«Туризм негіздерімен танысу ж?не карталармен ж?мыс істеу» ?лкетану 7 сынып
Өлкетану 7 сынып күні 27.01.2015
4 апта 1 күн 2 сабақ
Сабақтың тақырыбы «Туризм негіздерімен танысу және карталармен жұмыс істеу»
( 2ші сабақ)
Жақын маңайдағы археологиялық ескерткіштер және тарихи нысандары, өлкенің ерекше қорғалатын аумақтары. Шарын шатқалы - баға жетпес табиғат ескерткіші.
Сілтеме Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер (Нұсқаулық 32-42 беттер), диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлануды дамыту ( Нұсқаулық 50-55 беттер, Александер 2001,2008: «Диалогты оқыту»)
Жалпы мақсаттар Білімділк: Оқушылардың өзінің туған өлкесінде жақын маңайдағы археологиялық ескерткіштер және тарихи нысандары, өлкенің ерекше қорғалатын аумақтары жайлы білімді терең меңгерту
Дамытушылық: 1) Оқушылардың баяндай білу, есте сақтау, ойлау қабілеттерін, картамен жұмысты дамыту. жеке тұлғаның бойында ізденушілік-зерттеушілік қасиетін, экспедициялық жұмыс дағдыларын қалыптастыру оқушылардың танымдық қызығушылықтарын тереңдету;
2) практикалық және интеллектуалдық дағды мен шеберлікті қалыптастыру және дамыту
Тәрбиелік: әр түрлі тәсілдермен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытатын өлкетану жұмысындағы кешенділікті сақтау: жалпы оқу біліктілігі мен дағдысын, байқағыштықты, ойлауды, қиялдауды, ғылымдарға деген сүйіспеншілікті, білімдарлықты және мәдени деңгейін, әдеби және пәндік тілді, бірнеше тілді меңгеруді, әр түрлі мамандық иелерімен, өзінен үлкен-кіші адамдармен қарым-қатынас дағдыларына икемделу, өз бетімен өмір сүруге және болашақтағы мамандығына психологиялық тұрғыдан дайындалу, моральдық-өнегелілік қасиеттерді, туған өлкеге және Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерді тәрбиелеу
Оқыту нәтижесі Оқушылардың өзінің туған өлкесіндегі Шарын шатқалы - баға жетпес табиғат ескерткіші жайлы білімдері тереңдейді.
Түйінді идеялар Оқушылардың көзден тыс қалған қасиеттерін анықтау, бағдарламаның модульдерін ұштастыра отырып, сабақты тиімді өткізу;
Топпен жұмыс істеу қабілеттілікғтері
Тақырып бойынша білімдерін анықтау
Сыни тұрғыдан ойлануға бағыттау
Диалог құру арқылы тапсырмалардың шешімін табу
Мәтін, атлас және кескін карта мен топтаса отырып жұмыс істеу қабілеттіліктерін анықтау
Блум таксаномиясы Жаңа тақырып:
Білу: өзінің туған өлкесінде жақын маңайдағы археологиялық ескерткіштер және тарихи нысандары
Түсіну: 2 Геологиясы, өзіне тән өсімдіктерімен жануарлары,
Қолдану: 3Мәтін, суреттер,атлас және дәптерлерімен жұмыс істей білуге, іздендіруге
Талдау: 4 Шарын Шатқалын видео және суреттер бойынша талдау
Синтез: 5. Шарын Шатқалын еліміз үшін маңыздығы
Жаттығулар Мәтін бойынша Не? Қашан? Кімдер? Қалай? Деген сұрақтарға жауап іздеу
Үйге үйреніп келуге Шарын Шатқалы туралы қызықты мәліметтер жинақтау
Бағалау
Кері байланыс
1.Мен білдім 2.Маған қиындық туғызды. 3.Мен үшін жаңа ақпарат. 4.Мені таңғалдырды. 5. Менің көңіл күйім Аты-жөні Мәтін мен жұмыс Диалогқа қатысуы Ойын қорғау Атлас және карта мен жұмыс Қорытынды баға
Сабақтың барысы: 2сабақ
Сабақтың құрылымы Мұғалімнің іс-әрекеті Берілген уақыт Оқушының іс-әрекеті
Топтастыру Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Табиғат деген сөзге синоним айтып топқа бөлу 3 мин Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Табиғат деген сөзге синоним айтып
топқа бөлінеді
«Ой қозғау»
Солтүстік Америкада орналасқан Колорадо каньоны туралы не айтар едіңдер? 5 мин Өз ойларын топ ішінде талдап, ойларын қорғайды
Топпен жұмыс
1Суреттер бойынша жазылған сөздерді сәйкестендіріңдер
2. Видеотаспаны талдау
3. Берілген мәтінді талдау, берілген картмен Шарын Шатқалына саяхат жасау
35 мин Идеяларын ортаға салу. Қорғау. Топ ішінде мәтінді талдап, атлас және карта мен жұмыс істелінді; бір-бірімен диалогқа түседі, ес картасын құрастырады
....................
Тексерілді
Шаттық шеңбері: «Тілек шамы»
Бүгінгі сабағымыз өз өлкемізге арналады. Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев өленімен бастайық
Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға, Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанға!
Жазы бар жалынмен жандырған,
Қысы бар аязға қардырған.
Көктемі - балауса, балдырған,
Ал күзі - алып бір ақ қырман,
Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған,
Күрең нан жаңа алған тандырдан.
Көлденең көлбеген көкжиек
Қыранның қанатын талдырған.
Сәйкестендіру: Берілген суреттер мен сөздерді бір бірі мен сәйкестендіру( коньон, жазық,таулар, аңғарлар, өзен, табиғат мүсіндері, тау жыныстар, ) Коньон деген сөзге түсінік беру
«Ой қозғау» Солтүстік Америкада орналасқан Колорадо каньоны туралы не айтар едіңдер? ( Суреттерін көрсету)
Жаңа сабақтың тақырыбы: Жақын маңайдағы археологиялық ескерткіштер және тарихи нысандары, өлкенің ерекше қорғалатын аумақтары. Шарын шатқалы - баға жетпес табиғат ескерткіші
Шарын Шатқалы видеосын көру Өлен оқу:
Аралай берсең қазақтыңбайтақ даласын,Таңғажайып табиғатынанзор ләззат аласың.Көргенде алғаш Шарынныңшимай шатқалын,Басқа ғаламшарда жүргендейбоп қаласың!
Мұнда ерекше таңның датарғыл атқаны,Тіпті, өзгеше күннің деайқыш батқаны.Ежелден «Қызғылтқамалдар» атанған,Ғажап өлке – Шарынның алуан түстішатқалы.
Шарын Шатқалы Ақпаратты талдау. Картасын жасау
Сергіту
Сематикалық картаны толтыру
Қандай? Қайда орналасқан? Пайдасы?
Ақпаратты талдау Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлары
Слайд көру
Кері байланыс: 1.Мен білдім 2.Маған қиындық туғызды. 3.Мен үшін жаңа ақпарат. 4.Мені таңғалдырды. 5. Менің көңіл күйім
Мәтін
Зор мән берсе табиғатқа адам баласы,Арта түсер еді ақыл-ой мен санасы.Шатқалында Шарынның ғана өседіКөненің көзіндей боп ерен ағашы, – деп өзіміз жыр еткен Шарын шатқалының тарихы бұдан 300 млн. жыл бұрынғы геологиялық замандардан сыр шертеді. Мұнда көне замандардан сақталған саналуан пішінді түрлі-түсті жартасты «қамалдарды» көз алдыңызға әкеліп қойғандай көрікті көріністерді елестетеді. Дүниежүзінде дәл сондай көріністерді тек Солтүстік Американың Колорадо штатындағы «Үлкен шатқал» алқабынан ғана кездестіруге болады. Жер бедерінің мұндай көрініске ұшырауы бұдан 12 млн. жыл бұрынғы жел мен су эрозиясының және мұздану дәуіріндегі табиғи құбылыстардың әсер ету ықпалынан пайда болғандығы байқалады.Шарын шатқалы Алматы қаласынан 193 шақырым қашықтықтағы Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Райымбек және Ұйғыр аудандарының аумағындағы Шарын өзенінің аңғарын бойлай оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 154 шақырымдық алқапқа созылады.Шарын шатқалындағы саналуан бедерлі көріністерді жергілікті тұрғындар ерте кездерде «Шайтан қала», кейіннен «Қызғылт қамалдар аңғары» деп атаған. Ондағы әр түрлі мүсін пішінді жеке жартастар «Сфинкс», «Мыстан кемпір», «Айдаһар», «Тас қапшық», т.б. аталады. Шатқалдағы түрлі пішіндегі «жартасты қамалдардың» өзен арнасынан биіктігі 150-300 метрге жетеді, ал өзен аңғарының ені 20-80 метрдей болып келеді.Шарын өзені Теріскей және Күнгей Алатауларынан басталып, Іле өзеніне құяды, оның ұзындығы 427 шақырым.Шарын шатқалындағы өзен аңғарында геологиялық замандардан сақталған реликті ерен ағашы шағын тоғай болып өседі. Бұл ерен тоғайы Орта Азия мен Қазақстан аумағында ғана сақталған өте құнды бірден-бір табиғат ескерткіші болғандықтан, 1964 жылы 19 наурызда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің №447-Р арнайы қаулысымен республикалық маңызы бар табиғат ескерткіші деп жарияланады.Ертедегі геологиялық замандардан бері өсіп келе жатқан ерен ағашының тоғайы қазіргі кезде дүниежүзінің екі аймағында ғана сақталған. Оның бірі Шарын өзенінің аңғарында болса, ал екіншісі Солтүстік Американың Невада штатындағы «Гранд» шатқалында ғана өсетіні белгілі.Ерен ағашының қазақша атауы туралы бір-біріне сәйкес келмейтін пікірлер бар. Қазіргі кезде жарық көрген сөздіктер мен кейбір мақалаларда ерен ағашын көбіне «шаған», кейде «шетен», «шеген», тіпті, «шынар» деп те атайды. Мұның бәрі де шындыққа сәйкес келмейді.«Ерен» бұл өңірде өсетін орысша «ясень» ағашының қазақша ежелгі атауы екендігін қаламы қарымды, әрі табиғат жайлы өте құнды мақалалар мен кітаптар жазып жүрген осы өңірдің тумасы, көрнекті журналист Жанболат Әлиханұлы (Аупбаев) бірнеше рет баспа беттерінде ерен ағашы атауының бұрмаланып, басқаша жазылып жүргендігі туралы ашына отырып, биолог-ғалымдарға ескерту жасағаны да белгілі:«…Онда (Шарын шатқалында Р.С.) темір сияқты өте қатты, ыстық температураға шыдамды ағаш өседі. Оны биолог-ғалымдар Шарындағы шетен (ясень) тоғайы деп жүр. Біздіңше, бұл – дұрыс емес, қате атау. Себебі, шетен ағаштардың ішіндегі ең жасығы. Оның әлсіздігі сондай, егер қазық жасап жерге қақсаңыз, жартысынан морт кететін ол, соққы тиген сайын бой-бой болып сөгіліп, шытынап кетеді. Бала күнімізде Сарытоғайдан әкелген жоғарыдағы темір ағашты аталарымыз бен әкелеріміз: «Бұл – ерен ағашы (сызған біз Р.С.). Оны өзен көпірінің астындағы тіреуішке қойсаң шірімейді, үйдің төбесін жабарда белағашқа пайдалансаң сынбайды», – деп отыратын. Шарын шатқалындағы ерен тоғайы өскен алқап 5 014 гектар (кейбір деректерде 4 855 га) аумақты қамтиды. Ерен тоғайы Шарын өзенінің аңғарында теңіз деңгейінен 650-750 метр биіктіктегі алқапта өседі.Ерен ағашы өсімдіктердің зәйтүндер тұқымдасына жатады. Оны ғылыми тілде «соғды ерені» (Fraxinus sogdiana) деп атайды. Ол ылғал сүйгіш ағаш болғандықтан, өзен аңғарын бойлай өседі. Ағаштың діңі темір сияқты өте қатты әрі салмақты болғандықтан, суға батып кетеді. Оны балтамен ұзыннан шауып сындыру мүмкін емес, тек көлденеңінен аралап кесуге болады. Діңі тік өсіп, биіктігі 20-25 метрге дейін жетеді. Тамырлары жердің беткі тұзды қабатынан өтіп 4-5 жылда 1,5 метр тереңдікке дейін тарайды.Шарын шатқалындағы ерен ағашы «Сарытоғай» деп аталатын алқапта шоғырланып, тоғай болып өседі.Ерен ағашының жасыл желекті көрінісі алыстан бірден көзге түседі. Ол тұқымы арқылы көбейеді, әрі өте баяу өседі де, ұзындығы 2 метр биіктікке жеткеннен кейін өсуі жылдамдап, 30 жылда 5 метрге, 70 жылда 18 метрге, ал 300 жылда биіктігі 20-25 метрге жетеді. Ең ірі ерен ағашының діңіне 7 адамның құшағы әрең жетеді.Шарын шатқалындағы ерен ағашының азаюына, негізінен, өзендегі су деңгейінің төмендеуі, мал жаю, өрт шалу және бейберекет қырқу жағдайлары әсер ететіні белгілі.Шарын шатқалының тарихи ландшафтылық, геоморфологиялық, эстетикалық, экологиялық құндылықтары мен ондағы биологиялық алуан түрлілікті сақтап қалу, қорғау және қалпына келтіру мақсатында бұл алқапта 2004 жылы 24-ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №213 арнайы қаулысымен Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы ұйымдастырылды. Оның жер көлемі алғашында 93 150 гектар алқапты қамтыса, ал 2010 жылы жер көлемі кеңейтіліп, 127 050 гектар алқапқа жетті.Шарын ұлттық табиғи саябағының аумағында өсімдіктердің 940 түрі өсетіні анықталған және оның 23 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына (1981) тіркелген.. Мұнда эндемик және сирек кездесетін өсімдіктердің 60 түрі кездеседі. Көне замандардан өсіп келе жатқан түрлерге – тораңғы ағашын, Іле сасырын, зинаида шөлмасағын және михельсон кермегін атауға болады. Эндемик түрлерден – недзвецкий кекіресі, сөгеті сасыры, жартас далазығыры өте сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабына (1981) тіркелген.Шарын ұлттық табиғи саябағының аумағы жануарлар дүниесіне де бай алқап саналады. Мұндағы омыртқасыздардың түр құрамы толық анықталмаған.Омыртқалы жануарлардан ұлттық табиғи саябағының аумағында балықтың – 10 түрі, қосмекенділердің – 4 түрі, жорғалаушылардың – 18 түрі, құстардың – 111 түрі және сүтқоректілердің – 32 түрі кездеседі.Балықтардан – Іле шармайы Қазақстанның Қызыл кітабына (2010) тіркелген.Қосмекенділерден – қызылаяқ бақа мен певцов (Даната) құрбақасы өте сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабына (2010) тіркелген.Жорғалаушылардан – ұлттық табиғи саябақ аумағында кесірткенің – 10, жыланның – 8 түрі таралған. Олардан шұбар бат-бат кесіртке Қазақстанның Қызыл кітабына (2010) тіркелген.Құстардың табиғи саябақ аумағында сирек кездесетін түрлеріне – қарақұс, жыланжегіш, сақалтай, қара дегелек, бидайық, үкі, ителгі, жұртшы, бүркіт, дуадақ, т.б. атауға болады.Сүтқоректі жануарлардан – Қазақстанның Қызыл кітабына (2010) – қарақұйрық, ақтөс сусар, шұбар күзен, сабаншы, кәмшат тіркелген.Шарын ұлттық табиғи саябағы аумағынан геологиялық замандарда кеңінен таралған, кейіннен жойылып кеткен өсімдіктер мен жануарлардың (піл, мастодонт, мүйізтұмсық, стенон жылқысы, т.б.) қазба қалдықтарының танымдық маңызының зор екендігіне дәлел бола алады.Шарын ұлттық табиғи саябағында экологиялық туризмді дамытуға экологиялық білім мен тәрбие беруге және табиғатты қалпына келтіруге ерекше көңіл бөлініп, көптеген игілікті шаралар қолға алынған.