?лкетану п?нінен саба? жоспары А?су ?аласыны? тарихы


Пән: ӨлкетануСабақтың тақырыбы: Ақсу қаласының тарихы туралыСабақтың мақсаты: «Менің қалам» тақырыбы бойынша Білімділік: білімдері мен түсініктерін кеңейту, көмекші есімдерді практикалық жолмен меңгерту. Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру; оқушылардың дүниетанымын кеңейту; ауызша ойлау мен сөйлеу қабілетін дамыту; сөз тіркестерін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру; Тәрбиелік: туған жеріне деген сүйіспеншілігін, туған қаламызға патриоттық мақтаныш сезімін туғызу, бір-біріне көмек беруге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. а) Сәлемдесу. б) Оқушыларды түгендеу. в) Сабақтың тақырыбын және мақсатын қою. Тілдік ортаға кіру. Біз қай Республикада тұрамыз? Біздің ауылға жақын қай қала? Бүгін аптаның қай күні? Сәрсенбі қандай күн? Сонымен, біз қай қалада тұрамыз?II. Ақсудың тарихы Екібастұз ауданының тас көмірі кені ашылуымен тығыз байланысты. 1897 жылы Екібастұздан 109 шақырымдық темір жолының құрылысы басталды. Воскресенск темір жолы болашақ қаланың аумағынан өтті. Жолдың Ертіспен қиылысатын жерінде кемежай пайда болды, екі кент: әкімшілік және жұмысшы дами бастады. Көшіп келіп жатқан жұмысшылар жергілікті материалдардан: саз балшықтан, қамыстан және сабаннан өздеріне тұрғын үй сала бастады. Жаңа жүзжылдық басында № 5 қазақ ауылымен қатар Қызыл-Шырпы шатқалында Глинка деп аталатын саз балшықтан соғылған үйлерден кішкентай қоныс пайда болды.
Глинканың халқы біртіндеп, әсіресе қырғыз және сібір даласына келімсектер саулаған 1906 жылғы революциялық көтерілістерден кейін қарқынды ұлғая түсті.
1911 жылы жұмысшылр кентінің халқы 1000 адамға дейін өсті. 1913 жылы Глинка кентіне дала өлкесі губернаторының жарлығы бойынша Ермак аты берілді.Осылай Воскресенск кемежайы Глинка кентімен Ермак кенті болып ата бастады.
1917 жыл Ермакқа жаңа тәртіптер әкелді. Ермактағы жағысжай жанындағы алаңда айуандықпен өлтірілген Екібастұз Халық шаруашылығы кеңесінің бірінші комиссары Царев Степан Иванович бандылардың құрбаны болды.
Ермакта Кеңес өкіметі Павлодар халық комиссарлары кеңесі ұйымдастырылғаннан кейін 1919 жылдың қарашасында орнады. 1922 жылға дейін Павлодар уезінің болыс орталығы болды, санаққа сәйкес кентте 1289 адам тұрды, 1938 жылы Ермак ауылы орталығы бола отырып, Каганович ауданы құрылды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1961 жылғы 23 қазандағы Жарлығымен Ермак кентіне қала мәртебесі берілді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1993 жылғы 4 мамырдағы ТН № 2189-ХІІ Қаулысы негізінде Ермак қаласы Ақсу қаласы болып қайта аталды.
III. Сұрақ –жауап арқылы білімдерін тексеру.IV. Балалар білімін бағалау. V. Үйге тапсырма.