Суретшілер ?лемі та?ырыбында?ы сыныптан тыс ж?мыс ?зірлемесі
Н.К.Крупская атындағы жалпы білім беретін негізгі орта мектебі
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Суретшілер әлемі»
сайыс
Дайындаған: Шибутов Ж. Ж
2016-21017 оқу жылы
Тақырыбы: «Суретшілер әлемінде» сайысы (сыныптан тыс іс - шара) Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу. Түрі: дәстүрлі емес Әдісі: топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу. Көрнекілігі: Өнер жайлы нақыл сөздер, слайдтар, құрастырма суреттер, суреттер. Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам. Сайыстың барысы: Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушы жас өркен! Бүгінгі бейнелеу өнері сабағынан 5-6 сынып оқушылары арасындағы «Суретшілер әлемі» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер. Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық. Ортамызда төрт топ сайысқа түспекші. 1 топ «Қыс» 2 топ «Көктем» 3 топ «Жаз» 4 топ «Күз» Өнер десе өртеніп жанып тұрар, Сусындап сол өнерден қанып тұрар. Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер, Кез келді өзін-өзі таныстырар, — дей келе сайысқа түспекші төрт топпен танысайық. «ҚЫС» тобы: Қаңтар, ақпан, наурызда. Дүниеге келген баламыз. Бүгінгі болар сайыста Біз жеңімпаз боламыз. «КӨКТЕМ» тобы: Сәуір, мамыр,маусымда. Жердің беті құлпырып Бәйшешектер жарғанда Дүниеге келген балалар «Көктем» тобын құрадық «ЖАЗ» тобы: Шілде, тамыз, қыркүйек Біздің туған күніміз Жайдарлы жаз күніндей Жарқын болсын күніміз. «КҮЗ» тобы: Қазан, қараша, желтоқсан Өнерлілер бас қосқан Бүгінгі болар сайысқа Жеңеміз деп қатысқан Өнерпазды жарау аттай баптасын, Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын. Өнерімен танылып бүлдіршіндер, Ел сенімін еңбекпенен ақтасын, — деп сайыстың түрлерімен таныстырып өтейін. Сайыс кезеңдері: 1. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру. 2. «Тапқырлық» (сөздерден түс аттарын шығару. ) 3. «Қозғалмалы суреттер» (сурет бойынша жұмыс) 4. «Кім шапшаң, кім жылдам?» сөзжұмбақ шешу 5. «Қас қағым сәтте» (сурет салу сайысы топпен жұмыс) 6. Қорытынды. Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық. І кезең. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру Әр топқа алты сұрақтан қойылады. Соған жауап берейік. 1 топқа: 1. Бейнелеу өнері дегеніміз не? (Айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі) 2. Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма. (Пейзаж) 3. Суға тез еритін бояу. (Акварель) 4. Қарындаш дегеніміз не? (Сырты ағаштан, өзегі графиттен жасалған сурет салу құралы) 5. Суреттің парақ бетінде үйлесімді орналасуы (Композиция) 6. Сурет көрсету 2 топқа: 1. Бейнелеу өнерінің түрлерін ата. (кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері, қолданбалы сәндік өнер) 2. Адам келбетін бейнелейтін жанр қалай аталады? (портрет) 3. Түстер неше түрге бөлінеді және қандай? (2-ге, жылы және суық) 4. Жануарларды бейнелейтін көркем шығарма. (анималистік жанр) 5. Қалам, тушьпен салынған өнер не деп аталады? (графика) 6. Сурет көрсету 3 топқа: 1.Бейнелеу өнері қандай жанрларға бөлінеді?(пейзаж, портрет, натюрморт ) 2.Негізгі түстер. (қызыл, сары, көк. Олар басқа түстерді араластыру арқылы алынбайды. Оларды араластыру арқылы басқа түстер алынады) 3. Нобай дегеніміз не? (Алдын-ала жалпы сызық түрінде орындалған сурет) 4.Егер суретші өзін бейнелесе бұл- (Автопортрет) 5.Жылы түстер (сары, қызғылт сары, қызыл, қоңыр) 6. Сурет көрсету 4 топқа: 1. Натюрморт деген не? (Жансыз заттар бейнеленген көркем шығарма) 2.Қосымша түстер (негізгі үш түсті араластыру арқылы алынатын түстер.Сары мен көк түсті араластырғанда, жасыл шығады. Сары мен қызылды араластырып, қызыл сары, қызыл мен көк түсті араластырып, күлгін түс алуға болады.) 3.Суық түстер (көк, күлгін, сия көк, көгілдір жасыл) 4.Басты әсерлегіш құралдары түс және бояу болып табылатын бейнелеу өнерінің түрі және бояулармен орындалатын шығарма (Кескіндеме) 5.Су әлемін бейнелейтін жанр қалай аталады? (маринистік жанр ) 6. Сурет көрсету 2 кезең «Тапқырлық» (сөздерден түс аттарын шығару. ) Сөздерден түс аттарын шығару. 1 топқа: ЛЫЗЫҚ (ҚЫЗЫЛ), АҚРА (ҚАРА), ДІРГІЛКӨ (КӨГІЛДІР), ЫРҚОҢ (ҚОҢЫР), РҰС (СҰР) 2 топқа: ЛЫСАЖ (ЖАСЫЛ), ЫРСА (САРЫ), КӨКСИЯ (СИЯКӨК), ГІНКҮЛ (КҮЛГІН), ҒЫЛТҚЫЗ (ҚЫЗҒЫЛТ) 3 топқа РӨГІКЛІД ЛЫАЖС (КӨГІЛДІР ЖАСЫЛ), РАСЫ (САРЫ), ҮГІЛКН ЛЫҚЫЗ (КҮЛГІН ҚЫЗЫЛ), ҚШАЫ ҚОҢЫР (АШЫҚ ҚОҢЫР), РАҚА (ҚАРА) 4 топқа: СЫАЖЛ ӨКК (ЖАСЫЛ КӨК), ШЫҚА ЫРСА (АШЫҚ САРЫ), ЫЛЗҚЫ РЫОҢҚ (ҚЫЗЫЛ ҚОҢЫР), ЛА ЫЛҚЫЗ (АЛ ҚЫЗЫЛ), ҚЫАШ ЫРСА (АШЫҚ САРЫ) 3 кезең. «Қозғалмалы суреттер» (сурет бойынша жұмыс) Кім жылдам табады, Заттардың бейнесін. Бір-бірімен суреттер, Табу керек үйлесім. – деп сайысымыздың «Қозғалмалы суреттер» кезеңіне берейік. Қиылған суреттерді құрастырып, ненің бейнесі екенін табу. 4 кезең «Кім шапшаң, кім жылдам?» сөзжұмбақ шешу Қ Ы С Негізгі үш түсті араластыру арқылы алынатын түстер- Қосымша түстер Жылы түс- Сары Суретшілердің ішіндегі саз балшықпен, ермексазбен, ағашпен, таспен, темір-терсекпен жұмыс істеп, бейне тұрғызатын суретші- Мүсінші Ж А З Натюрмортта көрініс табатын бұйым- Жемістер Қарындаш, көмір, қауырсын мен тушь, фломастердің көмегімен салынған туынды - Графика Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма - Пейзаж К Ө К Т Е М Туындылар бояулар көмегімен жасалатын өнер түрі- Кескіндеме Натюрмортта көрініс табатын бұйым- Көкөністер Ғимараттың немесе сәулеттік кешеннің өте кішірейтіліп берілген үлгісі-Макет Жансыз заттар бейнеленген көркем шығарма- Натюрморт Адамдардың өмір сүруі мен қызметіне қажетті ғимараттар мен нысандарды жобалау және салу өнері- Сәулет Теңіз көрінісін бейнелейтін суретші- Маринист К Ү З Жануарларды бейнелейтін көркем шығарма- Анималистік жанр Ермексаз, сазбалшық, тас,ағаш,металдан жасалатын бейне- Мүсін Заттардың жобасын көркемдеп жасап, өндіріске дайындайтын суретшілер-Дизайншы 5 кезең. «Қас қағым сәтте» (сурет салу сайысы топпен жұмыс) 5 минут уақыт беріледі. Ән: «Туған жер»
6 кезең. Қорытынды. Сайысты қорытындылау. Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.