Открытый урок на тему ?ажайып суретшілер ?лемінде


«Ғажайып суретшілер әлемі»
интеллектуалдық танымдық сайыс
Күні: 14.04.2016 ж.
Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету.
Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту.
Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру.Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.Түрі: дәстүрлі емесӘдісі: топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.Көрнекілігі: слайдтар, құрастырма суреттер, суреттер.Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам.
Сайыстың барысы:
Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушы жас өркен!
Бүгінгі бейнелеу өнері сабағынан 4- сынып оқушылары арасындағы «Ғажайып суретшілер әлемі» атты интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер.
Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық!
Бақбергенова Райгүл Келгентайқызы – бейнелеу және сызу пәнінің мұғалімі
Сәмбетбаева Жұлдыз Қуанышбекқызы–бейнелеу пәнінің мұғалімі
Қанатбекова Толқын Қанатбекқызы - жас мамандар бірлестігінің жетекшісі
Ортамызда төрт топ сайысқа түспекші.
І топ «Бояулар»
ІІ топ «Қарындаш»
ІІІ топ «Қылқалам»
IV топ «Акварель»
Өнер десе өртеніп жанып тұрар,
Сусындап сол өнерден қанып тұрар.
Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,
Кез келді өзін-өзі таныстырар, — дей келе сайысқа түспекші төрт топпен танысайық.
1.«Бояулар» тобы:
Көрікті ашық бояумыз.
Өнерге ғашық баламыз.
Бәрінің өңін келтірер
Сурет болмас бояусыз.
Топ мүшелері:
Алмұханбетов Мейіржан
Аллаберген Аяна
Мейрамбек Адель
2.«Қарындаш» тобы:
Біздің есім «Қарындаш»,
Өнерсіз бала қарны аш.
Сайысқа келген достарым,
Сурет сал, міне қарындаш.
Топ мүшелері:
Қынат Бақдәулет
Әлімбек Ұлдана
Сәрсенбек Аруна
3.«Қылқалам» тобы:
Мен бояушы – қылқаламмын,
Жақсы танып алғайсың.
Менсіз, салған суретіңді
Безендіре алмайсың.
Топ мүшелері:
Әли Мирас
Жұмабек Абылай
Сұран Айжан
4.«Акварель» тобы:
Қызыл, жасыл, қара түсті,
Акварельден табасың.
Оның бәрін пайдаланып,
Ғажап сурет саласың.
Топ мүшелері:1. Жарылқасын Бекасыл
2. Бексұлтан Диана
3. Саттыбай Айбек
Өнерпазды жарау аттай баптасын,
Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.
Өнерімен танылып бүлдіршіндер,
Ел сенімін еңбекпенен ақтасын, — деп сайыстың түрлерімен таныстырып өтейін.
Сайыс кезеңдері:
1. «Ұяшықтар» ұяшық ішіндегі сұраққа жауап беру.
2. «Кім шапшаң, кім жылдам?»
3. «Сөздерден түс аттарын шығару».
4. «Сурет сала білейік!» (топпен жұмыс)
5. «Тіл-өнер» жұмбақ шешу.
6. «Айырмашылығын тап» берілген 2 суреттің айырмашылығын табу.
Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық.
  
І кезең. «Ұяшықтар»  ұяшық ішіндегі сұраққа жауап беру
Әр топ кезекпен 1 ұяшықтан таңдайды, дұрыс жауап берілсе, сол ұяшықтағы ұпай саны беріледі.

2 кезең
Кім жылдам табады,
Заттардың бейнесін.
Бір-бірімен суреттер,
Табу керек үйлесім.
– деп сайысымыздың «Кім шапшаң, кім жылдам?» кезеңіне берейік.
Қиылған суреттерді құрастырып, ненің бейнесі екенін табу.
Жұмыстың жылдам бітуіне және ұқыпты нақты дұрыс жасалғанына байланысты 20,15,10, 5 баллдан беріледі. Уақыт – 3 мин.
3 кезең. «Сөздерден түс аттарын шығару».
І және ІІ топтарға
ЛЫЗЫҚ (ҚЫЗЫЛ), АҚРА (ҚАРА), ДІРГІЛКӨ (КӨГІЛДІР), ЫРҚОҢ (ҚОҢЫР)
ІІІ және IV топтарға
РҰС (СҰР), ЛЫСАЖ (ЖАСЫЛ), ЫРСА (САРЫ), ГІНКҮЛ (КҮЛГІН)
5 баллмен есептеледі. Уақыт – 2 мин.
 
4 кезең. «Сурет сала білейік!» (топпен жұмыс) –7 минут уақыт беріледі.
Тақырыбы: «Жыл мезгілдері» төрт топ 4 жыл мезгілін бөліп алады.
5 кезең. «Тіл-өнер» жұмбақ шешу
Төрт топқа 2 жұмбақтан жасырылады, дұрыс жауапқа 5 балл
6 кезең. «Айырмашылығын тап»
Топбасшыларына тапсырма. Төрт топбасшыға сурет беріледі. Олар суреттегі айырмашылықтарды тез тауып, қазылар алқасына көрсетуі қажет.
Кем дегенде 5 айырмашылығын дұрыс тапса, 10 балдан беріледі.
Уақыт – 4 мин.
7. Қорытынды.
Сайысты қорытындылау.
Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.