«Елім деп,жерім деп со?ар-ж?регім»
Күні: 26.11.2015 жыл
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Елім деп,жерім деп соғар-жүрегім»
Бағыты: азаматтық-патриоттық,құқықтық тәрбие
Мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.
Оқушыларды өз туған жерін танып білуге,қастерлеуге,Бейнеу ауданының өткені мен бү гінін салыстырып,тәуелсіздіктә дәріптеу; Жас ұрпақты өз өлкесіне,туған ауылына,жеріне деген құрметін арттыру,шығармашылыққа баулу;
Әдісі:СТО әдістері,топтық жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы: I.Топқа бөлу әдісі.
Сынып үш топқа бөлінеді. Қш топтың алдында үш баспана түрі болады,киіз үй,орман және құс ұясы. Оқушылар мұғалімнің алдынан суреттер таңдай отырып , осы үш топқа өздері бөлінеді.
1. Өз үйім өлең төсегім
2. Құс ұясын бұзбайық,қастерлеп оны қорғайық.
3. «Ер- елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі»,
II. Сергіту сәті. «Шаттық шеңбері». «Мен саған күлкі сыйлаймын» Әр топ мүшелері күліп тұрып,кезекпен бір –біріне жақсы сөздер айтады.
III. «Ассоцация» әдісі.
Қазақстан
IV. Суреттер сөйлейді. Өткен тарихқа көз жүгірте отырып оқушылар тақтадағы суреттерге қарай отырып,не білетіндерін айтады.
1723-1727 жыл,Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама
1931-1932 жыл Жаппай ашаршылық. «Асыра сілтеу болмасын – аша тұяқ қалмасын!» Ф.И Голощекин
1941-1945 жыл Ұлы Отан соғысы
1986 жыл,16 желтоқсан Желтоқсан оқиғасы
V. Суреттерден кейін оқушылар құстардың дауысы мен сәбидің күлкісін естиді. Оқушылар осы дыбыстардан қандай әсер алғандарын айтып,Тәуелсіздік кезеңге көшеді.
VI. Жаңа тақырып. «Елім деп,жерім деп соғар-жүрегім» Экранда жаңа тақырыптың кілт суреттері көрсетіледі. Оқушылар осы суреттерді танып,біліп жаңа тақырыптың не туралы екенін табу керек.
VII. Миға шабуыл. Оқушылар Бейнеу ауданы туралы білетін бар ақпаратты айтып,көрсетуі керек,сонымен қатар әр топқа Бейнеу туралы қысқаша мәтіндер беріледі. Оқушылар білімдерін толықтыра отырып,әр топтан бір оқушы Бейнеу туралы баяндауы керек.
Бейнеу –ер аты. Бейнеу Намазұлы тарихта болған тұлға.Адай атаның сегізінші ұрпағы. Бейнеу атамыз Бекет Атамен тұтас өмір сүрген. 1930 жылдар шамасында қайтыс болған. Отырған жері ескі Бейнеуде. Көшпелі ел бейнеу атамызға жиһаздарын қалдырып кетіп отырған. Міне содан бері Бейнеу атауын Бейнеу Намазұлымен байланыстырады.
Бейнеу селосының іргетасы 1963 жылы теміржолдың салынуына байланысты қаланды. Бейнеу ауданы 1973 жылы сәуір айында құрылды.
“Елу жылда-ел жаңа”
Бейнеу соның кепілі
Көп ұлттарды ол және
Қосқан бір ұя секілді
Уәйіс Қайралапов
VIII. Шығармашылық жұмыс. Постер қорғау. Оқушылар Бейнеу ауданында Тәуелсіздік алғаннан бері өлкеміздің жетістіктерін,жаңалықтарын баяндауы керек.
«Тәуелсіздіктен кейінгі Бейнеу»
Бейнеу Білім ошақтарыӨнеркәсіптер Аудан келбеті
IX. «Мағынаны ашу»
Отан неден басталады?
Отбасы
Туған жер
Бейнеу
Қазақстан
Тәуелсіз. Тәуелсіз болу үшін бізге не керк?
X. шығармашылық жұмыс. Оқушылар постерді сурет салу арқылы қорғайды.
Әр топқа үш түрлі тақырып беріледі .
Бізге не керек?
Бейнеу-болашақта
Мен туған өлкеме не істей аламын?
XI. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
XII. Кері байланыс. Оқушылар сабақтан алған ойларымен бөлісіп,пікірлерін жазып алма ағашына жабыстырады.
«Бейнеу лицейі» Мемлекеттік мекемесі
Ашық тәрбие сағаты
« Елім деп, жерім деп соғар – жүрегім»
Дайындаған: Алдабергенова А.
2015-2016 оқу жылы
Ж.Қалдығараев атындағы орта мектеп