«Т?уелсіздік тарих ?ойнауынан»атты та?ырыпта Семей ?аласыны? тарихи-?лкетану м?ражайына САЯХАТ


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей көп салалы колледжі
1990090252095
«Тәуелсіздік тарих қойнауынан»
атты тақырыпта
Семей қаласының тарихи-өлкетану мұражайына
САЯХАТ
Семей, 2016
Губернатордың бұрынғы үйі, тарихи-өлкетану мұражайы
Семей – тарихы тереңнен бастау алатын, сәулетті ескерткіштерімен ерекшеленетін қала. Қала тұрғындары қойнауы құнды деректерге толы туған қаласының тарихын және тарихи-мәдени ескерткіштерін қастерлеп құрметтейді, аялап сақтайды.
Семей тарихына үңілсек, қатпарлы жылдар қойнауына, әртүрлі дәуірлер тұңғиығына кіреміз. 1776 жылы салынған Ямышев қақпасының үлкен аркалары, шатырлы төбесі, карнизінің түрі қарапайым суретімен және қабырғаларының екі метр қалыңдығымен, он метр тереңдігімен таң қалдырады. Осы қақпаның құлпы тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы. Қала қамалының қақпасы өткен тарихымыздың белгісіндей ескерткіші болса, ХVIII-XIX ғасырлар арасында салынған төрт мешіт, екі шіркеу, әйелдер шіркеуі және часовня қазіргі заманға сай жаңа мазмұнда жұмыс істеп, қаламыздың тарихи келбетін көрік беруде. Солардың ішінде, губернатордың бұрынғы үйі (қазіргі тарихи-өлкетану мұражайы), екі мұнаралы және бір мұнаралы мешіт, Тыныбай мешіті, Қытай Консулдығы (қазіргі «Бинар» қонақ үйі), ерлер гимназиясы (қазіргі Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университеті) орналасқан ғимараттар өткеннен қалған тарихи орындар.
297497524765Семей өлкесінде алғашқы өлкетану орталығы ретінде 1902 жылы құрылған Императорлық Орыс Географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің жүргізген географиялық, археологиялық, тарихи, статистикалық зерттеулері мен еңбектері өлшеусіз. Семей мен Шыңғыстау да бір-бірінен ажырамас тарихи ұғым. Бұл жерде ұлы ақын Абай, ойшыл Шәкәрім, қазақты әлемге танытқан жазушы М.Әуезовтей ұлыларды дүниеге әкелген Жидебай, Бөрілідегі мұражай қорықтарының кейінгі ұрпаққа берер тарихи-тағылымы мол.
2222564770Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғимараты XIX ғасырдың 50-жылдарында, шамамен, 1856 жылы генерал-губернатор Проценконың бұйрығымен салынған. Сәулетшісі белгісіз. Революцияға дейін бұл үйде әскери губернатор тұрған. Совет өкіметі орнағаннан кейін бұл ғимарат Бостандық үйі деп аталған. Мұнда Семей қаласының алғашқы Совдепі орналасқан. 1918 жылғы 11 маусымда Семейде контрреволюциялық бүлік шықты. Ақ гвардияшылардың терроры кезінде ғимаратта ақ гвардияшы әскерлер орналасты. Совет өкіметі қалпына келтірілгеннен кейін, бұл ғимаратта шаруалар корпусының саяси бөлімі, одан соң Семей әскерлер тобының штабы орналасты.
1923-28 жылдары ғимаратта РКПБ губерниялық комитеті жайғасты.
1930-38 жылдары Қазақстан КПБ облыстық комитеті жұмыс істеді, 1975-78 жылдары ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілген.
1977 жылғы қазаннан бастап мұнда тарихи-өлкетану мұражайы қоныс тепті. Ғимараттың бастапқы бет-бейнесі өзгертілген, парадты есігінің орны ауыстырылды, едені мен терезелері қайта салынды. Үшінші залда қалың сылақ қабатының астынан әртүрлі ракурстағы Феникс құсын бейнелеген фрескалар табылды.