыз. Төстіктің Кенжекейді келін етіп түсіру ертегісіне куә боламыз әрі қазақ халқының ғажайып салт-дәстүрлерімен де жақын білісе отырамыз. Ол үшін Төстіктің алдында бірнеше тапсырмалар бар екен, біз сол тапсырмаларды орындау арқылы Төстікке көмектесейік.
«Сиқырлы қақпа» Төстік келе жатса алдынан алтын қақпа кездеседі. Әр қақпада алты түрлі тапсырма бар екен, соларға жауап берейік.
Қақпа. Мәтін дегеніміз не ? мәтіннің тақырыбын қысқаша мәтін ойдан құрап айту.
Қақпа. Омоним дегеніміз не? мысал
Қақпа. Синоним дегеніміз не? мысал
Қақпа Антоним дегеніміз не? мысал
Қақпа. Көп мағыналы сөз дегеніміз не? мысал
Тура мағыналы сөздер дегеніміз не? мысал
«Мыстанның өрмегі». Ертегілерде үнемі өзінің жауыздығымен көрінетін мыстан кемпір бұл жолыда Төстіктің алдына өрмек тоқып қойыпты. Сол өрмекті шешіп көрейік.
Кейде қайғы, кейде шат,
Кейде тұнық, кейде лас
Кейде қорқақ, кейде өжет
Кейде тірі, кейде өледі.
Балықты білмейтін жайын
Шортанды көрсетті сайын
Ал мынау кім жейтін жайын?
Қане, кім жауапқа дайын? (М. Әлімбаев)
(Омоним сөздерді табу)
3. Шырақ, мырза жігіт, ұлыма, жасыл бұл сөздер қандай сөздер
4) Сөзуар қолды болды деген сөздер қандай сөздер.
5) Кеміту, қорлау, іске жаратпау ұғымын тудыратын сөздерді қалай
айтамыз.
Төстік алдында тұрған барлық кедергілерден аман-есен өтіп, берілген тапсырмаларды орындап, Кенжекейге қосылады, сөйтіп олар жаңа өмір бастайды. Ендеше біздің де жаңа сабағымыз осы жерден басталады. Ерназардың шаңырағында ұлан-асыр той басталады. Тақтадағы артық деген әріптерді алып тастасақ біздің бүгінгі сабағымыз дың тақырыбы шығады.
А) Үсен тал кептірілген соң от жағып, әуелі жұмыртқаны отқа салып пісіреді.
Ә) Сөйтіп екеуінің арасына от жағалық деседі қырық уәзір. (Аяз би ертегісінен)
Мысалдар жеке оқылып, мағыналары талданады.
Балалар от не үшін жағылады?
Ас пісіру үшін, үй жылыту үшін жағылады
Ал адамдар арасына от жағуға бола ма ?
Болмайды
Олай болса « Хан мен жаманның арасына от жағалық» дегеннің мағынасын қалай түсінуге болады?
Екеуін араздастырайық, айдап салайық деген мағынада. Тура мағына ауыспалы мағына ны еске түсірейік. Ауыспалы мағынаның өзін алып қарайық. Оқушылар ережені өздері алып шығарады, мен толықтырамын.
Тұрақты сөз тіркестері қазақ тілінде фразеология деген термен арқылы таныс. Фразеология деген термен гректің фразис ( сөйлемше), логос (ілім) деген сөздерінен біріктіру арқылы жасалған.Тіл ғылымындағы қазіргі мағынасы «тұрақты сөз тіркес» деп аталады.Сөздер бірнеше тіркестерден тұрады. Олар тіркесе отырыпбір мағына береді.Сөз тіркестері әрбір жеке сұраққа жауап беріп, бір мағына береді. Сөзбе сөз аударылмайды. Екеуі де екі сөздің тіркесінен тұрады.Мысалы:Ит арқасы қиянда –алыс,қашық.Бет моншағы үзіліп-ұялып.
Сөйтіп Ерназардың шаңырағында ұлан асыр той босталады.
Тойбастар-қазақ халқының ертеден келе жатқан дәстүрі.Әр той дағдылы «тойбастар»жырымен бастайды. Тойды әдеттегідей өлеңмен бастағаны үшін толымды сыйлық беріледі. «Тойбастарды» елге белгілі ақындар мен әншілер бастаған. Біз бүгін осы тойбастарды әр түрлі сөздерден тұраұты тіркес тауып мағынасын айтып бастаймыз. Суреттер: ит,көз,темір,су,ат т.б ит арқасы қиянда, көзді ашып жұмғанша, тепсе темір үзеді, су татиды, ат ізін салмау.
Жаңа түскен келіннің артынан жасау келеді. Жасау- қазақтың ертеден укеле жатқан ғұрпы. Жас келіннің артынан ата-анасы киім-кешек, дүниесінсандыққа салыпберген. Байлар еңселі киіс үй де жіберетін болған. Олай болса біз де Кенжекейдің артынан келген жасауды ашып көрейік, берілген тапсырмаларды орындайық. 1-тапсырма (ауызша)
2-тапсырма (жазбаша)
Мәтіндегі тұрақты тіркестер : үш ұйықтаса түсіне кірмеген(солай болады деп күтпеген,ойламаған),су сепкендей басылды (лезде тынышталды, тына қалды), құмға сіңген судай (еңбегі далаға кету, зая болу), сөзінің аяғын жұтып (сөзін кілт тоқтатып, айтпай қою).
3.Арқан керу – қазақтың салттарының бірі.Құда келгенде оның алдынан
арқан керіп,әйелдер кәдесін алады. Ерназардың да алдынан арқан керген
екен, соның кәдесінберейік. Ол үшін тапсырмаларды орындаймыз.
1-тапсырма. Еркін тіркес пен тұрақты сөз тіркесін ажырату.Жүрек
жұтқан,жүректі емдеу,жерге кіріп кете жаздау,жер қазу,ауызша айту, үріп
ауызға салғандай,құлақ қою, үлгілі бала.
2-тапсырма. Қас пен көздің арасында батыр
Ер жүрек лезде ,тез
Тайға таңба басқандай ерінді
Мойны жар бермеді анық
Бармағын тістеу жолы болу
Тасы өрге домалау момын
Қой аузынан шөп алмас өкіну
Сәйкестендіру тест арқылы жұмыстанады.
3-тапсырма. Әзілге құрылған арнайы суреттер де қанадай мағынасы
бейнеленгенін түсіндіру. Мысалы:Үйді басына көтерді, аузымен құс
тістеген, түйе үстінде сирақ үйткен,мұрнын көкке көтеру, бармағын тістеу
т.б.
4-тапсырма. Ит өлген жер жай басар
Тепсе темір үзеді алыс
Тілді үйіреді мықты
Өгіз аяң тәтті
Жел аяқ жүйрік
Сәйкестендіру тест арқылы жұмыстанады.
Сабақты қорытындылау
4.Шашу- қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу салтанатты дәстүр. Келін түскенде зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпит, күміс теңге шашу шашқан. Тойға келгендер шашуды теріп алып ырым қылған. Төстік пен Кенжекейдің де алдына шашу шашылады, біз де сол шашудан құр қалмайық. Кәмпиттер мен бірге сұрақтар бар сол сұрақтарға жауап беріп венн диаграммасын толтырады.
Венн диаграмасы
Тұрақты тіркес Ұқсастығы Сөз тіркесі
1.Басқа сөзбен Кем дегенде екі сөздің 1. Әр қайсысы толық
алмастыруға келмейді тіркесінен тұрады. Мағыналы болады.
2.Бір сұраққа жауап 2. Әрбір сыңары жеке
береді сұраққа жауап
3.сөзбе-сөз аударылмайды береді.
3. Сөзбе –сөз
аударылады
Үйге тапсырма
1-қатар. «Бауырсақ»ертегісін
2-қатар. «Мақта қыз бен мысық»ертегісін басқа нұсқада құрап,тұрақты тіркестерді қатыстырады.
Бағалау