Саба?ты? та?ырыбы: Тіркес екпіні, дыбыс екпіні. Сынып: 5 «а» , «?»

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 15.04.2016 оқу жылы
Сынып: 5 «а» , «ә»
Сабақтың тақырыбы: Тіркес екпіні, дыбыс екпіні.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың тіркес екпіні, дыбыс екпіні туралы білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың екпін және оның түрлерін түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
Сұрақ-жауап:
1.Екпін дегеніміз не? Оның түрлерін ата?
2. Сөз екпіні дегеніміз не? Мысал келтіру
3. Қандай сөздерге екпін түспейді? Мысал келтіріңдер?
4.Ой екпіні дегеніміз не? Мысал келтіріңдер?
ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру: Тіркес екпіні, дыбыс екпіні.
-48895137795Тіркес екпіні
Кейде тілімізде бірнеше сөз тізбектеліп барып түгелімен бір ғана екпінге ие болады. Екпіннің мұндай түрі тіркес екпіні деп аталады.
Мысалы: тәлім – тәрбие, ата – ана, оқу үшін, сен ғой, қырық шақты, ән сал, көк ала, қыпша бел, Абай көшесі, ат үсті, қас пен көздің арасында, құлақ сал, көп сөйледі, тез жазды, т.б.
Айтылуыда тіркес құрамына енген сөздердің ара жігі үзілмей, бірігіп айтылады
00Тіркес екпіні

3358110138423Дыбыс екпіні
Сөйлеушінің көтеріңкі көңіл күйін, абыржыған ішкі сезімін тыңдаушыға жеке бір дыбыс арқылы жеткізетін сәттер болады. Бір сөздің ішіндегі бір дыбысты көтеріп не созып айту тәсілі дыбыс екпіні деп аталады.
Қуанышты көңіл күйді дауысты дыбыстарға түскен екпін білдіреді:тама-ша-а, бә-ә-рекелді, жара-а-йсың, т.б. Реніш, кею ,қынжылу сезімдерін дауыссыз дыбысқа түскен екпін білдіреді. т-тарт қолыңды, тыныш отыр-р-р, ж-жап есікті, т.б.

00Дыбыс екпіні

.
ІV. Түсінік тексеру
Оқулықпен жұмыс
346 – жаттығу.Үлгі – сызбада көрсетілген бір тіркес екпініне бағынатын сөздердің тұсына соған тұлғалас бірнеше сөз жазыңдар.
Жүн-жұрқа Үйге дейін Еңбек ет Ну орман Биік шың Ұзақ сөйлесті Көз ілмеді 347 – жаттығу (Ауызша орындалады.).Төмендегі сөздерде екпін қай дыбысқа түскенін анықтап, қандай көңіл күйді білдіретінін айырыңдар. Өздерің сондай көңіл күймен бірнеше сөз айтып көріңдер.
348 – жаттығу.Оқыңдар.Бұл ертегіні өздерің сияқты бір бала жазған. Мұнда екпіннің барлық түрлері бар. 1.Ертегіші сендердің назарлдарыңды қай сөздерге аударғысы келгенін айтыңдар. 2.Әрқайсысың бір сөйлемдегі дыбыс екпіні қай сөздің қандай дыбысына түсірілгенін анықтаңдар. 3.Әр оқушы бір абзацтағы бір тіркес екпініне бағынып тұтас айтылатын сөздер тобын табыңдар.
349-жаттығу. Мәтінді мазмұнына сай дауыс мәнерін сақтап оқыңдар.
Қарамен жазылған сөздерді буынға бөліп, буын түріне ажыратыңдар.
Бір сөзге фонетикалық талдау жасау.
VIІІ. Сабақты қорыту
Бағалау
Үйге тапсырма:
1Ой екпіні, тіркес екпін туралы түсінік.
2. 350 -жаттығу. Қалаған үш сөзге фонетикалық талдау жасау.