Урок по самопознаний А?ыл-жастан, асыл-тастан
Сабақ жоспары
Пәні: Өзін – өзі тану 3 сынып
Тақырып: Ақыл – жастан, асыл – тастан
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: Шыншылдық, мейірімділік, жауапкершілік,шыдамдылық,
жанашырлық
Мұғалім : Нұрмұханова Гүлнұр Батырқызы
Мақсаты: Балалардың «даналық» құндылық туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
· Ақылдың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
· Ақылын өмірде қолдана білу іскерліктерін дамыту;
· Балалар дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу. Ресурстар:
үнтаспа, дәптер, оқулық, «Даналық кітабы».
-1714564770Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңi.
1) Тыныштық сәтi.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздіңәр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздіңқауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздіңқолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
2)Үй тапсырмасын тексеру. Сабақ барысын талқылау:
Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау
ІІ. Дәйек сөз.
Тақтада жазулы тұрған Жүсіп Баласағұнидың «Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім мен ақыл» деген даналығының мәні ашылады:
- Балалар, сендер білім мен ақылдың адам өміріндегі қажеттілігін, маңыздылығын білісіңдер. Адам баласы қаншалықты білімді болғанымен, ақылға жүгінбесе, өмірден дұрыс жол табу қиынға соғады. Сондықтан адамның біліміне ақылы сай болуы тиіс.
Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады. ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат).
v Ақылды болу дегенді қалай түсінесіңдер?
v Сендердің ақылға жүгініп, дұрыс шешім қабылдаған кездерің болды ма? Деген сауал бойынша әңгімелеседі?
Мәтінмен жұмыс
Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу
Жиренше бірде сапарға шығады. Күн батуға таянғанда, бір ауылдың тұсында көп балаға кездесе бергенде жаңбыр жауып кетеді.
Сонда балалар терген тезектері бар, айдаған бұзаулары бар жаңбырдан қорқып, бұзауларын қоя береді де, тезектерін төгіп, қабын жамылып қала береді.
Жиренше шешен мына баланың бір қасиеті барлығын сезіп, жақындап келіп:
- Қалқам, сен отырып қалдың, ана балалар болса бұзауларын қоя беріп, тезектерін төгіп кетіп қалды, оның себебі не? – деп сұрағанда, қыз бала: - «Бұл балалар – ақылсыз. Үсті-басы су болды, әрі бұзаулары жамырап кетті. Мен кешке мына құрғақ тезекпен жылынып, рақаттанам, бұзауды жібермедім, енді сүтке тоям және үсті-басым су болған жоқ,»-дейді.
Қыз өзін ғана емес, байдың малын бағатын әкесін де ойлаған еді. Өйткені ол әрі аш, әрі үсті су болып келеді ғой...
Шешен жігіт қыздың ақылына қайран қалыпты.
Сұрақтар:
* Қарашаштың ақылдылығы қай әрекетінен байқалады?
* Басқа балалардың іс-әрекеттеріне көзқарастарың қандай?
* «Ақымақ жауынды күні суға түсер» деген халақ мақалынан нені түсінуге болады?
* Қыздың бойынан тағы қандай асыл қасиеттерді байқадыңдар?
* Сендердің да ақылдылықтарыңды көрсеткен кездерің болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
-Дұрыс айтасыңдар. Ақылды адам барлық уақытта ойлап сөйлейді, жан-жағын байыптап барып әрекет етеді. Ондай адамдар өзінің байсалдылығын, қарапайымдылығын, кішіпейілділігін, ізеттілегін ұмытпайды. Қарашаш өзін ғана ойлаған жоқ, әкесінің де қамын ойлады. Қыздың бойынан әкесіне деген мейірімділігі аңғарылады.
Сахналау
Байлық, бақыт, ақыл. /ертегі/
Автор:
Ерте заманда Байлық, Бақыт, Ақыл үшеуі бас қосады. Олар өзара өткен-кеткен әңгімелерді айтысады. Сөз кезегінде үшеуі адам баласына тигізетін пайдасы жайында таласып қалады. Алдымен Байлық сөз алады.
Байлық (кеудесін қағып):
- Менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай, үйі дүние-мүлікке бай, ішіп-жемі мол болады. Сондықтан маған тең келер ештеңе жоқ.
Автор:
- Сонда бақыт былай деді:
Бақыт:
- Мен бақпын. Кімнің басына қонсам, соның атақ-даңқын шығарамын, мансабын аспанға көтеремін, дөкей етемін. Қарсы келген дұшпанды жер етемін.
Ақыл (сабырлы түрде):
- О, достарым, мен сендердің таластарыңа қосылмаймын. Үшеуіміз тең тудық. Бірақ мен бірер ит жейдені сендерден бұрын тоздырдым. Айтыстарың көңіліме қонбайды. Мен – Ақылмын. Сондықтан бекер даурығып, менменсініп сөйлегенді жақтырмаймын. Үшеуіміз де адам баласына қажнтпіз. Көңілдеріңе келсе де, айтатын, екеуің де маған бағыныштысыңдар. Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Келіспесеңдер Данышпанға жүгінейік. Төрелігін сол айтсын.
Автор:
- Сөйтіп үшеуі Данышпанға келеді. Үшеуінің таласын тыңдап алған Данышпан былай дейді:
Данышпан:
- Өмірдің өзі сабақ: «Байлық баянсыз». Ақыл бар жерде ғана байлық та, бақыт та, бірлік те, ынтымақ та түгел. Ақылмен бәрін ойдағыдай басқаруға, атқаруға, тыңдыруға болады. Ақылдың еңбек деген сүйеніші, тіреуі, тұтқасы бар. Оның алмайтын қамалы, қолы жетпейтін ырғызы жоқ. Сондықтан ақылды болып еңбек ете білген адам баласы байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де сәнді өмір сүре алады.
Сұрақтар:
* Бақыт, Байлық, Ақылдың артықшылығы неде екен?
* Данышпан қандай ой түйіндеді?
* Данышпанның орнында өздерің болсаңдар, қандай төрелік айтар едіңдер?
* Ақылды болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?
ТапсырмаТапсырма бойынша оқушылар мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына ақыл сөзін қосып оқиды. Мақалдарды естеріне сақтап алады.
1. Ақылды адам ерінбейді.
2. Ашу – дұшпан, ақыл- дос,
Ақылыңа ақыл қос.
3. Ақылдан жақын дос бар ма?
4. Ақыл азбайды, білім тозбайды.
2.Тапсырма
Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде Адам болу, жақсы тұлға болуға ұмтылдыратын нәрселер туралы айтылған. Екі топ сол айтылған асыл қасиеттер мен жағымсыз қасиеттерді топтастырайық.
Бес асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
Қашық болу
Мақтаншақ,өсек, өтірік, мақтаншақ, мал шашпақ
Қашық болу: мақтаншақ, өсек, өтірік, еріншек, мал шашпақ талдау;
Бес асыл
Талап,еңбек,терең ой,қанағат рақым
Ойын-жаттығу
Оқушылар шеңбер құрып отырады. Данышпан атайдың «Даналық кітабын» қолдарына кезек-кезек ұстап тұрып, «мен ақылды баламын,өйткені.....» деп жалғастырады. Шеңберді айналдыра бәрі осы туралы өз ойларын айтып шығады. Мысалы, «Мен ақылды баламын, өйткені ойланып сөйлеймін», «Мен ақылды баламын, өткені ашуланбаймын», «Мен ақылды баламын, өткені болмашыға ренжімеймін» және т б
Жаңа ақпарат
Мұғалім
- Ақылды адам терең ойлап, дұрыс шешім қабылдай біледі. Ақылды болу үшін оқу, іздену, үйрену қажет. IV. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Дәптермен жұмыс
- Ақылды Алпамыстың тапсырмасын орындап, тапқырлығымыз бен ақылдылығымызды көрсетейік. Дәптерде берілген үкінің тұмсығынан таралып тұрған парақтарды бос жолдарға адамды ақылды, сүйкімді, әдемі етіп көрсететін асыл қасиеттерді ойланып жазыңдар.
Қорытындылау
- Ақылды адамның қиялы бай, ойы жүйрік, ұшқыр болады. Ондай адамды халық ерекше қастерлеген. «Ақыл – жастан, асыл - тастан», «ақылды жігіт атқа да отырар, таққа да отырар» делінген халық мақалдары балаларының жастайынан ақылды болуын армандаған халық тілегенін туған.
Көп оқып, ерінбей еңбек еткен, үлкеннің тілін алған, көптің ақылын тыңдаған баланың ойы ұшқыр, үлкейгенде ақылгөй, дана болады. Дәптермен жұмыс
V. Топпен ән айту.
Жүректен жүрекке
(Оқушылар шеңбер құрып тұрады)
- Данышпан атай сендердің әрқайсысыңның бойларыңнан ақылдылықты көргісі келеді. Сендерге өз тілегін, батасын арнайы жіберіпті. Балалар Данышпан атаның тілектерін кезегімен оқып шығады.
/Тілектер:
- Айдарбек балам, ақылыңа ақыл қос!
- Майра қызым, ұшқыр ойлы бол!
- Арнат балам, ерінбей, еңбектене біл!
- Расул балам, асыл қасиеттерін көп болсын!
- Медет балам, атаның ғана баласы болма, адамның баласы бол!/
Аташымның батасыБойыма, күшіме, Қиыннан тартыңба,
Ойыма, ісіме Сый көрсет қартыңа,
Сеніп тұр аташым, Сыйлы бол халқыңа.
Беріптұр батасын: Осындай бата алдым,
- Шырағым, зейінді Досымдай атамның
Бол, кішіпейілді. Орындап талабын,
Оқуда, еңбекте Алғысын аламын.
Үлгі бол сен көпке. Үй тапсырмасы. Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)